Өсімдіктегі су тасымалы. Биология, 11 сынып, презентация.
Өсімдіктердегі су тасымалы
Оқу мақсаты
11.1.3.2 Заттардың симпластық, апопластық, вакуолярлық жолдар арқылы тасымалданудың мәнін түсіндіру
Критерий
Транспирация жүретін мүшелерді және қалай жүзеге асатынын еске түсіреді.
Өсімдіктегі апопласт, симпласт, вакуольдік тасымалды түсіндіреді.
Каспариан белдемшесінің маңыздылығын түсіндіре алады.
Vocabulary
English
Symplast pathway
Apoplast pathway
Vacuolar pathway
Plasmodesmata
Cell wall
Cytoplasm
Intercellular space
Kazakh
Симпластық жол
Апопластық жол
Вакуольдік жол
Плазмодесмата
Жасуша қабықшасы
Цитоплазма
Жасушааралық кеңістік
Миға шабуыл
Транспирация дегеніміз не?
Өсімдіктің қандай мүшелері транспирацияға қатысады?
Өсімдіктер үшін транспирацияның маңызы қандай?
Миға шабуылды 3 оқушыдан тұратын топ арқылы жүзеге асыру.
Уақыт: 6 минут.
Өсімдіктегі су тасымалы туралы бейне – баян.
https://twig-bilim.kz/kz/film/root-hairs
Өсімдіктегі су тасымалы
Суретте өсімдіктегі судың қалай тасымалданатыны көрсетілген.
Су потенциалына сүйене отырып суретті түсіндіріңіз.
Cу потенциалы дегеніміз не?
Су потенциалы дегеніміз – ерітінді де су молекуласының еркін өту мүмкіндігі.
Су потенциалының белгіленуі ψ. Өлшем бірлігі kPa.
Таза суда су потенциалы жоғары яғни ψ = 0 kPa
Су осмос арқылы потенциалы жоғарыдан су потенциалы төмен аймаққа өтеді.
Су потенциалы
Егер су потенциалы жасуша ішінде төмен болса (тұз концентрациясы жоғары) су ішке осмос арқылы өтеді.
Егер су потенциалы жасуша ішінде жоғары болса (тұз концентрациясы төмен) су сыртқа осмос арқылы шығады.
Жасуша сыртында су потенциалы төмен
Сырта су потенциалы төмен, су жасуша сыртына шығады.
Өсімдіктер қысқа кезеңде тіршілігін сақтай алады.
Бұл жасушаның плазмолизі деп аталады.
Жасушадағы су потенцифлының айырмашылығы
Су қозғалысының жолдары
Су ксилемаға тамыр жасушалары арқыл үш жолмен тасымалданады.
Симпластық жол
Вакуольдік жол
Апопластық жол
Бұл өсімдікке суды тез алуға мүмкіндік береді.
Топтық жұмыс
3 топта зерттеу жүргіземіз
1 топ - Апопластық жол
2 топ – симпластық жол
3 топ – Вакуольдік жол
Сіздерге 12 минут уақыт беріледі.
Бағалау критерийі
Өсімдік арқылы судың тасымал түрлерінің бағдарларды белгілеу үшін түрлі – түсті қарындаштарды қолданады.
Судың тамырдан жапыраққа дейін қалай қозғалатынын түсіндіреді.
Басқа топтар үшін бір емтихан сұрағын құрастырады.
4 слайдтан аспайтын презентация дайындайды.
3 тасымал жолы
Симпластық жол
Су жасуша цитоплазмасы арқылы тасымалданады.
Су бір жасушадан екінші жасушаға плазмодесмата арқылы тасымалданады.
Әрбір жасуша тамырдан алшақ болғандықтан су потенциалы төмен сондықтан су өсімдікке оңай енеді.
Вакуольдік жол
Вакуольдік жол симпластық тасымал секілді. Су цитоплазмаға қосымша жасуша вакуолі арқылы тасымалданады.
Апопластық жол
Судың тасымалдануы жасуша қабықшасы және жасушааралық кеңістік арқылы жүзеге асады.
Бұл судың ең жылдам тасымал жолы.
Апопласт (A), симпласт (B) және Вакуольдік (C) жолдар
Каспариан белдемшесі
Каспариан белдемшесі эндодермисте орналасады.
Каспариан белдемшесінде заттарды өткізбейтін суберин қабаты болады.
Нәтижесінде апопласттағы суды симпластық жолға ығыстырады.
Каспариан белдемшесінің маңыздылығы
Эндодермисте апопластық жолға кедергі қойылады.
Судың ксилема және флоемаға симпластық жолмен өтуіне мүмкіндік жасайды.
Тамыр қысымын арттырып судың жоғары көтерілуіне әсер етеді.
Ксилема және флоемаға қоректік заттар мен минералдарды талғап өткізеді
Каспариан белдемшесі
Жұптық жұмыс
Төмендегі кестеге апопластық және симпластық жолдарды салыстыра толтырыңыз.
Кестені толтыруға сізге 5 минут уақыт беріледі.
Жұптық жұмыс
Үй жұмысы
Су тасымалы туралы
‘‘Biological science’’ 1 &2 D.J.Taylor., N.O.P.Green., G.W.Stout кітабынан 435 – 440 беттерді оқу
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?