Ауксин мен гибериллиннің әсері. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Координация және реттелу

Мектеп: Шымкент қаласы, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Есенова Г.С

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ауксин мен гибериллиннің әсері.

Сабақ оқу мақсаты:

өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін зерттеу

Бағалау

критерийлері

Оқушылар:

  • Өсімдіктің өсуіне әсер ететін химиялық заттарды біледі;
  • Әр химиялық заттың құрылысын сипаттайды;
  • Өсімдіктің өсуіне қалай әсер ететін немесе өсімдіктің қай мүшесіне әсер ететінін сипаттайды.

Зерттеме нәтижесін талқылау арқылы оқушының қолдану, анализ дағдысы дамиды.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология;

«гормон» және «өсіргіш заттар» терминдеріндерінің анықтамасын айтады;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Ауксин
  • Цитокин
  • Абсциз қышқылы
  • Гибберелин
  • Этилен

Оқушылар химиялық құрылысы, синтездеу орыны және қызметі мен қасиетін жұбымен талқылайды .

  Білім беру

 құндылықтары

 

 

Жұппен жұмыс істеу ынтымақтастық, достастық қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді. Зерттеу жүргізу уақытында алған білімдерін қолдана отырып, өмір бойы білім алуға үйренеді.Осылай мектеп құндылықтары үнемі сабақ барысында көрініс алады.

Пәнаралық байланыстар

Координация және реттелу: 7-10 сыныптар

АКТ қолдану дағдылары

Шағын презентация.

Бастапқы білім

Өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін зерттеуде химиямен пәнаралық байланыс жүзеге асады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 минут

Сабақтың ортасы:

11- 21 минут

Сабақтың аяғы:

22-36 минут

37—40 минут

41-45 минут

Ұйымдастыру кезеңі: Миға шабуыл ой қозғау.

Гормон дегеніміз не?

Өсіргіш заттар деп ?

Гормон мен өсіргіш заттардың арасындағы айырмашылықты атаңыз?

Гормон мен өсіргіш заттар арасындағы ұқсастықтарды атаңыз?

Мұғалім сыныпта дұрыс түсініктемелер қалыптасты ма әлде ауытқулар бар ма? Әр оқушының берген жауабын мұқият қадағалап, дұрыстауға мүмкіндік беру арқылы оқушылардың жауабына кері байланыста мыналар қарастырылады.

  • Не дұрыс екендігін оларға нақты айту
  • Оларға бұл неге дұрыс екендігін айту
  • Оларға жетілдіру үшін нақты тармақтарды ұсыну

Миға шабуыл сұрақтары арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты ашылады. Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты және мақсатты жазып алады.

(Ұ/Ж) Оқушыларға өсімдіктердің өсуіне әсер ететін заттар мен олардың әсері туралы дайын кесте таратылады. Жұппен талдайды.

Таратпа материал № 1

Бағалау критерийі:

  • Өсімдіктің өсуіне әсер ететін химиялық заттарды біледі;
  • Әр химиялық заттың құрылысын сипаттайды;

Жұптардың түсінген түсінбегенің сұрақтар қою арқылы тексеріледі.

Сұрақтар:

  • Тек ауксин бар ортада әсер ететін өсіргіш заттар?
  • Жасушасының ұзаруын жылдамдататын өсіргіш заттар?
  • Ауксин мен цитокининнің химиялық құрылысында қандай айырмашылық бар?
  • Өсімдіктің өсуін тежейтін ?
  • Газ түрінде су еріткіш ортада ксилема бойымен тамырдан сабаққа көтеріледі?
  • Өсіргіш заттардың химиялық құрылымында қандай ерекшеліктер бар?

Кері байланыс: жарайсыңдар деп жұптардың қалай талқылағанын мадақтай отырып өсіргіш заттардың қызметін атадыңдар, химиялық құрылысын дұрыс сипаттадыңдар, уақытты тиімді пайдаланыпсыңдар деп кері байланыс беріледі.

(Ж) (ҚБ) Оқушыларға өсімдіктердің өсуіне әсер ететін заттар туралы алған білімдерін пайдалану үшін тапсырма беріледі.

Таратпа материал № 2

Сабақ барысында кім бірінші аяқтайды жұмысын тексеру арқылы орындауда қиналып отырған оқушыларға көмекке жіберу арқылы саралап оқыту жүреді

Бағалау критерийі:

  • Өсімдіктің өсуіне қалай әсер ететін немесе өсімдіктің қай мүшесіне әсер ететінін сипаттайды.

Дескриптор:

Ауксин өсімдіктің өсуіне қалай әсер ететін көрсету

Тропизм түрін атау

Ауксиннің түзілетін аймағын сызып көрсету

Төбе өркенінде түзілетін ауксиннің ерекшелігін сипаттау

Ауксин өсімдіктің қай мүшесіне әсер ететінін сызып көрсету

Мұғалім жұмысты тексере отырып жұмыстың критерийі бойынша дұрыс қарастырдыңдар нені толықтыру қажет,нені дұрыс айтқаның нақты айтып өтеді

Берілген кері байланысты оқушы дәптерлеріне түртіп отырады.

Сабақты бекіту сұрақтары:

Өсіргіш заттардың маңызы неде? Бұл өсіргіш заттарды біз жиі тұрмыста қолданамыз. Бұл жақсы ма? Әлде қисынсыз ба? Қандай артықшылығы бар? Қандай кемшіліктері бар?

Рефлексия: тақтаға бағдаршамның түстері бар төмендегі постер ілініп тұрады. Оқушылар сабақты түсіну деңгей лерін құстұмсық «V» белгісін қою арқылы белгілеп шығады. Үш түсте сабақтың үш мақсаты тұрады.

Жақсы түсіндім-жасыл

Түсіндім бірақ ,сұрақтарым бар –сары

Түсінбедім,мен үшін қиын –қызыл

Үйге тапсырма: Өсіргіш заттардың практикалық маңызы

Өсімдіктердің өсуіне әсер ететін стимуляторлар: https://udobreniya.net/stimulyatory-i-regulyatory-rosta/

Презентация

Саралау

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың барлығы:

Өсімдіктің өсуіне әсер ететін химиялық заттарды біледі; кілтті сөздер беру арқылы қолдау көрсету

Оқушылардың көпшілігі:

Әр химиялық заттың құрылысын сипаттайды; жақсы орындаған оқушыларды көмекке жүгіндіру

Оқушылардың кейбірі:

Өсімдіктің өсуіне қалай әсер ететін немесе өсімдіктің қай мүшесіне әсер ететінін сипаттайды.

  • Сыныпта дұрыс түсініктемелер қалыптасты ма әлде ауытқулар бар ма? Әр оқушының берген жауабын мұқият қадағалап, оқушылардың жауабына кері байланыс арқылы
  • Бағалау критерийі арқылы бағаланады

Денсаулық сақтау технологиялары.

  • Сыныптағы қауіпсіздік ережесі сақталуын қадағалау.

Қауіпсіздік техникасы туралы талқыланады. Оқушылар құрал – жабдықтармен танысады. Сынып бес топқа бөлінеді, әр топ бес концентрациялы ерітіндімен жұмыс жасайды. Оқушылар қажетті концентрацияны өздері даярлайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

1.

2.

3.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу