Адам гаметогенезінің сатылары. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Көбею

Мектеп: Шымкент қаласы, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Есенова Г.С

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Гаметогенез сатылары

Сабақ оқу мақсаты:

адам гаметогенезінің сызбасын талдау

Сабақ мақсаты:

  • Гаметогенез сызбасын дұрыс құрастыру;
  • Көбею, өсу, пісіп жетілу және қалыптасу кезеңдерін дұрыс жазу;
  • Гаметогенездің кезеңдерінде митоз, мейоздың жүзеге асырылуын дұрыс көрсету;

Бағалау

критерийлері

Оқушылар:

  • Гаметогенездің сызбасын ретімен дұрыс құрастырады; /оогенез,сперматогенез/
  • Көбею, өсу, пісіп жетілу және қалыптасу кезеңдері дұрыс жазылады;
  • Гаметогенездің қай кезеңдерінде митоз және мейоз жүзеге асырылатынын дұрыс көрсетеді

Талдау арқылы оқушының қолдану, талқылау дағдысы дамиды.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология;

«сперматогенез», «оогенез» түсініктерін жазбаша түсіндіру

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

гаметогенез, сперматогенез, оогенез, сперматогония, сперматоцит, екіншілік сперматоциттер, сперматида, қоректік заттар (ДНҚ, нәруыздар) овогония, біріншілік овоциттер, екіншілік овоциттер, пісіп жетілген овоциттер (жұмыртқа жасушалары), фоллиукала аймағы, өсу, пісіп жетілу, көбею, митоздық бөліну, қалыптасу фаза, бағыттаушы денешік,гаплоидты хромосомалар

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Сперматогенез келесі кезеңдерден тұрады: …, …, …. .

Овогенез кезеңдері: ...,...,... . Гаметалар …. хромосома жиынтығынан тұрады.

  Білім беру

 құндылықтары

 

 

Жұппен жұмыс істеу ынтымақтастық, достастық қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді. Талдау жүргізу арқылы алған білімдерін қолдана отырып, өмір бойы білім алуға үйренеді.Осылай мектеп құндылықтары үнемі сабақ барысында көрініс алады.

Пәнаралық байланыстар

Адамның гаметогенез кезеңдері, сперматогенез бен оогенездің арасындағы айырмашылықтар қарастырылады. Ғылыми/академиялық тілде жазылған тілдік дағды дамиды.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын презентация.

Бастапқы білім

Көбею: 7-10 кластар

Гаметогенез:10 класс

Жасушалық цикл:10 класс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 минут

11-- 21 минут

Сабақтың ортасы:

22-32 минут

33- 36 минут

Сабақтың аяғы:

37-45 минут

Ұйымдастыру кезеңі: Миға шабуыл ой қозғау.

Сперматазод пен жұмыртқа жасушаның суреті көрсетіледі.

Бұл қандай жасуша?

Жыныс жасушалары қандай мүшелерде дамиды?

Бұл кезде қандай жасушаның бөлінуі жүреді?

Мұғалім сыныпта дұрыс түсініктемелер қалыптасты ма әлде ауытқулар бар ма? Әр оқушының берген жауабын мұқият қадағалап, дұрыстауға мүмкіндік беру арқылы оқушылардың жауабына кері байланыста мыналар қарастырылады.

  • Не дұрыс екендігін оларға нақты айту
  • Оларға бұл неге дұрыс екендігін айту
  • Оларға жетілдіру үшін нақты тармақтарды ұсыну

Миға шабуыл сұрақтары арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты ашылады. Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты және мақсатты жазып алады.

(Жж/ Ж) (ҚБ) Оқушылар гаметогенез туралы бейнебаян көреді.

Бейнебаян №1

Бейнебаянды көре отырып «ИНСЕРТ» кестесін толтыру ұсынылады.

ИНСЕРТ кестесі

Білемін

«+»

«V»

Білгім келеді

«-«

Жаңадан білдім

«V»

«+»

Сұрақтар

«?»

Жекелеген оқушылар жазған инсерт кестесін дауыстап оқу арқылы тексеріледі.

Толтырылған кестені «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы жұптар арасында жұмыстар тексеріледі.

Жұмысты өзара бағалау қажет.

Жж/ Таратпа материал №1

Бағалау критерийлері:

  • Гаметогенездің сызбасынан гаметогенездің қай жасуша өтілуін дұрыс көрсетеді /оогенез,сперматогенез/
  • Көбею, өсу, пісіп жетілу және қалыптасу кезеңдері дұрыс жазылады;
  • Гаметогенездің қай кезеңдерінде митоз және мейоз жүзеге асырылатынын дұрыс көрсетеді.

Дескриптор:

Гаметогенездің қай жасушада өтіп жатқандығын көрсет;

Гаметогенездің ІІ кезеңін ата;

ІІ кезеңде өтетін үрдісті толық сипатта

Оқушылар қарама –қарсы отырған оқушылармен дәптерлерін алмастырады. Тақтада дұрыс жауап көрсетіледі. Оқушылар бірін-бірі жасыл сиямен тексереді. Мұғалім жұмысты аралап жүріп жұмыстың критерийі бойынша дұрыс қарастырды ма? нені толықтыру қажет? нені дұрыс айтқаның атап өту қажет?

Берілген кері байланысты оқушы дәптерлеріне түртіп отырады.

Сабақты бекіту сұрақтары:

Гаметогенез үрдісінің маңызы неде?

Рефлексия: тақтаға бағдаршамның түстері бар төмендегі постер ілініп тұрады. Оқушылар сабақты түсіну деңгей лерін құстұмсық «V» белгісін қою арқылы белгілеп шығады. Үш түсте сабақтың үш мақсаты тұрады.

Жақсы түсіндім-жасыл

Түсіндім бірақ ,сұрақтарым бар –сары

Түсінбедім,мен үшін қиын –қызыл

Үйге тапсырма: Гаметогенез сызбасын терминдерді қолдана отырып сызбасын жасау

Митоз және мейоз сызбаларының мысалдары:

https://med-explorer.ru/serdechno-sosudistaya-sistema/simptomatika-i-diagnostika-serdechno-sosudistaya-sistema/sravnitelnaya-xarakteristika-mitoza-i-mejoza.html

http://www.nawandihalabja.com/difference-between-mitosis-and-meiosis-diagram/

Мұғаілмнің презентациясы.

Гаметонез туралы бейнебаян:

https://www.youtube.com/watch?v=2cFzM3YO3io

«ИНСЕРТ» кестесі :

http://images.myshared.ru/4/143985/slide_19.jpg

Салыстыру кестесі:

http://www.embryology.ch/anglais/cgametogen/vergleich01.html

Оогенез бен сперматогенездің салыстырмалы кестесі (ағылш.):

http://www.uoguelph.ca/zoology/devobio/210labs/meiotbl.htm

Саралау

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың барлығы:

Гаметогенездің сызбасын ретімен дұрыс құрастырады; /оогенез,сперматогенез/

Оқушылардың көпшілігі:

Көбею, өсу, пісіп жетілу және қалыптасу кезеңдері дұрыс жазылады;

кейбір оқушыларға кілтті сөздерді беру арқылы қолдау көрсету

Оқушылардың кейбірі:

Гаметогенездің қай кезеңдерінде митоз және мейоз жүзеге асырылатынын дұрыс көрсетеді

кітаптарды қолдануға рұқсат беру

  • Сыныпта дұрыс түсініктемелер қалыптасты ма әлде ауытқулар бар ма? Әр оқушының берген жауабын мұқият қадағалап, оқушылардың жауабына кері байланыс арқылы
  • Бағалау критерийі арқылы бағаланады жасыл сиямен бір-бірі бағалайды.
  • «Екі жұлдыз, бір тілек»

Денсаулық сақтау технологиялары.

  • Сыныптағы қауіпсіздік ережесі сақталуын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

1.

2.

3.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу