Өсіргіш заттар, олардың өсімдіктердің өсуіне әсер ету механизмі Практикалық жұмыс «Өсімдіктің өсуі мен дамуына ауксиннің әсерін зерттеу». Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

11.2В Координация және реттелу

Күні:

Сынып: 11

Мектеп: Павлодар қаласындағы ХББ НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Өсіргіш заттар, олардың өсімдіктердің өсуіне әсер ету механизмі

Практикалық жұмыс «Өсімдіктің өсуі мен дамуына ауксиннің әсерін зерттеу»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.1.7.3 өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін зерттеу

 Сабақтың мақсаттары

Оқушылар:

  • стимуляторлардың (өсіргіш заттар) өсімдіктердің өсуіне әсер ету механизмін сипаттайды;
  • өсімдіктің өсуі мен дамуына ауксиннің әсерін зерттейді;
  • биология кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды;
  • практикалық жұмыстың мақсаты мен болжамын анықтайды;
  • зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды жасайды.

 Бағалау критерийлері

Оқушылар өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін сипаттайды және өсімдіктің өсуі мен дамуына ауксиннің әсерін түсіндіреді. Нәтижелерді талдайды және кестенің әрбір бағандарын дұрыс толтырады, өз бақылаулары бойынша қорытынды жасайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер ету механизмін сипаттайды (жазылым дағдылары)

Пәндік лексика және терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Өсіргіш заттар

Стимуляторы

Stimulants

Фитогормондар

Фитогормоны

Phytohormones

Өсімдік гормондары

Растительные гормоны

Plant hormones

Ауксин

Ауксин

Auxin

Гиббереллин

Гиббереллин

Gibberellin

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық:

  • Мұғалім сыныпта жағымды психологиялық атмосфера орнатады;
  • Оқушылар мұғаліммен бірге сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды;
  • Мұғалім оқушыларға, оқушылар бір-бірлеріне көмек көрсетеді;
  • Сабақта оқушылармен кері байланыс орнатылады.

Патриотизм және азаматтық борыш:

  • Ана тілінде өз ойларын еркін жеткізеді;
  • Үштілділік қолданылады.

Өмір бойы оқу:

  • Алған білімі өмірде керек болатынын түсінеді.

 Пәнаралық байланыс

Химия, физика

 АКТ дағдылары

Интернет көздерін пайдалану

Осыған дейін меңгерілген білім

Координация және реттелу: 7-10 сыныптар

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-1 мин

Сабақты ұйымдастыру

  • Амандасу
  • Сабаққа қатысуларын тексеру
  • Сыртқы көрінісі
  • Жағымды психологиялық орта қалыптастыру

2-6 мин

Ой қозғау

Миға шабуыл

  • Өскіндер мен тамырлар ненің әсерінен иіледі?
  • Бір жақты жарық әсерінен гормон ауксин қалай, қайда жылжиды?
  • Неліктен сабақтарда теріс геотропизм болады – жоғары өседі, ал тамырларда оң геотропизм – төмен өседі?

Оқушылар өз ойларын ортаға салады, мұғаліммен талқылайды

Сол арқылы практикалық сабақтың тақырыбына шығады.

Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын анықтайды.

(сабақтың мақсатын тақтаға жазып қоюға болады)

Оқушылардың қауіпсіздік ережесін сақтауларына назар аудару (халаттың болуы, халаттың түймеленуі, шаштың жинақы болуы, партада артық заттардың болмауы, т.б.)

Презентация

7-8 мин

Ұғыну

Оқушылар практикалық жұмыстың мақсатын және болжамын анықтайды. Құрал-жабдықтармен және жұмыс барысымен танысады

Сабақтың ортасы

9-33 мин

Жұппен жұмыс

Практикалық жұмыс парақшасы арқылы жұмысты ұқыпты орындау

Берілген сұрақтар арқылы сабақты қорытындылау

Практикалық жұмыс парақшасы

34-36 мин

Бейнежазба арқылы сабақты бекіту

«Phototropism» (ағылшын тілінде)

ИТ, видео

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс.

Бүгінгі сабақтың мақсатына жеттік пе? (сабақтың мақсатына оралу)

Қиындық тудырған сұрақтарды анықтау.

Рефлексия «Бүгін мен сабақта…»

… білдім

… үйрендім

… істей аламын

Үй тапсырмасы. Ақпаратпен жұмыс. Биология Грин, Стаут, Тейлор 2 том, 244-270 бет

Қосымша ақпарат

ДифференциацияСіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету тәсілдері бойынша саралау жасалады.

Оқушылардың практикалық парақтағы сұрақтарға жауап жазу арқылы жазылым, оқылым дағдылары дамиды.

Қиындық тудырған сұрақтарды анықтау.

Биология кабинетінде жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасы сақталады.

Рефлексия

Оқу мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

ОМ барлық оқушылар жетті ме?

Егер жетпесе, онда неге?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт бойынша кезеңдері сақталды ма?

Сабақтан жоспарынан тыс өзгерістер болды ма және неге?

Бұл бөлімді сабақ туралы ойлануға қолданыңыз. Өзіңіздің сабағыңыз туралы маңызды сұрақтарға сол жақ бағаннан жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу