Ауксин мен гиббереллиннің әрекеті. Биология, 11 сынып, презентация.
Адам табиғаттың патшасы ма? Адам өсімдіктердің онтогенезін бақылай ала ма?
12 ай ертегінде қыста бәйшешектер қалай гүлдегені есімізде. Адам өсімдіктердің өсуі мен дамуын бақылай ала ма?
Сабақ тақырыбы:
Ауксин мен гиббереллиннің әрекеті.оқу мақсаты: 11.1.7.3 өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін зерттеу
Сабақ мақсаты
Оқушыларды өсіргіш заттарымен және оларды пайдалану ерекшеліктерімен таныстыру;
Оқушыларды өсіргіш заттарының көмегімен онтогенезді бақылау мүмкіндігімен таныстыру.
Өсімдіктің өсуіне арналған заттарды атайды
Стимуляторлардың өсімдіктердің өсуіне әсерін сипаттайды
Өсімдіктердегі өсіргіш заттарының айырмашылығын түсіндіреді
Бағалау критерийлер
Фитогормондар, өсімдіктер гормондары — өсімдіктермен өндірілетін және реттеуші функцияларды атқаратын төмен молекулалы органикалық заттар. Олар 10−11 М – ге дейін жететін төмен концентрацияда болса да, өсімдікке үлкен физиологиялық және морфологиялық әсер істей алады.
Жануарларға қарағанда өсімдіктерде гормондарды шығаратын арнайы органдар болмайды. Соған қоса өсімдіктердің кейбәр бөліктерінде гормондардың мөлшері айрықша көп болады; мысалы, ауксиндармен сабақтың жоғары меристемалары бай, гиббереллиндармен – жапырақтары, цитокининдармен – тамыры мен дәні.
Фитогормондар әртүрлі өсу процестеріне себеп болады, бұл процестерге өсімдіктердің белсенді өсуі, генерациялық дамуы, тропизмдер, регенерация және т.б. жатады.
Жалпы қасиеттері
Өсімдіктің әртүрлі бөліктерінде өндірілетін, және өсімдіктің басқа бөліктеріне тасымалданатын химиялық қосылыстар тек кішкентай концентрацияда ғана әсерлі және ферменттерге қарағанда төмен спецификациямен ерекшеленеді. Бұл гормондарды танитын жасушалардың әртүрлі жұмыс жасау жағдайымен түсіндіріледі. Фитогормондардың әсері басқа сыртқы және ішкі факторлармен де анықталады.
Классификациясы мен структурасы
Жалпы классификацияда гормондарды 5 басты топтарға бөледі. Әртүрлі өсімдіктердің гормондары әртүрлі болып келеді, сондықтан оларды өсімдікке тигізетін физиологиялық әсері мен химиялық құрамы бойынша топталған. Соған қоса кейбір физиологиялық белсенді гормондар ешбір топқа жатпайды. Әр топ өзіне гормондармен бірге ингибиторларды жатқызады. Көпшілік жағдайда фитогормондардың басым бөлігі ингибиторлармен жұптасып жұмыс жасайды.
Фитогормондардың басты топтары:
Абсциздік қышқыл
Абсциздік қышқыл (ағылш. АВА) абсцизин, дормин – фитогормондарға жатады. Абсциздік қышқыл ағаш бүршіктерінің қысқы ұйқыға кетуіне жауап береді.
Абсциздік қышқылдың жапырақтардың түсүіне тікелей байланысы бар екені анықталды. Қысқа дайындық кезінде абсциздік қышқыл өсімдіктердің бүршіктерінің ұшында синтезделіп, өсуді баяулатады. Абсциздік қышқыл сонымен қоса камбий ұлпасының бөлінуін шектетіп, бастапқы және екінші өсуді тоқтатады. Сонымен қатар, абсциздік қышқыл тамырларда пайда болып, суды қолдануды бәсеңдетіп, жапырақтарға барады. Жапырақтарда саңылаулардың жабылуына әсер етіп, судың жапырақтар арқылы булануынан қадағалайды.
Ауксиндер
Ауксиндер (грекше αὔξω – көбейемін, өсемін) – өсімдіктің сабағы мен дәнінің өсуін, күн сәулесі мол жерге бағыттала өсуін, гравитропизм бойынша тамырлардың төменге бағыттала өсуін қадағалайды.
Цитокининдер
Цитокининдар (грекше κύτταρο – ұяшық + κίνηση - қозғалыс ), өсімдіктердің жасушаларының бөлінуі мен басқа физиологиялық процестерге жауап береді.
Цитокининдар көбінесе тамырларда, сабақта және жапырақтарда синтезделеді. Камбий және басқа да қарқынды бөлініп жатқан өсімдік ұлпалары цитокининнің синтезделетін жері болып табылады. Солай да цитокининдер трансдукцияға қатысып, пуриндар мен нуклеозидтардың транспортына қатысады.
Цитокининдар жасушалардың көбеюін, сабақ пен тамырдың морфогенезін, хлоропласттардың пайда болуын реттейді, жасушалардың ретті өсуін, жанама сабақтар мен тамырлардың дамуына жауап береді.
Этилен
Этилен – өсімдіктердің өсу гормонын атқарады. Этилен тек өте кішкентай концентрацияда жұмыс жасап, жемістердің өсуін, өсімдіктің гүлденуін, жапырақтардың түсуін, тамырлардың өсуіне жауап береді.
Шаруашылықта жемістердің тез пісуі үшін арнайы бөлмелер не камералар қолданады. Сол бөлменің атмосферасына арнайы генераторлар арқылы этилен шашылып, 24 – 48 сағат бойы ұстайды.
Гиббереллиндер
Гиббереллиндер – дитерпендік табиғаты бар фитогормондардың тобы. Олар гипокатильдің ұзарып өсуі, гүлдену дәндерінің өсуі мен әртүрлі морфогенетикалық процестерге жауап береді.
Гиббереллиндер қышқылды және сілтілік ортада өте тез жойылады.
Гиббереллиндер тез өсетін ұлпаларында, әлі де піспеген тұқымы мен жемістерінде, жас сабақтар мен жапырақтарда көптеп кездеседі.
Гиббереллиндер. Жапон ғалымы Куросава 1926 жылы Gibberella саңырауқұлағы өсірілген ортаның сүзілген тұнбасының күріш пен жүгері өскіндерінің өсуіне әсері бар екендігін анықтады. Одан кейін сол елдің ғалымдары Ябута мен Сумики одан әрі тәжірибе жұмыстарын жалғастырып саңырауқұлақ өскен ортадан заттарды бөліп алып, химиялық қүрамын анықтап, оларды гиббереллиндер деп атады. Бұл фитогормон кейін жоғары сатыдағы өсімдіктерден де табылды. Соңғы кездегі мәліметтерге сәйкес гиббереллиндердің 60-тан аса түрі белгілі. Олардың молекулалық құрылыстары өте ұқсас, құрамында 19 немесе 20 көміртегі атомдары бар екі алты мүшесі және екі бес мүшелі сақиналардан тұратын дитерпиноидтар.
«Онтогенез» термині нені білдіреді?
Онтогенез - бұл ұрықтандырудан бастап, ағзаның табиғи өліміне дейін ағзаның жеке дамуы.
Өсімдіктер тіршілігінде қандай кезеңдер бар?
Өмірді басқару деген ұгым нені білдіреді?
Кез-келген процесті тездету немесе кешіктіру, ұзарту.
Осыны қалай жүзеге асыруға болады?
Биологиялық белсенді заттардың, гормондардың көмегімен.
Тапсрыма 1. Өсімдіктердің өсуіне әсер ететін заттар туралы не білесіздер?
гормондардан айырмашылығы, заттардың мақсатты мүшелері жоқ, олар синтезделетін жерде тұтынылады
Тапсрыма 2. Өсіргіш заттар ұғымының анықтамасын құрастырып жазыңыз
өсімдіктегі өсу процестерін реттеуге қатысатын қосылыстар
Тапсырма 3.
өсімдіктердің өсуіне әсер ететін заттар мен олардың әсері туралы ақпаратты оқыңыз (қосымша 1)Тапсырма 4.
Венн диаграммасын құрастырыңыз.
Задание 5.
Mindmeister бағдарламасында өсімдіктердің өсуіне арналған стимуляторлар туралы білімдеріңіздің негізінде жұппен ақыл-ой картасын жасаңыз
Қорытынды:
Фитогормондар өсімдікке жетіспеген кезде ғана әсер етеді. Бұл тұқымның өнуі, гүлденуі, жеміс пайда болуы кезінде, сондай-ақ өсімдік организмінің тұтастығы, мысалы, шламдар, оқшауланған тіндер бұзылған кезде байқалады.
Өсімдікті жеткілікті мөлшерде сумен және қоректік заттармен қамтамасыз ету қажет.
3. Барлық гормондардың әрекеті концентрацияға байланысты. Шамадан тыс себептер ынталандыру емес, өсімдіктің күрт тежелуі және тіпті өсімдіктердің өлімі.
4. Фитогормондар - ауксин, цитокинин, гиббереллин, абцисин, этилен - өсімдіктердегі реттеудің негізгі жүйес
Рефлексия
Жұмыстың қай түрін орындау сізге қиыншылықтар келтірді?
Келесі сабақта сізге мұғалім тарапынан қандай көмек болғанын қалайсыз?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?