Гаметогенез. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.2 Көбею | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Гаметогенез | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Оқушылар жасай алады: 11.2.1.1 - адам гаметогенезін зерттеу | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар
| ||||||
Жетістік критерийлері | Оқушылар: * Гаметогенез барысында болатын жасушалардың типтерін және оларды бөлу тәсілдерін көрсету * Жасушалардағы хромосомалар жиынтығы мен бөлу тәсілі арасындағы байланысты түсіндіру | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: "гаметогенез", "сперматогенез", "оогенез" ұғымдарын жазбаша түсіндіре алады; пәндік лексиканы қолдана отырып, адамда гаметогенез сызбасын талдай алады. Пәнге тән лексика мен терминология: гаметогенез, сперматогенез, оогенез, сперматогония, сперматоцит, екіншілік сперматоциттер, сперматида, қоректік заттар (ДНҚ, нәруыздар) овогония, біріншілік овоциттер, екіншілік овоциттер, пісіп жетілген овоциттер (жұмыртқа жасушалары), фоллиукала аймағы, өсу, пісіп жетілу, көбею, митоздық бөліну, қалыптасу фаза, бағыттаушы денешік,гаплоидты хромосомалар Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Сперматогенез келесі кезеңдерден тұрады: …, …, …. . Овогенез кезеңдері: ...,...,... . Гаметалар …. хромосома жиынтығынан тұрады. Сперматозоидтардағы талшықтардың пайда болуы ... кезеңде жүреді. Жыныс бездерінде ғана болатын герментативті эпителий түзіледі… . Біріншілік ооцит .... көмегімен бөлінеді және келесі жасушаларды .... түзеді. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Осы сабақ академиялық адалдық, топтастық және командада жұмыс істей білу, жауапкершілік пен көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағытталған. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Химия: гаметогенезге әсер ететін химиялық қосылыстар ретінде гормондар | ||||||
Бастапқы білім | Көбейту: 7-10 сыныптар. Гаметогенез: 10 сынып. Жасушалық цикл: 10 сынып. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-12 мин | (Т) (ҚБ) Оқушыларды топқа жіктей отырып, митоз және мейоз процестерінің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды, миға шабуыл жасау арқылы еске түсіруді сұраңыз. Топ 1 Митоз Топ 2 Мейозң Топ 3 Митоз бен мейоздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары Бағалау критерийлері:
(С) топтық жұмыс нәтижелерін талқылау Мақсат қою. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын өз бетінше құрастырады: | Дидактикалық материал 1-қосымша Топтарды қалыптастыруға арналған карточкалар Митоз және мейоз сызбаларының мысалдары: http://www.nawandihalabja.com/difference-between-mitosis-and-meiosis-diagram/ | |||||
Сабақтың ортасы 13-23 мин 23-25 мин 25-35 мин | (Жж) (ҚБ) Оқушыларға гаметогенез, сперматогенез және оогенез терминдеріне анықтама беруді және оны жұмыс дәптерлеріне жазуды ұсыныңыз. Мұғалімге бұл терминдерді тақтаға шығару қажет. Оқушылар анықтамаларын дәптерге жазады. (Жж) анықтамаға сәйкес өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру. (Жж) (ҚБ) Оқушыларға гаметогенез туралы бейнебаян қарай отырып «ИНСЕРТ» кестесін толтыруды ұсыныңыз және толтырылған кестені | PPT Гаметонез туралы бейнебаян: https://www.youtube.com/watch?v=2cFzM3YO3io https://www.youtube.com/watch?v=eddh-AGV-6c Дидактикалық материал 2-қосымша «Инсерт» кестесі | |||||
Сабақтың соңы 35-40 мин | Рефлексия мұғалімнің сұрақтары негізінде жүзеге асырылады: 1. Жұмыстың қай кезеңінде сіз қиындықтарды бастан кешкен едіңіз? 2. Мұғалім келесі сабақта Сізге қандай көмек қажет болуы мүмкін? Үй тапсырма: терминдермен және мәтінмен жұмыс | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Білімді өзектендіру кезеңінде әртүрлі деңгейлі тапсырмаларды қолдану арқылы дифференциалды тәсіл қолданылады. Шақыру кезеңінде оқушылардың ақпаратты қабылдау түрлеріне сүйене отырып, оқушылардың жақын арада даму аймағы анықталады. | Бір-бірін бағалау Өзін-өзі бағалау Мұғалімнің бақылауы | @= қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер Сынып бойынша қозғалғанда ҚТ-ны сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?