Ауксин мен гиббереллиннің әрекеті. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
Оқушының аты-жөні _______________________ Сынып ________ Күні ___________
Фитогормондар барлық биологиялық процестерге және дамудың барлық деңгейлеріне белсенді қатысады - тұқымның өнуінен жеміс пен жапырақтың ыдырауына дейін, өсімдіктердің қоршаған орта әсеріне бейімделуіне және аурулармен күресуіне көмектеседі.
Фитогормондар тікелей өсімдікте қалыптасады және оның өмірінде өте аз мөлшерде болады.
Ауксиндер
Ауксиндер – өсімдік жасушаларында түзілетін физиологиялық маңызы зор, өсу процестеріне демеу болатын өсімдіктер гормондары, индол туындылары. Олар жасанды және табиғи жолмен түзіледі. Жасанды ауксин – өсімдік өсіру тәжірибесінде қолданылатын кристалды заттардан (мыс., индолил май қышқылы, нафтил-сірке қышқылы, т.б.) алынады. Табиғи ауксин барлық жоғ. және төм. сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінде, сондай-ақ бактерияларда түзіледі. Олар өсіп келе жатқан өркендердің ұштарында, тұқымда, тұқымжарнақта пайда болып, жасушалардың созылуын, сабақтың, жапырақтардың, тамыр кесінділерінің өсуін, олардың иілгіштік қасиеттерінің пайда болуын тудырады, қалемшелердің тамырлану қарқынын тездетеді. Ауксин әсерінен қышқылданған клетка қабығы жұмсарып, оның құрамындағы целлюлоза және пектиндік полимерлері үзіліп, қасиеті өзгереді. Бұл ішкі (тургорлық) қысымның әсерінен өсіп келе жатқан жасушаның созылуын жеңілдетеді. Ауксин қоректік ортада өскен өсімдік ұлпасында (каллус) және қалемшелерде қосалқы тамырлардың пайда болуына ықпал ететіндіктен көбеюі жеделдейді. Ауксин мен өсімдік гормондары (цитокининдердің) біріккен үйлесімді әсері жасанды ортада өскен жасуша ұлпаларының жіктелуін және тамыр түзілуін қамтамасыз етеді.
Гиббереллин
Гиббереллиннің ашылуы өсімдіктің ауруына байланысты болды. Gibberella fujikuroi деген саңырауқұлақ жұққан кезде күріш өте ұзын болып өседі және дән бермейді. Осындай өсімдіктің әдеттен тыс өсуін іске асыратын саңырауқұлақтың затын гиббереллин деп атайды. Гиббереллин құрылысы ұқсас әртүрлі қосылыстардың қоспасы және олар өсімдіктің өздерінде синтезделетін фитогормондар болып шықты. Индол сірке қышқылы секілді гиббереллиндер буындары арқылы сабақтың ұзаруын тездетеді. Дегенмен олардың басты қызметі – гүлденуді бастау және оны рет
Тапсырма 4. Венн диаграммасында ауксиндер мен гиббереллиндердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын толтырыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?