Гормоналды сигналдардың мембрана рецепторлары арқылы берілуі. Биология, 11 сынып, презентация.
Сабақ тақырыбы: Гормоналды сигналдардың мембрана рецепторлары арқылы берілуі.
Сабақтың мақсаттары:
• Жасушаға ене алмайтын гормондардың әсер етуінің негізгі механизмін адреналин гормоны мысалында түсіндіре алады.
Бағалау критерийлері:.
Жасушаға ене алмайтын гормондардың әсер етуінің негізгі механизмін түсіндіре алады.
Жасушаға еніп, жасуша ішінен әсер ететін гормондардың негізгі механизмдерін түсіндіре алады.
Гормондардың әсер етуінің негізгі екі механизмі болады:
Жасушаға ене алмайтын гормондарға аминдік және пептидтік гормондар жатады. Олар жасушаға ене алмайтындықтан, аденилатциклаза ферменті арқылы сырттан әсер етеді.
1) Гормон жасуша мембранасындағы арнайы рецепторларға әсер етеді
2) Рецепторлар G-нәруыздардың көмегімен
аденилатциклаза ферментімен байланысады
3) Гормон-рецептор кешені аденилатциклаза ферментін белсендіріп, АТФ-ті цАМФ-ке дейін ыдыратады
4) цАМФ күрделі реакция тізбегі арқылы алдымен белсенді емес протеинкиназаны, кейін басқа да ферменттерді фосфорлау жолымен белсендіреді
5) Соңғы биологиялық әрекет (эффект) пайда болады
Жасушаға ене алатын гормондарға стериоидты гормондар және тироксин (Т3) мен трийодтиронин (Т4) жатады.
1) Гормон жасуша мембранасы арқылы цитоплзамаға өтеді
2) Жасуша ішінде (цитоплазмада) гормон рецептормен байланысып, гормон-рецептор кешенін түзеді
3) Гормон-рецептор кешені ядроға еніп, ДНҚ-мен байланысады (транскрипция)
4) аРНҚ (мРНҚ) синтезделеді (нәруыз синтезін тудырады), ол ядродан цитоплазмаға шығып, рибосомамен байланысады
5) Цитоплазмада нәруыз синтезделеді (трансляция)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?