Фотосинтезді шектеуші факторлар. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.1B Қоректену

Мектеп: ФМН, НЗМ Алматы қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ү.Н.Момаханова

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

  • Фотосинтезді шектеуші факторлар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 11.1.2.4 - фотосинтездің шектеуші факторларын зерттеу және түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

  • фотосинтездің шектеуші факторлары және олардың маңызы

Бағалау критерийлері

  • фотосинтездің негізгі шектеуші факторларын көрсетеді;
  • фотосинтез үдерісіне әрбір фактордың әсерін сипаттайды (артық және жеткіліксіз болғанда).
  • Шектеуші факторлар заңдылықтары жайлы білімнің маңызын түсіндіреді

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология:

Блэкман принципі, жарық және қараңғы фазасы температура, көміртегі диоксидінің концентрациясы,жарық қарқындылығы,су, хлорофиллдер, экономикалық маңызы,ауылшаруашылық маңызы

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестері топтамасы

Фотосинтез таңертеңгі уақытта ... шектелуі мүмкін

Бұлтты ауа –райында .... , өзге уақытта -... шектелуі мүмкін.

 Құндылықтарды

 дарыту

Топтық жұмыста оқушылардың өзара сыйласымдылығы

Сыни тұрғысынан ойлану

Зерттеу, талдау, жинақтау, қорытынды жасау дағдылары

Өзіндік және топтық рефлексия

  Пәнаралық

  байланыстар

Химия (фотосинтез реакциялары)

Экономикалық география (фотосинтездің жылыжай жағдайындағы экономикалық және ауылшаруашылық маңызы)

 АКТ қолдану

 дағдылары

Презентация

Фотосинтездің шектеуші факторлары туралы ақпарат (орыс тілінде):

http://biologylib.ru/books/item/f00/s00/z0000009/st198.shtml

Фотосинтездің жылдамдығына жарықтың әсері туралы видео (ағылш.):

https://www.youtube.com/watch?v=hITp-60mqzg

Бастапқы білім

7 сынып(жапырақтың ішкі құрылысының атқаратын қызметімен байланыстылығы)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

0-2 минут

Амандасу. Сынып оқушыларын түгендеу.Сабақтың тақырыбын, мақсатын, бағалау критерийлерін сыныпқа таныстыру. (немесе оқушылар өздері мұғаліммен бірлесіп ұсынады)

Сабақтың басы

3-5

(Ұ) Оқушалардан фотосинтездің белсенділігіне әсер ететін факторларды атауын сұраңыз.

Сұрақтарға мысал:

  • Фотосинтездің белсенділігіне қандай факторлар әсер етуі мүмкін?
  • Фотосинтез үдерісінде қандай фактор басты роль атқаруы мүмкін?

Сабақтың ортасы

5-20

Сыныптағы оқушылар санына байланысты топтарға бөліңіз. (Т) Оқушыларға топта «миға шабуыл» ұйымдастырыңыз.Оқушы санына қарай 4 топқа 4 тапсырма ұсынуға болады.

  • Фотосинтез үдерісі жайлы мағыналық артық сөзді (дерді) таңдау

1) лептесік, бағаналы жасушалар, тамыр түктерінің жасушалары

тамыр түктерінің жасушалары жапырақ құрылымына жатпайды

2) глюкоза, оттегі, көмірқышқыл газы.

фотосинтез үдерісінде көмірқышқыл газы түзілмейді

глюкоза – газ емес

3 ) оттегі, жарық, хлорофилл

оттегі фотосинтез үдерісіне қажет емес

4) температура, глюкоза, көмірқышқыл газы

глюкоза- фотосинтез жылдамдығын шектемейді

(Ж) Мини тақталарға (дәптерге) фотосинтездің реакция теңдеуін жазыңыз

  • Фотосинтездің жылдамдығын шектейтін кез келген үш факторды қоршаңыз

Фотосинтезді шектеуші үш факторлар:

1 жарық қарқындылығы

2 көмірқышқыл газының концентрациясы

3 температура

(Ж) Оқушыларға фотосинтезге әсер ететін факторлар туралы ақпаратпен танысуға ұсыныс жасаңыз

Оқушыларға алдын – ала дайындалған ақпараттық парақтарды үлестіріп беріңіз.

Презентацияны және таратылып берілген ақпаратты әуелі жеке, содан соң жұпта талқылауды ұсыныңыз.

Интерактивті тақтадан бейнероликті көрсетіңіз.

Оқушылардың атқаратын жұмысына бағалау критерийлері:

  • Фотосинтез жылдамдығын қандай факторлар шектей алатындығын анықтау
  • Неліктен белгілі бір факторлардың фотосинтез жылдамдығын шектейтіндігін түсіндіру
  • Шектеуші факторлар заңдылықтары жайлы білімнің маңызын түсіндіру

Келесі кезекте оқушылар жұпта жұмыс парағында ұсынылған графиктерді өзара зерделеп, сұрақтардың шешімін табады.

(Т) Оқушыларға топта шектеуші фактор дегенміміз не? деген сұрақтың жауабын қорытындылап келтіруді сұраңыз.

Топтар бойынша мәліметтерді жинақтау.

  • Фотосинтездің шектеуші факторлары жайлы Сіздердің білімдеріңіздің өсімдіктерді өсіру кезінде қандай маңызы бар?
  • Фермерлер ауылшаруашылық өсімдіктерді өсіруде, олардың өнімдерін арттыруда осы білімді пайдалана ала ма?
  • Жарықтың қарқындылығын арттыру үшін қандай әдісті олар қолдана алар еді? Температураны көтеру үшін ? Көмір қышқыл газының деңгейін арттыру үшін ше?
  • Осы әдістерді қолданудың фермер үшін қандай артықшылығы бар?
  • Жыл мезгілдері жайлы да ойланыңыз!
  • Фермерлер үнемі фотосинтез жылдамдығын арттыра ала ма? Тағы да бір шектеуші фактор болуы мүмкін бе? Өсімдіктің ішкі құрылысы жайлы да ойланыңыз.

Фотосинтездің шектеуші факторлары туралы ақпарат (Қосымша1)

Презентация

Фотосинтездің жылдамдығына жарықтың әсері туралы видео (ағылш.):

https://www.youtube.com/watch?v=hITp-60mqzg

Сабақтың соңы

30-45

(ҚБ) Оқушылардың жеке бағалануы

Үй тапсырмасы:

Жапырақтың құрылысы жайлы өз біліміңізді, сонымен қоса бүгінгі білімді пайдаланып, мына тапсырмаларды таңдау бойынша орындауды ұсыныңыз:

  • Постер жасаңыз
  • Тірек конспектісін құрастырыңыз
  • Жарнамалық компанияның дизайнын құрастырыңыз

Фермерлерге алгоритмдік кеңес ұсыныңыз : Жылыжайлық жағжайдағы өсімдіктердің өнімін арттыру үшін, фотосинтездің шектеуші факторлары жайлы білімді қалай қолдануға болады.

Қосымша 2

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға бірнеше факторлардың әсері бойынша бағалау жұмыстарын ұсыну

  • фотосинтезге әсер ететін факторлар бойынша топта кластер құрастыру;
  • жеке бағалау

Кабинетте жұмыс істеу кезінде / қозғалыс/ оқушылардың қауіпсіздік ережесін сақтауы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу