Гормоналды сигналдардың мембрана рецепторлары арқылы берілуі. Биология, 11 сынып, презентация.
Сабақ тақырыбы: Гормоналды сигналдардың мембрана рецепторлары арқылы берілуі.
Сабақтың мақсаттары:
• Эндокриндік бездер және олардан бөлінетін гормондар түрлерін біледі;
• Гормондарды химиялық табиғатына қарай жіктей алады;
• Жасушаға ене алмайтын гормондардың әсер етуінің негізгі механизмін адреналин гормоны мысалында түсіндіре алады.
Бағалау критерийлері:
Гормондар дегеніміз не екенін айта алады.
Гормондарды жіктей алады.
Жасушаға ене алмайтын гормондардың әсер етуінің негізгі механизмін түсіндіре алады.
Гормон-биологиялық активті заттар,олар арнайы эндокриндік ұлпада түзіліп шығарылады,яғни зат алмасуға және организмнің функциональдық реттеуге қатысады.
Гормондардың қасиеттері:
а) олар өте белсенді, тым азғантай мөлшерде (микрограмм, нанограмм, пикограмм) әсер ете алады;
ә) әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде екінші бездің гормоны немесе басқа бір белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды;
б) арнайы мамандаған инкреторлы жасушада өндіріледі, ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты, яғни қашық тұрып, алыстан әсер етеді.
Химиялық табиғатына байланысты
гормондарды жіктеу
1 Пептидті және нәруызды гормондар — гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөліктері мен ұйқы безі гормондары (инсулин, глюкагон), т.б.;
2 Стероидты гормондар — холестериннің туындылары (кортикостероидтер, тестостерон, прогестерон және эстрогендер);
3 Аминқышқылдық (аминдік) гормондар - гидрофильдік қасиеті бар гормондар (адреналин, норадреналин, тироксин, трийодтиронин)
4 Май қышқылдық гормондар - простагландиндер
Әрбір гормонның өздерінің меншікті рецепторлары болады. Нысана-жасушаның бірнеше мың рецептор-нәруызы бар. Мысалы, стероидты гормондарға 10000 шамасындай рецептор арналады. Әр рецептор гормонның бір молекуласын қайтымды байланыстыра алады.
Гормондар химиялық табиғатына қарай негізгі 4 топқа бөлінеді
Гормондардың химиялық табиғаты
Гормондардың химиялық табиғаты
Гормондар
Стероидтар
Бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының гормондары
(кортикоидтар)
Жыныс безінің гормондары
Аналық без гормондары
Аталық без гормондары андрогендер (тестостерон)
Эстрогендер (эстрадиол)
Прогестерон
Пептидті гормондар (инсулин, глюкагон)
Амин қышқылды гормондар (тироксин, адреналин)
Әртүрлі, аралас гормондар (простогландиндер, цитокининдер)
Гормондар химиялық табиғаты
бойынша жіктеледі:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?