Гормоналды сигналдардың мембрана рецепторлары арқылы берілуі. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

11.2В Координация және реттелу

Күні:

Сынып: 11

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Гормоналды сигналдардың мембрана рецепторлары арқылы берілуі.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.1.7.2. Гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру.

 Сабақтың мақсаттары

Оқушылар:

  • Жасушаға ене алмайтын гормондардың әсер етуінің негізгі механизмін адреналин гормоны мысалында түсіндіре алады.

 Бағалау критерийлері

Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді.

Жасушаға ене алмайтын гормондардың әсер етуінің негізгі механизмін түсіндіре алады.

Жасушаға еніп, жасуша ішінен әсер ететін гормондардың негізгі механизмдерін түсіндіре алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтаудағы адреналиннің маңызын түсіндіреді (айтылым). Жазбаша тапсырмаларды орындайды (тыңдалым және жазылым дағдылары)

Пәндік лексика және терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Гомеостаз

Гомеостаз

Homeostasis

Гормондар

Гормоны

Hormones

Эндокриндік бездер

Эндок

инные железы

Endocrine glands

Адреналин

Адреналин

Adrenalin

Бүйрекүсті безі

Надпочечники

Adrenal glands

Гликоген

Гликоген

Glycogen

Глюкоза

Глюкоза

Glucose

Бірінші реттік мессенджер

Первичный мессенджер

First messenger

Екінші реттік мессендже

Вторичный мессенджер

Second messenger

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Адреналин гормоны жасушаға ене алмайды, себебі ................... ............... болып табылады

Гормон дегеніміз ...............

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық:

  • Мұғалім сыныпта жағымды психологиялық атмосфера орнатады;
  • Оқушылар мұғаліммен бірге сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды;
  • Мұғалім оқушыларға, оқушылар бір-бірлеріне көмек көрсетеді;
  • Сабақта оқушылармен кері байланыс орнатылады.

Патриотизм және азаматтық борыш:

  • Ана тілінде өз ойларын еркін жеткізеді;
  • Үштілділік қолданылады.

Өмір бойы оқу:

  • Алған білімі өмірде керек болатынын түсінеді.

 Пәнаралық байланыс

Гормондардың әсер ету механизмі кезінде химиямен байланысады (фосфорлау, нәруыз синтезі, т.б.)

 АКТ дағдылары

Интернет көздерін пайдалану

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар эндокринді бездердің орналасуын, гомеостаз ұғымын және 8-сыныпта гомеостазға тартылған кейбір гормондарды біледі. 7-сыныпта алған білімдеріне сүйене отырып, олар ортаның ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етудегі жануарлардың жүйке жүйесінің рөлін түсіндіре алады

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-1 мин

Сабақты ұйымдастыру

  • Амандасу
  • Сабаққа қатысуларын тексеру
  • Сыртқы көрінісі
  • Жағымды психологиялық орта қалыптастыру

2-4 мин

Сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады, оқушылар сабақ мақсаты на жету үшін бағалау критерийлері қалыптастырылады.

Интербелсенді тақта (ИТ),

Презентация

1-2 слайдтар

5-8 мин

Мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі.

Гормондардың әсер етуінің негізгі екі механизмі болады:

  • Жасушаға ене алмай, жасуша сыртынан әсер етеді

Бұл жағдайда рецепторлар жасуша мембранасына орналасады. Гормонның рецепторлармен әсеріне байланысты мембрана ферменті аденилатциклаза пайда болады. Осы фермент АТФ түзілуіне әсер етеді. Бұл АТФ гормон эффектінің жасушалық іске асырушысы болып табылады.

  • Жасушаға еніп, жасуша ішінен әсер етеді.

Бұл жағдайда жасуша рецепторлары цитоплазмада болады. Цитоплазмаға өтетін гормондар липофильді, сондықтан мембрана арқылы оңай өтеді. Гормон-рецепторлар комплекс жасуша ядросына еніп кетеді. Жасуша ядросына комплекс ыдырап кетеді де гормон ядро ДНК-сының белгілі бір бөліктерімен әсерлесу нәтижесінде ерекше матрица РНК-сы пайда болады. Матрица РНК ядродан шығып рибосомалардағы ақуыздың, не ақуыз ферментінің синтезіне жағдай жасайды.

Интербелсенді тақта (ИТ),

Презентация

3 слайд

Сабақтың ортасы

9-28 мин

Жұптық жұмыс

«Жұптас-бөліс» тәсілінің көмегімен гормондардың әсер етуінің негізгі екі механизмін зерттеу.

Жұптарға жасушаға ене алмайтын және жасушаға еніп, жасуша ішінен әсер ететін гормондардың негізгі механизмдері жайында ақпараттар беріледі немесе өздеріде интернеттен басқада ақпарат көздерінен іздеуіне болады.

Әр топтағы бір оқушы жасушаға ене алмайтын, екінші оқушы жасушаға еніп, жасуша ішінен әсер ететін гормондардың негізгі механизмдері жайында жаңа білім алады, кейін бір-біріне түсіндіреді.

Ақпараттық жұмыс парақшалары.

Интербелсенді тақта (ИТ),

Презентация

4-5 слайдтар

29-30 мин

Бейнебаян көру «Жасушаға ене алмайтын гормондардың әсер етуінің негізгі механизмі» (ағылшын тілінде)

Бейнебаян

31-37 мин

Қалыптастырушы бағалау арқылы сабақты бекіту

Қалыптастырушы бағалау

Сабақтың соңы

38-40 мин

Кері байланыс.

Бүгінгі сабақтың мақсатына жеттік пе? (сабақтың мақсатына оралу)

Қиындық тудырған сұрақтарды анықтау.

Рефлексия «Бүгін мен сабақта…»

… білдім

… үйрендім

… істей аламын

Үй тапсырмасы. Ақпараттық парақшалармен жұмыс: Теориялық материал 1, 2 жұмыс.

Қосымша ақпарат

ДифференциацияСіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету тәсілдері бойынша саралау жасалады.

Оқушылардың практикалық парақтағы сұрақтарға жауап жазу арқылы жазылым, оқылым дағдылары дамиды.

Қиындық тудырған сұрақтарды анықтау.

Биология кабинетінде жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасы сақталады.

Рефлексия

Оқу мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

ОМ барлық оқушылар жетті ме?

Егер жетпесе, онда неге?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт бойынша кезеңдері сақталды ма?

Сабақтан жоспарынан тыс өзгерістер болды ма және неге?

Бұл бөлімді сабақ туралы ойлануға қолданыңыз. Өзіңіздің сабағыңыз туралы маңызды сұрақтарға сол жақ бағаннан жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу