Гаметогенез. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша №1
Бейне материалды көргенде «Митоз бен мейоздың айырмашылығы» атты қысқаша кесте жасаңыз
Митоз | Белгілер | Мейоз |
Хромосомалар жиынтығы бар жасушалар | ||
Бөлімдер / кезеңдер, фазалар саны | ||
Жылдамдық | ||
Биологиялық маңызы |
Митоздық цикл — жасушалардың эмбриондық дамуын, өсуін, түзілуін және жас жасушалар арасында тұқым қуалау ақпараттарының көлемі мен құрамы жағынан тең берілуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар зақымданған мүшелер мен ұлпалардың қайта қалпына келуі сияқты тіршілік үшін маңызды құбылыстарды да қамтамасыз етеді. Мұны митоздық циклде — аналық жасушадағы тұқым қуалау материалының редупликациясы (екі еселенуі) мен осы материалдың жаңа ұрпақ жасушаларының арасында тең бөлінуінен көруімізге болады. Мұнда терең биологиялық мағына жатыр, өйткені ДНҚ құрылымының бұзылуы генетикалық кодтың өзгеруіне әкеледі және ол ағза үшін пайдалы белгілердің дамуын қамтамасыз ететін генетикалық ақпараттардың сақталуы мен тұқым қуалау белгілерінің берілуіне кедергі келтірген болар еді. Әрбір ағза жасушалардан тұрады. Организмнің тіршілік етуі мен дамуы жасушалардың көбеюін қамтамасыз етеді. Жасушаның бөлінуі деп бір аналық жасушадан екі немесе бірнеше жасушалардың түзілу процесін айтады.
Мейоз (гр. meіosіs — кішірею, азаю) — жетіліп келе жатқан жыныс жасушаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы (редукциясы). Мейоз кезінде әрбір жасуша екі рет, ал хромосомалар бір-ақ рет бөлінеді. Осының нәтижесінде жасушалардың гаметадағы хромосомалар саны бастапқы кезеңдегіден екі есе азаяды. Мейоз барлық ағзаларда бірдей жүреді. Егер де ұрықтану диплоидтық жасушаларда жүрсе, онда ұрпақтардың плоидтығы келесі әр буында геометриялық прогрессиямен көтеріледі. Мейоздың арқасында гаметалар барлық уақытта гаплоидты жағдайда болады, бұл ағзаның дене жасушаларының диплоидтығын сақтауға мүмкіншілік береді. Мейоздың бөліну уақытындағы екі сатысын 1-мейоз және 2-мейоз деп атайды.
Қосымша №2
Гаметогенез (gametogenesis; грек gametos-жыныс, жыныс клеткасы; genesis-шығу тегі)-жыныс жасушаларының түзілу процесі.
Аталық жыныс жасушалары-сперматозоидтардың даму процесін сперматогенез (спермиогенез), ал аналық жыныс жасушалары овоциттердің дамуын ''овогенез'‘ деп атайды. Спермотогенез - процесі аталық жыныс безінің ирек тұқымдық өзекшелерінің қабырғасында жүреді. Овогенез аналық жыныс безінің (жұмыртқалықтың) фолликулды аймағында (жыныс жасушаларының даму процесі жүретін жұмыртқалықтың аймағы) жүреді.
Жыныс бездері - гонадалар (грекше gone – пайда болу, aden - без) аралас сөлініс бездері болып
есептеледі. Олардың сыртқы сөліністік қызметі жыныс жасушаларын (гаметоцитгерді) жасау және
шығару. Еркек организмдегі ұрық жолында сперматозоидтар, ал ұрғашы организмдегі аналық
безде жұмыртқа жасушалары пісіп жетіледі. Демек, жыныс бездерінің негізгі қызметтерінің бірі – көбею немесе репродуктивтік қызметі. Сонымен қатар, бұдан кем түспейтін эндокринді қызмет атқарады.Зат алмасу, көбею жыныс белгілерін ажыратуынан (диференция) бастап, ұрықтың пайда болып, дамып, тууына дейінгі көптеген үрдістерді реттейтін жыныс гормондарын шығарады.
Қосымша №3
Гаметокинез (gametogenesis; грек gametos-жыныс, жыныс клеткасы; genesis-шығу тегі)-жыныс жасушаларының түзілу процесі.
Аталық жыныс жасушалары овоциттердің дамуын ''овогенез'‘ал аналық жыныс жасушалары-сперматозоидтардың даму процесін сперматогенез (спермиогенез), деп атайды.
Овогенез аналық жыныс жыныс безінің ирек тұқымдық өзекшелерінің қабырғасында жүреді. Спермотогенез - процесі аталық безінің (жұмыртқалықтың) фолликулды аймағында (жыныс жасушаларының даму процесі жүретін жұмыртқалықтың аймағы) жүреді.
Жыныс бездері - гонадалар (грекше gone – пайда болу, aden - без) аралас сөлініс бездері болып есептеледі. Олардың сыртқы сөліністік қызметі жыныс жасушаларын (гаметоцитгерді) жасау және шығару.
Ресурстар:
2. https://ppt-online.org/255492
3.https://www.clipart.email/download/1549942.html
6.https://www.youtube.com/watch?v=mK9_6HQbxtU
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?