Фотосинтезді шектеуші факторлар. Биология, 11 сынып, презентация.


Фотосинтездің шектеуші факторлары

Алматы қаласы ФМБ НЗМ

Биология пәні мұғалімі Момаханова У.Н.

Сабақтың мақсаты

фотосинтездің шектеуші факторларын зерттеу және түсіндіру

Ойланыңыз!

Фотосинтездің белсенділігіне қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

Фотосинтезде қай фактор басты рольде болуы мүмкін?

Бағалау критерийлері:

Фотосинтездің негізгі шектеуші факторларын көрсетеді

Әр фактордың қысқаша маңызын сипаттайды

Фотосинтез үдерісіне әр фактордың әсерін сипаттайды (артық немесе жеткілікті болғанда)

Блэкман принципі

Үдеріске бірнеше факторлар әсер еткенде, осы үдерістің жылдамдығы әсер етуші факторлардың ішіндегі минималды деңгейге жуық фактормен шектеледі, дәл осы фактордың өзгеруі осы үдеріске тікелей әсер етеді.

Фотосинтез – көпкезеңдік үдеріс, сондықтан да оған шектеуші факторлар принципі қолданылады

Мәселен, Кальвин циклы АТФ -пен қамтамасыз етілуге және жарық реакциясында түзілетін қалпына келтіруші (тотықсыздандырушы) күшке тәуелді.

Көпкезеңдік үдерістің жылдамдығы әр түрлі мерзімде түрлі факторларға тәуелді болуы мүмкін.

Фотосинтез таңертеңгі уақытта ауаның температурасымен шектелуі мүмкін, ал бұлтты ауа –райында жарық қарқындылығымен , өзге уақытта - көміртегі диоксидінің концентрациясымен шектелуі мүмкін.

Қазақстанда жазғы мерзімде басты шектеуші фактор көміртегі диоксиді болып табылады, атмосферада ол тек 0,04 % құрайды. Жанғыш отынның салдарынан СО2 нің мөлшерінің артуы фотосинтезді стимулдауы мүмкін.

Шекеуші факторларды біз не үшін білуіміз керек?

Шектеуші факторларды қарастыру фотосинтез механизмін түсінуге себін тигізеді.

егер жарықтандыру шектеуші фактор болса, онда ФС дің осы кезеңі жарыққа тәуелді деп болжауға болады;

температураның әсері, ферменттер катализдейтін реакцияның жүріп жатқандығын білдіреді;

[СО2] мен температураның бірігіп әсер етуі көміртегі диоксидінің ферментативтік байланысуын көрсетеді

Бірнеше шектеуші факторлардың болуы, фотосинтез – көпкезеңді үдеріс екендігін дәлелдейді.

Шектеуші факторларды біз не үшін білуіміз керек?

Шектеуші факторларды қарастырудың экономикалық және ауылшаруашылық маңызы бар.

[СО2] шектеуші фактор болып табылғандықтан, жылыжайдағы өнім түсімділігін көміртегі диоксидінің локальды концентрациясын арттыру арқылы стимулдайды (газ жіберу немесе отынды жағу арқылы).

Бұдан өзге, егер осы жағдайда жарықтандыру және жылу шектеуші фактор болмаса, олармен қамтамасыз етудің шығыны көбейіп жатқандықтан, оның экономикалық тұрғыдан тиімсіз екендігі түсінікті.

Фотосинтездің шектеуші факторлары

Жарықтандыру қарқындылығы: жарық энергиясы фотосинтездің жарық фазасы кезіндегі АТФ және НАДФ синтезіне қажет

Фотосинтездің шектеуші факторлары

Көміртегі диоксидінің концентрациясы: Кальвин циклінің бастапқы кезеңінде реакция кезінде СО2 рибулофосфатпен байланысады

Фотосинтездің шектеуші факторлары

Температура: Кальвин цикліндегі реакцияларды және кейбір жарық реакцияларын катализдейтін ферменттердің қызметіне әсер етеді.

Фотосинтездің шектеуші факторлары

Судың болуы және хлорофилдің концентрациясы қалыпты жағдайда фотосинтездің лимиттеуші факторлары болып табылмайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу