Сперматогенез және оогенез арасындағы айырмашылықтар. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақ өткізу бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық

 

 Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

 

Гаплоидты гаметалар жыныс бездерінің диплоидты жасушаларынан түзіледі. Еркектің аталық безі және әйелдің жұмыртқаларының жасушаларында да денеміздегі барлық қалған жасушалардағыдай диплоидты хромосомалар жиынтығы болады. Жыныс бездерін шартты түрде төрт аймаққа бөлінеді:

  • Көбею аймағы – онда митоз өтеді және жыныс бездерінің диплоидты жасушалары көбірек болады.
  • Өсу аймағы – митоз және мейоз аралығындағы интерфаза кезеңі, бұл кезеңде ДНҚ матрицалық жолмен өздігінен көшірмелену әдісімен екі еселенеді. Осы аймақтың соңында әрбір диплоидты жасушаның құрамында 2 хроматидтен тұратын хромосома болады, яғни ол бөлінуге дайын тұрады.
  • Пісіп жетілу аймағы – мейоз жүреді, соның нәтижесінде жыныс безінің, диплоидты аналық жасушасынан қосылуға, яғни ұрыктануға жарамды хромосомалар жинағы бар төрт гаплоидты жасуша қалыптасады.
  • Қалыптасу аймағы – сперматозоидтардың құйрығы қалыптасып, ядро жасушасының ұшына орнын ауыстырады; жұмыртқажасушаның қабығын еріту үшін ядроның алдына лизосомалар жинақталады; құйрық негізіне митохондриялар жиналып, оның қозғалысын жеткілікті мөлшеріндегі АТФ қамтамасыз етеді. Цитоплазманың жұмыртқажасушаларында коректік заттар қоры жинақталады. Екі сперматозоидтың бірден енуіне кедергі келтіру үшін оны «сәулелі тәж» түзетін қосалқы жасушалар тобы қаптайды.

Овогенез (ovogenesis, лат. ovum — жұмыртқа, genesis — шығу тегі)— жұмыртқа жасушасының даму үдерісі. Овогенез көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен тұрады. Көбею кезеңінде сарыуыз қапшығы энтодермасынан аналық жыныс безі бастамасына қан арқылы келіп орналасқан алғашқы жас жыныс жасушалары — гоноциттер митоз арқылы көбейіп, овогонияларға айналады. Бұл процесс адам, сиыр, қой, ешкі, шошқа ұрықтарында тек іштегі эмбриондық кезеңде ғана, ал жыртқыш жануарларда туғаннан кейін де жүреді. Өсу кезеңінде овогониялар біріншілік овоциттерге айналады. Біріншілік овоциттер ядроларының жетілу деңгейі бірінші мейоздық бөліну профазасының алғашқы сатысындағы даму кезеңінде болады. Овоциттер фолликулалы жасушалар қабығымен қапталып, жұмыртқалықтың өсуші фолликулдарына айналады. Біріншілік овоциттер осы күйінде жұмыртқалықта овуляция кезеңіне (көпіршікті фолликулдың жарылуына) дейін сақталады. Үшінші жетілу кезеңі, яғни біріншілік овоциттердің I және II мейоздық бөлінуі, овуляция алдында немесе овуляция кезінде жүріп, өздерінен I және II бағыттаушы денешіктер (полоциттер) бөліп, екіншілік овоциттерге, одан соң пісіп жетілген овоцитке (жұмыртқа жасушасы) айналады. Жетілген овоциттердің ұрықтануға бейімділігі 24 сағатқа ғана созылады, содан соң ұрықтануға жарамай, ыдырай бастайды.

Сперматогенез (sperma — шәует, genesis — шығу тек) — еркек жануарлардың жыныс безінде жүреді. Бұл процесс кезегімен өтетін төрт кезеңнен: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезеңдерінен тұрады.

Сперматогенездің көбею кезеңіңце гаметобласттардан жетілген жас жыныс жасушалары — сперматогониялар еннің ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында, өздерін қоршаған тіректік торшалардан (сустентоциттерден) тиісті қоректік заттарды қабылдап, митоз арқылы бөлініп үздіксіз көбейеді.

Олар дөңгелекше келген ұсақ ядролы шағын жасушалар. Сперматогония ядросында хроматинге бай хромосомалардың дигогоидты (2п) жиынтығы болады. Сперматогенездің өсу кезеңінде сперматогониялар өсіп, терфазаның S кезеңіндегі қорлану процесіне сәйкес ДНК, мен протеиндердің мөлшері екі есе көбейіп, олар көлемі жағынан ұлғаяды. Сперматогониялардың біріншілік сперматоциттерге айналуы кезінде, олардың ядроларындағы хромосомалар мейоздың ең ұзак бірінші кезеңі — профазадағы лептотен зиготен, пахитен және диплотен сатылардан өтіп, олардың құрылысында күрделі кұрылымдық өзгерістер жүреді.

Сперматогенездің жетілу кезеңінде — диакинездің нәтижесінде әрбір біріншілік сперматоцит екіге бөлініп, олардың әрқайсысынан екі екіншілік сперматоцит пайда болады. Олар жедел бөлінеді де, нәтижесінде бір екіншілік сперматоциттен екі сперматидалар пайда болады. Сперматидалардың ядроларында хромосомалардың гаплоидты (п) жиынтығы болады. Сперматогенездің қалыптасу кезеңінде сперматидалардан сперматозоидтар калыптасып жетіледі.

Шәуеттүзілу (сперматогенез); (spermatogenesis, грек, sperma — ұрық, genesis — даму, түзілу) аталық жыныс жасушаларының еннің ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларындағы даму процесі. Сперматогенез көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезеңдерінен тұрады.

Сперматогенез қалыптасу үдерісі - кезеңімен емесе спермиогенезбен аякталады. Хромосомалардың жылдам ширатылуының нәтижесінде сперматид ядролары тығыздалады, олар функционалды енжар болады. Пластинкалы кешен ядроның бір полюсіне орын алмастырып, акро- сомды аппарат түзеді. Ол сперматозоидтің жасушасына енуінде үлкен рөл атқарады. Центриольдер ядроның карама-қарсы полюсінде орналасады және олардың біреуінен талшық өсіп шығады, оның түбіне митохондрия орамдалған қапшық түрінде шоғырланады.

http://biologylib.ru/books/item/f00/s00/z0000012/st125.shtml сайт материалдары бойынша

Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

 Сабақта топтық жұмыс кезінде оқушылардың сыныпта қозғалу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауға назар аудару қажет. Сыныпта тұрған жабдықтарды есепке ала отырып, оқушылармен қауіпсіздік техникасы ережелерін талқылаңыз.

 Топтық жұмыс кезеңінде сынып бойынша оқушылардың еркін қозғалуын қамтамасыз ету керек.

 

Саралау тапсырмалары

Мәтін/бейне жұмыс. Аннотацияланған диаграммаларды бейнеден үзінді көру барысында толтырып, оқушылар гаметогенез кезеңдерін анықтай алады. Оқушылар сперматогенез бен оогенез арасындағы айырмашылықты табуы маңызды.

 Тапсырмаларға критерилер, сабаққа қосымша материалдар.

 Сүтқоректілердің гаметалары мейоз нәтижесінде түзіледі және аталық және аналық гаметалар қосылу арқылы зигота пайда болады. Гаметалардың мейоз жолымен түзілуінің маңызын түсіндіріңіз.

1) гомологиялық хромосомалар арасындағы кроссинговердің арқасында генетикалық құрамы жаңартылған хромосомалар пайда болады;

2) гаметаларда жаңа генетикалық ақпараттар қалыптасады: себебі, гомологиялық хромосомалар бірінші мейоздық бөліну аналық хромосома және аталық хромосомалардың ақпараттарына иеленеді.;

3) ұрықтандырғаннан кейін гаплоидты гаметалар (1п1с) түрге тән хромосома санымен диплоидты ядро жасайды.

Сілтемелер мен ресурстар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу