Гаметогенез. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

11.2C Көбею

Күні:

Сынып: 11

Мектеп: НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Гаметогенез

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.2.1.1. - адам гаметогенезін түсіндіру

 Сабақтың мақсаттары

Оқушылар:

  • гаметогенез, гонадалар, ұрық, аналық без, сперматогенез, овогенез / оогенез туралы түсінік беру;
  • гаметалар жетілген жасуша анықтау

 Бағалау критерийлері

Оқушылар гаметогенез, гонадалар, ұрық, аналық без, сперматогенез, овогенез / оогенез туралы түсінік береді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар гаметогенез, гонадалар, ұрық, аналық без, сперматогенез, овогенез / оогенез туралы түсінік береді (айтылым дағдылары)

Пәндік лексика және терминология: гаметогенез, гонадалар, ұрық, аналық без, сперматогенез, овогенез / оогенез.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Гаметогенез...

Сперматогенез..,овогенез... Спермотогенез - процесі аталық жыныс безінің... Овогенез аналық жыныс безінің...

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық:

  • Мұғалім сыныпта жағымды психологиялық атмосфера орнатады;
  • Оқушылар мұғаліммен бірге сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды;
  • Мұғалім оқушыларға, оқушылар бір-бірлеріне көмек көрсетеді;
  • Сабақта оқушылармен кері байланыс орнатылады.

Патриотизм және азаматтық борыш:

  • Ана тілінде өз ойларын еркін жеткізеді;
  • Үштілділік қолданылады.

Өмір бойы оқу:

  • Алған білімі өмірде керек болатынын түсінеді.

 Пәнаралық байланыс

Aғылшын тілі

Осыған дейін меңгерілген білім

Жыныстық көбею: 7 және 10-сынып;

Жасушалық цикл: 9 және 10-сынып;

Митоз және мейоз: 9 және 10-сынып

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-10 мин

1.Анықтамалық білімді жаңарту

Тапсырма. «Митоз, мейоз»

Жұптық жұмыс.

Бейне материалды қарау кезінде оқушылармен «Митоз бен мейоз арасындағы айырмашылықтар» атты қысқаша кесте жасауды сұраңыз. Қарау кезінде сіз бейнені тоқтатуыңыз керек.

Кестені толтыру кезінде академиялық тілді (терминдер, тіркестер) пайдалану ұсынылады. Мысалы, гаплоид / диплоид жиынтығы, соматикалық / ұрық жасушалары, биологиялық маңызы.

Видео https://bilimland.kz/

Қосымша №1

10-14 мин

2. Ой шақырту

«Логика қай жерде?» Жаттығуы. Слайдтағы суреттер қандай анықтама беретінін түсінуіңіз керек. Сонда 1) «ойын» ағылшын тілінде «game» 2) +ТО + 3) автокөлік жасауы/марка- genesis

Құпия сөз –Гаметогенез.

Анимациялар дыбыссыз, мұғалімнің түсініктемелерімен қаралады. Бұл кезеңде оқушылар ЖАДА деңгейін анықтайды.

Таныстырылым

Анимация

https://www.youtube.com/watch?v=mK9_6HQbxtU

https://www.youtube.com/watch?v=Y-_-MnlOfbY

14-16 мин

3. Оқушыар сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

16 – 17мин

17-25мин

25-30мин

4.Мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі (слайд бойынша)

5. Оқу уақыты. Оқушылар мәтінді оқып, терминдер / сөз тіркестерінің астын сызады.

Бағалау критерийлері:

  • терминді дұрыс атайды және сипаттайды.

Терминдер:

Гаметогенез

Гонадтар

Аналық без

Ұрықтар

Сперматогенез

Овогенез / оогенез

6.Тапсырма. «Қатені түзету».

Оқушыларға қателіктердің болуын тексеру керек ақпарат беріледі.

Өзара бағалау

Мұғалімнің кері байланысы

Таныстырылым

Қосымша №2

Қосымша №3

30-37 мин

7. Ұжымдық жұмыс. «Бес бұршақ» жаттығуы.

Әр оқушыға 5 бұршақ дайындаңыз.

Алгоритм:

Оқушыларға тақырып бойынша 2 сұрақ қою ұсынылады.

Оқушыларға мүмкіндігінше көп сұрақтар қойыңыз.

Егер оқушы дұрыс жауап берсе, онда ол бұршақтарды береді. Егер жауап дұрыс болмаса, керісінше бұршақты алады.

Бұршақ

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс.

Бүгінгі сабақтың мақсатына жеттік пе? (сабақтың мақсатына оралу)

8.Рефлексия.

Мұғалім сабақтың мақсаттарына қайта оралып, олардың жетістік деңгейлерін талқылайды. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

-не білді, неге үйренді;

- түсініксіз болған жері;

- не істеу керек.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша түрде талқылануы мүмкін.

Таныстырылым

Стикер

Қосымша ақпарат

ДифференциацияСіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Материалды жинақтау кезеңінде оқушылар өз қалауына қарай бөлінеді, оған сәйкес келетін білім беру ақпаратын көбейту деңгейін таңдайды: білім, түсіну және қолдану, талдау. Шоғырландыру кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға әртүрлі кезеңдер ұсынылады.

Бағалау критерийлері негізінде тексеру жұмыстары

Биология кабинетінде жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасы сақталады

Рефлексия

Оқу мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

ОМ барлық оқушылар жетті ме?

Егер жетпесе, онда неге?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт бойынша кезеңдері сақталды ма?

Сабақтан жоспарынан тыс өзгерістер болды ма және неге?

Бұл бөлімді сабақ туралы ойлануға қолданыңыз. Өзіңіздің сабағыңыз туралы маңызды сұрақтарға сол жақ бағаннан жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Қосымша №1

Бейне материалды көргенде «Митоз бен мейоздың айырмашылығы» атты қысқаша кесте жасаңыз

Митоз

Белгілер

Мейоз

Хромосомалар жиынтығы бар жасушалар

Бөлімдер / кезеңдер, фазалар саны

Жылдамдық

Биологиялық маңызы

Митоздық цикл — жасушалардың эмбриондық дамуын, өсуін, түзілуін және жас жасушалар арасында тұқым қуалау ақпараттарының көлемі мен құрамы жағынан тең берілуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар зақымданған мүшелер мен ұлпалардың қайта қалпына келуі сияқты тіршілік үшін маңызды құбылыстарды да қамтамасыз етеді. Мұны митоздық циклде — аналық жасушадағы тұқым қуалау материалының редупликациясы (екі еселенуі) мен осы материалдың жаңа ұрпақ жасушаларының арасында тең бөлінуінен көруімізге болады. Мұнда терең биологиялық мағына жатыр, өйткені ДНҚ құрылымының бұзылуы генетикалық кодтың өзгеруіне әкеледі және ол ағза үшін пайдалы белгілердің дамуын қамтамасыз ететін генетикалық ақпараттардың сақталуы мен тұқым қуалау белгілерінің берілуіне кедергі келтірген болар еді. Әрбір ағза жасушалардан тұрады. Организмнің тіршілік етуі мен дамуы жасушалардың көбеюін қамтамасыз етеді. Жасушаның бөлінуі деп бір аналық жасушадан екі немесе бірнеше жасушалардың түзілу процесін айтады.

Мейоз (гр. meіosіs — кішірею, азаю) — жетіліп келе жатқан жыныс жасушаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы (редукциясы). Мейоз кезінде әрбір жасуша екі рет, ал хромосомалар бір-ақ рет бөлінеді. Осының нәтижесінде жасушалардың гаметадағы хромосомалар саны бастапқы кезеңдегіден екі есе азаяды. Мейоз барлық ағзаларда бірдей жүреді. Егер де ұрықтану диплоидтық жасушаларда жүрсе, онда ұрпақтардың плоидтығы келесі әр буында геометриялық прогрессиямен көтеріледі. Мейоздың арқасында гаметалар барлық уақытта гаплоидты жағдайда болады, бұл ағзаның дене жасушаларының диплоидтығын сақтауға мүмкіншілік береді. Мейоздың бөліну уақытындағы екі сатысын 1-мейоз және 2-мейоз деп атайды.

Қосымша №2

Гаметогенез (gametogenesis; грек gametos-жыныс, жыныс клеткасы; genesis-шығу тегі)-жыныс жасушаларының түзілу процесі.

Аталық жыныс жасушалары-сперматозоидтардың даму процесін сперматогенез (спермиогенез), ал аналық жыныс жасушалары овоциттердің дамуын ''овогенез'‘ деп атайды. Спермотогенез - процесі аталық жыныс безінің ирек тұқымдық өзекшелерінің қабырғасында жүреді. Овогенез аналық жыныс безінің (жұмыртқалықтың) фолликулды аймағында (жыныс жасушаларының даму процесі жүретін жұмыртқалықтың аймағы) жүреді.

Жыныс бездері - гонадалар (грекше gone – пайда болу, aden - без) аралас сөлініс бездері болып

есептеледі. Олардың сыртқы сөліністік қызметі жыныс жасушаларын (гаметоцитгерді) жасау және

шығару. Еркек организмдегі ұрық жолында сперматозоидтар, ал ұрғашы организмдегі аналық

безде жұмыртқа жасушалары пісіп жетіледі. Демек, жыныс бездерінің негізгі қызметтерінің бірі – көбею немесе репродуктивтік қызметі. Сонымен қатар, бұдан кем түспейтін эндокринді қызмет атқарады.Зат алмасу, көбею жыныс белгілерін ажыратуынан (диференция) бастап, ұрықтың пайда болып, дамып, тууына дейінгі көптеген үрдістерді реттейтін жыныс гормондарын шығарады.

Қосымша №3

Гаметокинез (gametogenesis; грек gametos-жыныс, жыныс клеткасы; genesis-шығу тегі)-жыныс жасушаларының түзілу процесі.

Аталық жыныс жасушалары овоциттердің дамуын ''овогенез'‘ал аналық жыныс жасушалары-сперматозоидтардың даму процесін сперматогенез (спермиогенез), деп атайды.

Овогенез аналық жыныс жыныс безінің ирек тұқымдық өзекшелерінің қабырғасында жүреді. Спермотогенез - процесі аталық безінің (жұмыртқалықтың) фолликулды аймағында (жыныс жасушаларының даму процесі жүретін жұмыртқалықтың аймағы) жүреді.

Жыныс бездері - гонадалар (грекше gone – пайда болу, aden - без) аралас сөлініс бездері болып есептеледі. Олардың сыртқы сөліністік қызметі жыныс жасушаларын (гаметоцитгерді) жасау және шығару.

Ресурстар:

1.https://www.wikiwand.com/kk/%D0%96%D0%B0%D1%81%D1%83%D1%88%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D0%B1%D3%A9%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%83%D1%96

2. https://ppt-online.org/255492

3.https://www.clipart.email/download/1549942.html

4.https://interneturok.ru/lesson/biology/10-klass/razmnozhenie-i-individualnoe-razvitie-organizmov/meyoz

5.https://interneturok.ru/lesson/biology/10-klass/razmnozhenie-i-individualnoe-razvitie-organizmov/razvitie-polovyh-kletok-spermatogenez

6.https://www.youtube.com/watch?v=mK9_6HQbxtU

7.https://www.youtube.com/watch?v=Y-_-MnlOfbY

8.https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D1%81%D1%82%D1%8B_%D0%BA%D3%A9%D0%B1%D0%B5%D1%8E_%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5_%D2%B1%D1%80%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D0%BD%D1%83_%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA%D1%88%D0%B5%D0%BB%D1%96%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80%D1%96

9. https://ppt-online.org/220498



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу