file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Өсімдіктердегі заттар транслокациясының механизмі. Биология, 11 сынып, презентация.


Бөлім: 11.1 Заттардың тасымалдануы

Транслокация

Өсімдіктердегі заттар транслокациясының механизмі

Оқу мақсаты

11.1.3.1 - өсімдіктердегі заттар транслокациясы механизмін түсіндіру

Бағалау критериі

Жабық тұқымды өсімдіктер сабағының көлденең қимасындағы ксилема мен флоэманы анықтап, олардың функцияларын сипаттаңыз;

Флоэмадағы «бұлақкөз» мен «қабылдауш» ; арасындағы туындайтын транслокация механизмін түсіндіріңіз;

«Бұлақкөз» мен «қабылдауыш»-ты ажыратыңыз;

Жаппай ағынның гипотезасын және оны қолдайтын дәлелдемелерді түсіндіріңіз;

Жаппай ағынның гипотезасына қарсы дәлелдемелерді сипаттаңыз.

Tерминология

English

Cambium

Sieve tube elements

Companion cells

Translocation

Қазақша

Камбий

Сүзгілі түтік элеменнтері

Серіктес жасушалар

Транслокация

Бейнекөрсетілім ссылкасы

https://highered.mheducation.com/sites/9834092339/student_view0/chapter38/animation_-_phloem_loading.html

Жабықтұқымдылар сабағының көлденен қимасы

Дара жарнақты өсімдіктердің зат тасымалдау элементтері

Қосжарнақты өсімдіктердің өткізгіш шоқтарының орналасуы

Қосжарнақты өсімдіктің жас сабағындағы өткізгіш шоқтарының

орналасу схемасы

1 Активити

Флоема тутіктерінің құрылысы мен қызметін сипаттаңыз;

Қандай жасушалар флоема түзілуіне оз ұлесін қосатынын сипаттаңыз.

Бағалау критерийлері

Флоэмадағы бұлақкөз бен қабылдауыш арасындағы транслокация механизмін түсіндіріңіз;

Бұлақкөзі бен қабылдауышты ажыратыңыз;

Жаппай ағынның гипотезасын және оны қолдайтын дәлелдерді түсіндіріңіз;

Жаппай ағынның гипотезасына қарсы дәлелдемелерді сипаттаңыз.

Сүзгілі түтіктердің элементтері бірігіп, заттар тасымалына арналған ашық каналдарды түзеді. Сүзгілі түтікт элементі бір немесе бірнеше серіктес жасушалармен байланысады.

Плазмодесмалар жасушардың жасуша қабырғаларынан өтіп озара байланысты қамтамасыз етеді.

Серіктес жасушалардың митохондриялары зат тасымалын қамтамасыз етуде энергиямен қамтамасыз етеді.

Флоема арқылы заттардың тасымалдануына

арнайы тірі жасушалар қажет

Серіктес жасушалар

Цитоплазмасы мол және ядросы бар , тірі жеңішке жасуша.

Функциясы:

Сүзгілі түтігін қоректік заттармен қамтамасыз етеді

Транслокация процесін қамтамасыз ететін көптеген митохондрияны қамтиды

Сүзгілі түтікшелер

Сүзгілі түтікшелер:

-ядросы жоқ

-вакуолі жоқ

Серіктес жасушалар:

-ядросы бар

-цитоплазмасы бар

- митохондриясы бар

Транслокация дегеніміз не?

-

Транслокация - бұл сахароза мен аминқышқылдарын флоэма арқылы өсімдіктің барлық басқа бөліктеріне жапырақтан төмен қарай тасымалдау процесі. Ол тек төменгі бағытта емес , жоғары бағыттада жүре алатын процесс. Транслокация белсенді энергияны қажет ететін процеске жатады, ол сонымен ксилемадағы судың ағынан ерекшеленеді.

Бұлақкөз және қабылдауыш

Бұлақкөз

Өсімдіктің глюкоза өндіретін аймағы

Жасыл жапырақтармен жасыл сабақтар

Сақталуы жүреді: тамыр, тамырсабақ, түйнек, тұқымда. Сахароза 20-30% флоэма шырынында болады.

