Өсіргіш заттар. Өсіргіш заттардың өсімдіктерге әсер ету механизмі. Ауксин мен гиббереллиннің әсері. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.2 B Координация және реттелу

  • Мектеп:
  • Күні: Мұғалім:
  • Сынып: 11
  • Қатысқандар саны:
  • Қатыспағандар саны:
  • Сабақ тақырыбы
  • Өсіргіш заттар. Өсіргіш заттардың өсімдіктерге әсер ету механизмі. Ауксин мен гиббереллиннің әсері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.7.3 - өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін зерттеу

 Сабақ мақсаттары

Өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін зерттеу

 Бағалау критерийлері

Оқушылар жаңа терминдерге сипаттама береді, өсімдіктердің өсуіне өсіргіш заттардың әсерінің механизмін түсіндіреді. Оқушылар өсімдіктерге гормондардың әсерін сипаттайды және түсіндіреді.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология

жүйкелік реттелу, гуморальды реттелу, гипоталамус, гипофиз, медиатор, биологиялық белсенді заттар, нысан – жасушалар, медиатор, гормондар, эндокриндік жүйе, стимул, реттеуші, эффектор, афферент, кері байланыс, жағымсыз және жағымды кері байланыстар, гомеостаз.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

……жүйке жасушалары арқылы жүзеге асады.

Жүйкелік реттелу ….. көмегімен және мадиаторлармен жүзеге асырылады.

Бұлшық еттің жиырылуын … реттеп тұрады.

Психикалық үдерістердің жүруін… қамтамасыз етеді.

Гуморальды реттелу ... көмегімен жүзеге асырылады.

 Пәнаралық

 байланыстар

Химия – гормондардың жасушаға әсері

Ауыл шаруашылығы – өнімді өсіру кезінде жасанды фитогормондарды қолдану мүмкіншілігі

 АКТ қолдану

 дағдылары

Оқу үрдісін электрондық ресурстармен визуализациялау

Microsoft PowerPoint

Бастапқы білім

Координация және реттелу: 7-10 сыныптар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 мин

5-10 мин

1.Өткен тақырыптың өзектілігі.

«Миға шабуыл»

Мұғалім өсімдік гормондарына қатысты кейбір сұрақтарды талқылауды ұсынады. Мысалы:

-фитогормон ұғымын қалай түсінесіздер?

-ингибиторлар немен ерекшеленеді?

-қай фитогормон газ тәрізді болып табылады?

-қай өсімдік гормоны басқа фитогормондардың әсерін тежей алады? Мысал келтіріңіздер.

2.Бастапқы іс-әрекет

Проблемалық сұрақ

Мұғалім талқылауға сұрақ қояды:

«Қандай синтетикалық гормондарды білесіздер?»

3.Оқушылар сабақтың тақырыбын, мақсатын, бағалау критерийлерін қалыптастырады.

Оқу таныстырылымы

Сабақтың ортасы

10-35

35-38 мин

4.Мұғалім түсіндірмесі.

Мұғалім сабақтың негізгі тірек терминдерін түсіндіреді. Сонымен қатар өсімдіктің өсуіндегі және дамуындағы ауксиннің ролін түсіндіреді. Оқушылар дәптерге ауксиннің өсімдік жасушаларына әсерінің суретін салу қажет.

5. «Джигсо» әдісі арқылы топтық жұмыс (4 топ).

5.1.Мұғалім бірінші кезекте 4 топ құрайды (эксперттер), бұл топтар өсімдік гормондары тақырыбының бір бөлігімен оқып, танысады.

1-топ – цитокининдер

2-топ – гиббереллиндер

3-топ – абсциз қышқылы

4-топ – этилен

Жаңа ақпаратпен танысу барысында оқушылар негізгі түйінді сөздерді талқылап, даптерлеріне жазып алулары қажет.

5.2.Мұғалім қайтадан жаңа шағын топтар құрайды, әрбір жаңа топта алдыңғы 4 топтың әрбір мүшесі болуы қажет. (әр топта 1,2,3,4 топтың мүшелері)

Жаңа шағын топтарда оқушылар оқып, танысқан ақпараттарымен бөліседі. Әрбір топ мүшесі өзі оқып, білген өсімдік гормонын айтып береді және басқа оқушылардың ақпараттарын мұқият тыңдайды.

5.3.Келесі кезеңде оқушылар бастапқы топтарына қайта оралады (эксперттер) және барлығы өсімдік гормондарының түрлерін талқылайды.

Мұғалім оқушылармен бірге жаңа тақырыпты және алынған нәтижелерді талқылайды.

6.Тексеру жұмысы.

Оқушылар фитогормондардың өсімдіктің өсуі мен дамуына әсерін қаншалықты түсінгендерін тексеру мақсатында жеке жазбаша түрде тексеру жұмысын орындайды.

Қосымша 1

Маркерлер, А3 форматындағы қағаздар, ноутбуктер

Қосымша 2

Сабақтың соңы

38-40

Кері байланыс:

Мұғалім сабақ мақсатына оралып, критерийлердің орындалу деңгейін талқылайды. Оқушылар сабақ барысында жақсы іске асқан немесе қиындық туғызған мәселелерді анықтайды.

стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады, уақыт ескерілу қажет.

«Миға шабуыл», топтық жұмыс «Джигсо» әдістері оқушыға тақырыпты меңгеруге, кандай да бір шешім қабылдауға, бағалауға мүмкіндік туғызады.

Мұғалім оқушылардың үлгерімін сабақ барысында бағалайды, сабақтың соңында оқушылар өздерінің және сыныптастарының ауызша түсіндірмелерін бағалайды. Оқушылар сабақ соңында өздерінің жетістіктерін бағалау мақсатында жеке жұмыс орындайды.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Қауіпсіздік техникасы ережелеріне кіріспе нұсқаулық

Көз гимнастикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу