Сперматогенез бен оогенездің айырмашылықтары. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақжоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 11.2В Көбею | Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Арапбаева Ұ.Б. | |||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Сперматогенез бен оогенездің айырмашылықтары. | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 11.2.1.2 сперматогенез бен оогенездің айырмашылығын түсіндіру | |||||||
Сабақ мақсаттары: | Оқушылар:
| |||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтын құрылымдық компоненттерін суреттен дұрыс анықтайды. Дұрыс жауаптарымен салыстыра отырып өзін өзі бағалайды, қажет болған жағдайда түзету енгізеді. Оқушылар топ құра отырып дискрипторға сәйкес жұмыс жасайды. Мұғалім қолдаушы сұрақтар қоя отырып оқушылардың берілген мәліметтерді меңгеруін анықтайды. Қалыптастырушы бағалау арлықлы сурет және кестемен жұмыс жасайды, дискриптор арқылы бағаланады. | |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқытудың тілдік мақсаты: - «сперматогенез», «оогенез» түсініктерін жазбаша түсіндіру Пәндік лексика және терминология: гаметогенез, сперматогенез, оогенез, сперматогония, сперматоцит,екіншілік сперматоциттер, сперматида,қоректік заттар (ДНҚ, нәруыздар) овогония, біріншілік овоциттер, екіншілік овоциттер, пісіп жетілген овоциттер (жұмыртқа жасушалары), фоллиукала аймағы, өсу, пісіп жетілу, көбею, митоздық бөліну, қалыптасу фаза, бағыттаушы денешік,гаплоидты хромосомалар Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы Сперматогенез келесі кезеңдерден тұрады: …, …, …. . Овогенез кезеңдері: ...,...,... . Гаметалар …. хромосома жиынтығынан тұрады. Сперматозоидтардағы талшықтардың пайда болуы ... кезеңде жүреді. Жыныс бездерінде ғана болатын герментативті эпителий түзіледі… . Біріншілік ооцит .... көмегімен бөлінеді және келесі жасушаларды .... түзеді. | |||||||
Білім беру құндылық тары | Топтық жұмыс істеу ынтымақтастық, достастық қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді. Ашықтық өзін еркін ұстауға, өз ойын жеткізе білуге үйретеді. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Бұл бөлімде оқушылардың әр түрлі пәндер бойынша білімдері тексеріледі және кеңейтіледі. Медицина және химия пәндерімен байланыстырылады. | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Шағын презентация. Оқушыларға белсенді оқыту тақтасымен суреттік тапсырмалар көрсету. | |||||||
Бастапқы білім | Көбею: 7-10 кластар Гаметогенез:10 класс Жасушалық цикл:10 класс | |||||||
Сабақбарысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурс тар | ||||||
Сабақтың басы 0-7 минут Сабақтың ортасы 8-14 минут 15-28 минут 29-37 минут 38-40 минту | Сәлемдесу. Ұйымдастыру кезеңі: (W) Сергіту сәті. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, ынтымақтастық атмосферасын құру үшін «Белгісіз басшы» әдісі қолданылады. Ол үшін бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қалғандары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа адаммен ауысады. (Т) Миға шабуыл сұрағы: - Көбею дегеніміз не?(барлық тірі организмдердің өсіп өнуін белгілі бір түрдің сақталуын қамтамасыз ететін күрделі биологиялық процесс) - Гаметогенез қандай кезеңдерден тұрады?(Көбею, өсу, пісіп жетілу және қалыптасу) - Жұмыртқа жасушасы және сперматозоид қайда түзіледі? (аналық безде және аталық безде) - Бұл үдерістер бір-бірінен қалай ерекшеленуі мүмкін?(оқушылар өздері білетін мүмкін болжамдарды айтады) Сұрақтарға жауап мадақтау арқылы бағаланады. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты осы сабақтың бағалау критерилері тақтада көрсетіледі, оқушылар дәптеріне жазып алады. (G)Оқушыларға сперматозоид пен жұмыртқа жасушасының құрылысы проектр арқылы «мылқау» суреттері көрсетіледі және оқушыларға таратылып беріледі(қосымша 1). Оқушыларға жұпта жұмыс жасай отырып олардың құрылысының компоненттерін жазуды ұсыныңыз. Оқушылар тапсырманы орындап болғанан кейін тақтада дұрыс жауабы көрсетіліп оқушылар өзін өзі бағалайды. Қажетті түзетулер болса енгізеді. Тапсырма дискрипторы:
(G) "Джигсо" әдісі. Оқушыларды көбею, өсу, пісіп-жетілу және қалыптасу деген жасырын парақшалар арқылы топқа бөледі. Оқушыларға жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтың құрылыс компоненттерінің қызметі туралы ақпараттық мәтіні бар парақшалар таратылады(қосымша 2). Оқушылар алдымен топта өзара мәтінді талқылап, содан кейін әрбір топтан өкілдер өзге топтармен өзара мағлұмат алмасады. Кейін қайтадан бастапқы топқа келіп өзге топтардың жинақтаған мәліметтерін қолдана отырып талқылау өткізеді. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қоя отырып топтардың мәліметтерді қаншалықты меңгергенін бағалайды. Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылар мадақтау сөздермен бағаланады. Тапсырма дискрипторы: -жұмыртқа жасушасының құрылым компоненттерін оның қызметімен байланыстырады; -сперматозоидтың құрылым компоненттерін оның қызметімен байланыстырады; - құрылым копмоненттерінің қызметінің маңызын түсіндіреді. Жаңа тақырыпты бекіту. Оқушылардын қалыптастырушы бағалау алынады(қосымша 3). Тақтада тапсырма жауабы көрсетіліп оқушылар жасыл сиямен өзге сыныптасының жауабын тексеру арқылы өзара бағалау жүргізеді.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:KWL. -Мен білемін. -Мен білдім. -Мен білгім келеді Оқушылар өз жауаптарын стикерге жазып тақтаға іліп кетеді. Үй тапсырмасы: тақырыпқа байланысты постер/комикс құрастыру | Презентация Қосымша 1. Қосымша 2. Оқулық. Қосымша 3. | ||||||
Саралау | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Барлық оқушылар:сперматозидтын пен жұмыртқа жасушасының құрылысын және оның қызметін біледі; Қатысушылар дың көпшілігі: жыныс жасушаларын өзара салыстырып айырмашылық тарын түсіндіріп бере алады; Кейбір оқушылар:Жыныс жасушалары құрылысының биологиялық маңызын түсіндірі береалады. |
| Денсаулық сақтау технологиялары.
| ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||
1./ 2. 3. |
G = топтық жұмыс
I = жеке жұмыс
E = оқушының тәжірибесі
D = мұғалімнің көрсетуі
Т = мұғалімнің түсіндіруі
= қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?