Зертханалық жұмыс "Ауксиннің тамырдың өсуіне ықпал етуі". Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Координация және реттелу

Мектеп: Шымкент қаласы, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Есенова Г.С

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Зертханалық жұмыс "Ауксиннің тамырдың өсуіне ықпал етуі"

Сабақ оқу мақсаты:

өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін зерттеу

Бағалау

критерийлері

Оқушылар:

  • Өсімдіктің өсуіне әсер ететін химиялық заттарды біледі;
  • Әр химиялық заттың құрылысын сипаттайды;
  • Өсімдіктің өсуіне қалай әсер ететін немесе өсімдіктің қай мүшесіне әсер ететінін сипаттайды.

Зерттеме нәтижесін талқылау арқылы оқушының қолдану, анализ дағдысы дамиды.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология;

«гормон» және «өсіргіш заттар» терминдеріндерінің анықтамасын айтады;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Ауксин
  • Цитокин
  • Абсциз қышқылы
  • Гибберелин
  • Этилен

Оқушылар химиялық құрылысы, синтездеу орыны және қызметі мен қасиетін жұбымен талқылайды .

  Білім беру

 құндылықтары

 

 

Жұппен жұмыс істеу ынтымақтастық, достастық қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді. Зерттеу жүргізу уақытында алған білімдерін қолдана отырып, өмір бойы білім алуға үйренеді.Осылай мектеп құндылықтары үнемі сабақ барысында көрініс алады.

Пәнаралық байланыстар

Координация және реттелу: 7-10 сыныптар

АКТ қолдану дағдылары

Шағын презентация.

Бастапқы білім

Өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін зерттеуде химиямен пәнаралық байланыс жүзеге асады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 минут

11- 21 минут

Сабақтың ортасы:

22-32 минут

Сабақтың аяғы:

33-45 минут

Ұйымдастыру кезеңі: Миға шабуыл ой қозғау.

Таратпа материал №1 Өркеннің ұшына жүргізілген бірнеше диаграммада эксперимент беріледі.

Әр экспериментте не өтетінің түсіндіріп беріңізші?

Мұғалім сыныпта дұрыс түсініктемелер қалыптасты ма әлде ауытқулар бар ма? Әр оқушының берген жауабын мұқият қадағалап, дұрыстауға мүмкіндік беру арқылы оқушылардың жауабына кері байланыста мыналар қарастырылады.

  • Не дұрыс екендігін оларға нақты айту
  • Оларға бұл неге дұрыс екендігін айту
  • Оларға жетілдіру үшін нақты тармақтарды ұсыну

Миға шабуыл сұрақтары арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты ашылады. Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты және мақсатты жазып алады.

(Э) Оқушыларға зертханалық жүмыс ұсынылады.

Зертханалық жұмыс «Ауксиннің тамырдың өсуіне ықпал етуі»

Қауіпсіздік техникасы туралы талқыланады. Оқушылар құрал – жабдықтармен танысады. Сынып бес топқа бөлінеді, әр топ бес концентрациялы ерітіндімен жұмыс жасайды. Оқушылар қажетті концентрацияны өздері даярлайды.

Практикалық жұмыстың жүргізілуі туралы бейнебаян көреді

https://www.youtube.com/watch?v=cc_RBh_S9Pk

Құрал - жабдықтар:

1. 3-индолилсірке қышқылы (гетероауксин) – құрғақ зат.

2. 3- индолилмай қышқылы – құрғақ зат

3. 0,05 н. KMnO4 ерітіндісі

4. қазтамақтың қалемшесі, хлорофитум ( бидай тұқымдары)

5. 50 мл-лік өлшегіш колба

6. 5 мл-лік тамызғыш

7. 25 мл-лік өлшегіш цилиндр

Сериялы концентрацияны даярлау методикасы:

http://www.disbak.ru/php/content.php?id=1451

Мұғалім өзі қолданып оқушыларға түсіндіреді.

Жұмыс барысы:

  • Бастапқы 0,01 %-тік өсіргіш заттардың/стимулятордың ерітіндісін даярлаңыз.
  • 0,01% -тік индолилсірке қышқылы ерітіндісін алу үшін 5 мг 3-индолилсірке қышқылын (гетероауксин) өлшеңіз және 50 мл колбаға салып, сол көлемге дейін дистилденген су құйып араластырыңыз.
  • 0,001 %-тік концентрациялы өсіргіш заттардың ерітіндісінен 0,01 %-тік ерітінді алыңыз.
  • 0,001 %- тік ерітіндіні даярлау үшін: бастапқы 0,01 %-тік ерітіндіден 5 мл алып 50 мл-лік өлшегіш колбаға құйыңыз және белгіленген жеріне дейін дистильденген су құйыңыз.
  • Қалған 0,0001%-тік, 0,00001%-тік және 0,000001%-тік ерітінділерді жоғарыда жасалған ерітіндіге ұқсас даярлаңыз. Өсіргіш, стимулятор ерітіндісін даярлау үшін әртүрлі сериялы концентрацияларды дайындап алу қажет. Концентрацияны даярлау методикасын түсіндіріңіз.
  • Экспериментке қазтамақ, хлорофитум өсімдіктерін және (бидайдың тұқымын) қолдану Оларды әртүрлі дайындалған концентрациялы ерітінділерге салыңыз. Зертханалық жұмыс үшін екі апта қажет.
  • Тәжірибе нәтижесін есептеу. Өсімдіктің өсуін қадағалу және Өлшемдерін алу; кестеге толтыру; нәтижелерін салыстыру, әрі талқылау.

Бағалау критерийлері:

  • Өсімдіктің өсуіне қалай әсер ететін немесе өсімдіктің қай мүшесіне әсер ететінін сипаттайды.

Дескриптор

Оқушылар

гипотезаны қалыптастырады.

Зерттеу жасайды

Зерттеу қорытындысын сипаттайды

Берілген кесте мен график арқылы ауксиннің тамыр жүйесінің өсуіне әсерін сипаттаңыз

тәуелді айнымалыны анықтайды

тәуелсіз айнымалыны анықтайды

Ауксиннің тамырдың өсуіне ықпал етуіне ауксин концентрациясы қаншалықты әсер етті

Бақылауды дұрыс ұйымдастыру жолын ұсынады

Жұмысты бағалайды, қорытынды жасайды

Талқылау сұрақтар:

Ауксиннің тамырдың өсуіне ықпал етуіне ауксин концентрациясы қаншалықты әсер етті?

Сыртқы ортаның әсері тамырдың өсуіне ықпал етті ме?

Сабақты бекіту сұрақтары:

Өсіргіш заттардың маңызы неде? Бұл өсіргіш заттарды біз жиі тұрмыста қолданамыз. Бұл жақсы ма? Әлде қисынсыз ба? ИУК-і практикада қолданудын мәні неде ?

Рефлексия: тақтаға бағдаршамның түстері бар төмендегі постер ілініп тұрады. Оқушылар сабақты түсіну деңгей лерін құстұмсық «V» белгісін қою арқылы белгілеп шығады. Үш түсте сабақтың үш мақсаты тұрады.

Жақсы түсіндім-жасыл

Түсіндім бірақ ,сұрақтарым бар –сары

Түсінбедім,мен үшін қиын –қызыл

Үйге тапсырма: Өсіргіш заттардың практикалық маңызы

Құрал - жабдықтар:

1. 3-индолилсірке қышқылы (гетероауксин) – құрғақ зат.

2. 3- индолилмай қышқылы – құрғақ зат

3. 0,05 н. KMnO4 ерітіндісі

4. қазтамақтың қалемшесі, хлорофитум ( бидай тұқымдары)

5. 50 мл-лік өлшегіш колба

6. 5 мл-лік тамызғыш

7. 25 мл-лік өлшегіш цилиндр

Нұсқаулық (өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсері:

http://yandex.kz/clck/jsredir?bu=8fwaxj&from=yandex.kz%3Bsearch%2F% немесе

http://dachnoedelo.ru/gardening/auksiny/

Практикалық жұмыстың жүргізілуі туралы бейнебаян:

https://www.youtube.com/watch?v=cc_RBh_S9Pk

Сериялы концентрацияны даярлау методикасы:

http://www.disbak.ru/php/content.php?id=1451

Саралау

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың барлығы:

Өсімдіктің өсуіне әсер ететін химиялық заттарды біледі; кілтті сөздер беру арқылы қолдау көрсету

Оқушылардың көпшілігі:

Әр химиялық заттың құрылысын сипаттайды; жақсы орындаған оқушылар көмекке жүгіндіріледі

Оқушылардың кейбірі:

Өсімдіктің өсуіне қалай әсер ететін немесе өсімдіктің қай мүшесіне әсер ететінін сипаттайды.

  • Сыныпта дұрыс түсініктемелер қалыптасты ма әлде ауытқулар бар ма? Әр оқушының берген жауабын мұқият қадағалап, оқушылардың жауабына кері байланыс арқылы
  • Бағалау критерийі арқылы бағаланады

Денсаулық сақтау технологиялары.

  • Сыныптағы қауіпсіздік ережесі сақталуын қадағалау.

Қауіпсіздік техникасы туралы талқыланады. Оқушылар құрал – жабдықтармен танысады. Сынып бес топқа бөлінеді, әр топ бес концентрациялы ерітіндімен жұмыс жасайды. Оқушылар қажетті концентрацияны өздері даярлайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

1.

2.

3.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу