Гаметогенез. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көбею | Мектеп: Шымкент қаласы, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Есенова Г.С | ||||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Гаметогенез. | ||||||||||
Сабақ оқу мақсаты: | адам гаметогенезінің сызбасын талдау | ||||||||||
Сабақ мақсаты: |
| ||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
Талдау арқылы оқушының қолдану, талқылау дағдысы дамиды. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәндік лексика және терминология; «сперматогенез», «оогенез» түсініктерін жазбаша түсіндіру Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: гаметогенез, сперматогенез, оогенез, сперматогония, сперматоцит, екіншілік сперматоциттер, сперматида, қоректік заттар (ДНҚ, нәруыздар) овогония, біріншілік овоциттер, екіншілік овоциттер, пісіп жетілген овоциттер (жұмыртқа жасушалары), фоллиукала аймағы, өсу, пісіп жетілу, көбею, митоздық бөліну, қалыптасу фаза, бағыттаушы денешік,гаплоидты хромосомалар Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы Сперматогенез келесі кезеңдерден тұрады: …, …, …. . Овогенез кезеңдері: ...,...,... . Гаметалар …. хромосома жиынтығынан тұрады. | ||||||||||
Білім беру құндылықтары
| Жұппен жұмыс істеу ынтымақтастық, достастық қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді. Талдау жүргізу арқылы алған білімдерін қолдана отырып, өмір бойы білім алуға үйренеді.Осылай мектеп құндылықтары үнемі сабақ барысында көрініс алады. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Адамның гаметогенез кезеңдері, сперматогенез бен оогенездің арасындағы айырмашылықтар қарастырылады. Ғылыми/академиялық тілде жазылған тілдік дағды дамиды. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Шағын презентация. | ||||||||||
Бастапқы білім | Көбею: 7-10 кластар Гаметогенез:10 класс Жасушалық цикл:10 класс | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 0-10 минут 11-- 21 минут Сабақтың ортасы: 22-32 минут Сабақтың аяғы: 33-40 минут Сабақтың аяғы 40 -45 минут | Ұйымдастыру кезеңі: Миға шабуыл ой қозғау. Т) Оқушылардың қолына митоз және мейоз деген жазуы бар тақташа беріледі. Митоз және мейоз процестерінің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар жайлы мәліметтер айтылады оқушылар қолдарындағы тақташаны көтеру арқылы көрсетеді. 1. Диплоидтты хромосома жиынтығы бар еншілес жасуша 2. Жыныссыз жасушаның бөлінуі 3. Гаплоидтты хромосоманың түзілуі 4. Жыныс хромосомаларының қатысуымен өтеді 5. Еншілес жасушадағы генетикалық ақпараттың идентификациясы 6. Жаңа генетикалық комбинациялар қасиеттер түзіледі 7. Жыныс гаметалар түзіледі 8. 4 жасуша түзіледі 9. 2 жасуша түзіледі 10. Клон түзіледі 11. Дәл еншілес жасушаның копиясы түзіледі 12. Генетикалық ақпараттардың вариациясы көбейеді Жұлдызша тарату арқылы оқушылардың жауабы бағаланады. Мұғалім сыныпта дұрыс түсініктемелер қалыптасты ма әлде ауытқулар бар ма? Әр оқушының берген жауабын мұқият қадағалап, дұрыстауға мүмкіндік беру арқылы оқушылардың жауабына кері байланыста мыналар қарастырылады.
Миға шабуыл сұрақтары арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты ашылады. Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты және мақсатты жазып алады. (Т) Оқушыларды топқа жіктей отырып, митоз және мейоз процестерінің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға тақтада оқушылар Венн диаграмасын сызады. Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріледі (Жж) (ҚБ) Тақтада қажетті терминдер көрсетіледі . Оқушылар жұмыс дәптерлеріне терминдерге сай анықтамаларын жазады. Өзара бағалау үшін дәптерлерін алмастырады. Оқушылар гаметогенез,сперматогенез және оогенез терминдеріне анықтама беру қажет және оны жұмыс дәптерлеріне жазу қажет. Дифференцациялық тапсырма: Гаметогенез ----жыныс жасушалары гаметаның дамуы үрдісі Сперматогенез - сперматозоидттың түзілу үрдісі Оогенез -жұмыртқа жасушаның түзілу үрдісі Гаметаның түзілуін ажырататын үш кезең—көбею, даму, пісіп жетілу, түзілу
Мұғалім жұмысты тексере отырып жұмыстың критерийі бойынша дұрыс қарастырды ма? нені толықтыру қажет? нені дұрыс айтқаның атап өту қажет? Берілген кері байланысты оқушы дәптерлеріне түртіп отырады. /Жж/ Флеш карта
Әрі қарай оқушылар өздері қасындағы жұбына флеш картаны жүргізу үшін бір сұрақтан құрастырады. Мұғалім сыныпта дұрыс түсініктемелер қалыптасты ма әлде ауытқулар бар ма? Әр оқушының берген жауабын мұқият қадағалап, дұрыстауға мүмкіндік беру арқылы оқушылардың жауабына кері байланыс беріледі. Мадақтау арқылы бағаланады. Сабақты бекіту сұрақтары: Гаметогенез үрдісінің маңызы неде? Рефлексия: тақтаға бағдаршамның түстері бар төмендегі постер ілініп тұрады. Оқушылар сабақты түсіну деңгей лерін құстұмсық «V» белгісін қою арқылы белгілеп шығады. Үш түсте сабақтың үш мақсаты тұрады. Жақсы түсіндім-жасыл Түсіндім бірақ ,сұрақтарым бар –сары Түсінбедім,мен үшін қиын –қызыл Үйге тапсырма: Гаметогенез сызбасы | Митоз және мейоз сызбаларының мысалдары: http://www.nawandihalabja.com/difference-between-mitosis-and-meiosis-diagram/ Мұғаілмнің презентациясы. Гаметонез туралы бейнебаян: https://www.youtube.com/watch?v=2cFzM3YO3io «ИНСЕРТ» кестесі : http://images.myshared.ru/4/143985/slide_19.jpg Салыстыру кестесі: http://www.embryology.ch/anglais/cgametogen/vergleich01.html Оогенез бен сперматогенездің салыстырмалы кестесі (ағылш.): | |||||||||
Саралау | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Оқушылардың барлығы: Гаметогенез үрдісін түсіну үшін қажетті терминдерге анықтама бере алу; орындауда қиналған оқушыларға мұғалім кілтті сөздерді береді қолдау көрсетеді; Оқушылардың көпшілігі: Терминдерді гаметогенез үрдісін түсіндіруде дұрыс қолдануда кейбір оқушыларға жақсы орындаған оқушыны көмекке жүгіндіру арқылы қолдау көрсету Оқушылардың кейбірі: Гаметогенез үрдісінің кезеңдерін сипаттауда Оқушыларға күрделлікке сүйіспеншілігін арттыру үшін арнайы дифференцация лық тапсырма беріледі. |
| Денсаулық сақтау технологиялары.
| |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?