Қабылдауыш

Өсімдіктің органикалық заттарды қажет ететін аймағы( түйнек, тамыр, жеміс).

Жасушаның меристемасының боліну кезеңінде.

Даму кезеңіндегі жемістер, тұқымдар немесе қорға сақталатын өсімдік жерлері.

Флоемадағы транслокация

Транслокация өсімдік үшін өте маңызды процесс.

Ұлкен ағаш флоема арқылы 250 кг сахарозаны жылына тасымалдайды.

Ассимиляттар флоэма арқылы белседі транспорт арқылы тасыьалданады. .

Тасымалдың флоемада екі жолы бар:

Симпласт жолы арқылы

Апопласт жолы арқылы

Симпласт жолы

Ассимиляттар вакуольде сақталады.

Ассимиляттар жасуша мезофилының цитоплазмасы арқылы сүзгілі түтіктерге және жасуша плазмодесмасы арқылы өтеді.

Бұл пассивті процесс

Ассимиляттар тасымалы жасушаның су потенциалының өзгерісі арқылы арқылы жүреді.

Апопласт жолы

Ассимиляттар диффузия жолымен жасуша қабырғасының мембрана аралық қуысы арқылы (апопласт) тасымалданады.

Сүзгілі түтік жасушасына жеткенде олар активті түрде серіктес жасушаға жетіп, оның жасуша мембранасы арқылы сүзгілі түтікке жетіп тасымалданады.

Жалпы ағын гипотезасы

Диаграммада транслокация процесіндегі заттардың « Жаппай ағын» гипотезасының моделі бейнеленіп, көрсетілген :

Өсімдіктерде W, X, Y, Z қандай құрылымдарды көрсетеді және W бойымен ерітінді ағынының бағыты қалай жүреді?

Жаппай ағын гипотезасының түсіндермесі

Сахароза белсенді түрде флоэмаға бұлақкөз маңында жүктеледі. Бұл жағыдай флоема жасушасын дағы судың потенциалын төмендетеді .

Су флоемада осмос нәтижесінде тасымалданып сүзгілі түтіктегі гидростатикалық қысымды жоғарлатады.

Су сүзгілі түтікте төмен қарай бқлақкөздегі жоғары гидростатикалық қысымнан қабылдауштағы төменгі гидростатикалық қысым бағытына қарай тасымалданады.

Сахароза қабылдаушқа диффузии мен активного транспорт арқылы жүктеледі сонымен судың потенциалының градиентін жоғарлатады.

Су сүзгілі түтіктен ксилемаға осмос арқылы енеді. Су жоғары бағытқа жаппай ағын жолымен тасымалданып транспирацияға ұшырайды.

Бұлақкөз бен қабылдауыш арасындағы гидростатикалық қысым градиенті флоемадағы судың және органиқалық заттардың жаппай ағынын басқарып қамтамасыз етеді.

Жалпы ағын гипотезасының дәлелдемелері

Сахарозаның флоемадағы ағыны шамамен 10 000 еседей диффузияға қарағанда жылдам жүреді

Егерде серіктес жасушалардың митохондриясы закымдалса онда транслокация тоқталады.

Дамытылған микроскопия әдістері серіктес жасушалардың белсенді тасымалына бейімделгенін көрсетеді.

Бітенің қолданылуы

Ұлкен ағашты сакиналау эксперименті

Ағаштың қабығын сақиналау қантардың кесіндінің жоғарғы жағында

Жинақталғанын және төменге өтпегенін көрсетеді.

Жаппай ағын гипотезасына қарсы дәлелдемелер

Флоемадағы еріген заттар неге бірдей жылдамдықпен тасымалданбайды? Бырақ сахароза, қабылдауыштағы зат концентрациясына қарамастан бірдей жылдамдықпен жылжитын сияқты.

Жалпы ешкім толығымен сүзгілі түтік пластинкасының ролі туралы білімді бекітпейді, бырақ сүзгілі түтік пластинкасы жаппай ағынды тежейтін тенденциясы бар деп пікір білдіреді.

Қорытындылау, бекіту сұрақтары

Қорытындылау, бекіту сұрақтарына жауап беру



Толық нұсқасын 24 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу