Гормоналды сигналдардың мембрана рецепторлары арқылы берілуі. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.
Гормондардың әсер етуінің негізгі екі механизмі болады:
- Жасушаға ене алмай, жасуша сыртынан әсер етеді
Бұл жағдайда рецепторлар жасуша мембранасына орналасады. Гормонның рецепторлармен әсеріне байланысты мембрана ферменті аденилатциклаза пайда болады. Осы фермент АТФ түзілуіне әсер етеді. Бұл АТФ гормон эффектінің жасушалық іске асырушысы болып табылады.
- Жасушаға еніп, жасуша ішінен әсер етеді.
Бұл жағдайда жасуша рецепторлары цитоплазмада болады. Цитоплазмаға өтетін гормондар липофильді, сондықтан мембрана арқылы оңай өтеді. Гормон-рецепторлар комплекс жасуша ядросына еніп кетеді. Жасуша ядросына комплекс ыдырап кетеді де гормон ядро ДНК-сының белгілі бір бөліктерімен әсерлесу нәтижесінде ерекше матрица РНК-сы пайда болады. Матрица РНК ядродан шығып рибосомалардағы ақуыздың, не ақуыз ферментінің синтезіне жағдай жасайды.
Гормондардың әсер ету механизмі
Жасушаға ене алмайтын гормондарға аминдік және пептидтік гормондар жатады. Олар жасушаға ене алмайтындықтан, аденилатциклаза ферменті арқылы сырттан әсер етеді.
1) Гормон жасуша мембранасындағы арнайы рецепторларға әсер етеді 2) Рецепторлар G-нәруыздардың көмегімен аденилатциклаза ферментімен байланысады 3) Гормон-рецептор кешені аденилатциклаза ферментін белсендіріп, АТФ-ті цАМФ-ке дейін ыдыратады 4) цАМФ күрделі реакция тізбегі арқылы алдымен белсенді емес протеинкиназаны, кейін басқа да ферменттерді фосфорлау жолымен белсендіреді 5) Соңғы биологиялық әрекет (эффект) пайда болады |
Жасушаға ене алатын гормондарға стериоидты гормондар және тироксин (Т3) мен трийодтиронин (Т4) жатады.
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?