Репликацияның, репарацияның, рекомбинацияның генетикалық үдерістердің қателері. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім 11.2D Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Репликацияның, репарацияның, рекомбинацияның генетикалық үдерістердің қателері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушылар орындай алады:

11.2.4.1 - мутациялардың дезоксирибонуклеин қышқылы

репарациясы, дезоксирибонуклеин қышқылы рекомбинациясы, дезоксирибонуклеин қышқылы репликациясы арасындағы байланысын табу

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

Мутация, ДНҚ репарациясы, ДНҚ рекомбинациясы және ДНҚ репликациясы терминдеріне анықтама беру.

Мутацияның әртүрлі түрлерін қайталау.

Мутациялардың ДНҚ репарациясы, ДНҚ рекомбинациясы, ДНҚ репликациясы арасындағы байланысын табу.

Бағалау критерийлері

Оқушылар орындай алады:

Бағалау критерийлері:

генетикалық материалдың мутациясын тудыратын мутагендер анықтайды;

мутациялардың ДНҚ репарациясы, ДНҚ рекомбинациясы, ДНҚ репликациясы арасындағы байланысын анықтайды

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: келесі терминдерге анықтама бере алады: мутация, ДНҚ репарациясы, рекомбинация, репликация

Пәндік лексика мен терминология:

Мутация, ДНҚ, репарация , рекомбинация, репликация, мутагендер,

Мисмэтч репарациясы, Эксцизионды репарация, ДНК-хеликаза, Днқаза, ДНҚ-полимераза, ДНҚ-лигаза

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Генетикалық мутацияға қандай факторлар әсер етеді…………,

Генетикалық материалдың өзгеруіне қарай мутация қандай түрлерге жіктеледі....................................

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушылардың бойында келесі құндылықтарды академиялық адалдығын, жауапкершлігі мен көшбасшылығын, ұжымда жұмыс жасау қабілеттерін дамытуға бағытталады.

Пәнаралық байланыстар

Медицина: мутациялардың салдары.

Химия: нуклеотидтер, байланыстар

Алдыңғы білімдер:

Молекулалық биология: 10 сынып (ДНҚ құрамы)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Ой қозғау. Өткен сабақ пен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында ДНҚ репарациясы, ДНҚ рекомбинациясы және ДНҚ репликациясы үрдістерін және әртүрлі генетикалық мутациялар туралы жалпы менталдық карта жасау.

ФО: бірлескен талқылау. Мұғалімнің ауызша кері байланысы

Тақта, маркерлер

Сабақтың ортасы

20 минут

11 минут

Мағынаны тану:

  • Оқушылардың алдағы жаңа тақырыпты түсінуіне көмектесу үшін, оқушыларды 3 топқа біріктіру:

Әр топ белгілі бір тапсырманы орындайды.

1 топ (аудиалдар) – ДНҚ молекуласының репликациясы, рекомбинациясы және репарациясы туралы бейнебаян және осы үрдісті туындайтын мутациялардың әр түрлі түрлерін қарайды.(кемінде 3 мутация) жоғары деңгейдегі 5 сұрақты құрайды (талдау, синтез, бағалау) немесе емтихан сұрақтарының мысалдарын қолдануға болады.

Мәліметтерді талдайды, сұрақтарды құрастырады.

2-топ (визуалдар) - ДНҚ молекуласының репликациясы, рекомбинациясы және репарациясы мен мутациялар туралы ақпаратпен жұмыс жасайды. Содан кейін мәліметтерді талдайды қағаз үлгісін/қағаз бетіне суреттер үлгісін (модель) жасайды.

3 тобы (кинестетиктер) – анимация жасайды

Windows Movie Maker және т. б. Анимация жасау кезінде мутациялар мен ДНҚ репарациясы, рекомбинациясы және репликациясы арасындағы барлық кезеңдерді суретке түсіріңіз. Мәліметтерді талдайды, анимация жасайды.

Жұмысты қорғау

Формативті бағалау: БК бойынша өзін-өзі бағалау

Бағалау критерийлері:

* генетикалық материалдың мутациясын тудыратын мутагендер көрсетіледі;

* ДНҚ репарациясын, рекомбинациясын және репликациясын бұзатын мутациялық процестер көрсетіледі;

Дифференциация: ақпаратты қабылдау қабілеті бойынша.

Сабақ барысында мұғалім оқушыларға жетекші сұрақтар, кеңестер арқылы қолдау көрсетеді.

Мәтіндік материал

Ұялы телефондар, құлаққаптар

Репликация ДНҚ https://www.youtube.com/watch?v=BmAq-EolVCc

Репараци ДНҚ https://www.youtube.com/watch?v=X7rMnoUb2sQ

А3 форматты парақтар, маркерлер, қайшы, желім

Ұялы телефондар, пластилин, түрлі-түсті қағаз, желім, скотч, қайшы

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия Рефлексия"+, -,?

"Оқушылар стикерлерде жазады:

"+"- сабақта не білді?

"- "- сабақты жақсарту бойынша ұсыныстар

"?"- сұрақтар

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақтың ой-қозғау бөлімінде әр түрлі деңгейде жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктеріне сәйкес жақын арадағы даму аймағы анықталады. Оқушылардың алған білімдерін тексеру барысында оқушылардың қабілеттері ескеріле отырып әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қойылады.

Сабақтың ой қозғау бөлімінде менталдық карта құрастырады. Бірлескен талқылау жасалады. Топтық жұмыстарда бағалау критерийлеріне сәйкес бағалайды. Өзара бағалау жасайды.

Сыныпта қозғалу барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу