Фотосинтездің жарыққа тәуелді емес (Қараңғы фаза) реакциялары. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспарының үлгісі

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Қоректену

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалім:

Сынып: 11

Қатыспағандар: қатысқандар:

Сабақтың тақырыбы

Фотосинтездің жарыққа тәуелді емес (Қараңғы фаза) реакциялары

Осы сабақта жететін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.2.3 фотосинтездің қараңғы фазасында өтетін үдерістерді түсіндіру.

 Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: фотосинтездің жарыққа тәуелді емес кезеңін сипаттайды: реагенттер, өнімдер, үдеріс өтетін орын.

Оқушылардың көбісі: фотосинтездің жарыққа тәуелді емес кезеңін сипаттайды: реагенттер, өнімдер, үдеріс өтетін орын және оны фотосинтездің жарыққа тәуелді кезеңімен салыстырады.

Кейбіреулері: фотосинтездің жарыққа тәуелді емес кезеңін сипаттайды: реагенттер, өнімдер, үдеріс өтетін орын және оны фотосинтездің жарыққа тәуелді кезеңімен байланысты орнатады.

 Бағалау критерийлері

  •  Фотосинтез теңдеуін жазады.
  •  Фотосинтездің қараңғы фазасының өнімдерін және реагенттерді атайды.
  •  Фотосинтездің қараңғы фазасы қай жерде өтетінін көрсетеді.
  •  Фотосинтездің жарыққа тәуелді және жарыққа тәуелсіз (Қараңғы фаза) кезеңдерін салыстырады.

 Тілдік мақсаттар

Оқу дағдыларын оқушылар ізденіс тапсырмалары арқылы дамытады, сөйлеу дағдыларын оқушылар фотосинтездің жарыққа тәуелді кезеңін талқылағанда дамытад және жазу дағдыларын фотосинтездің тәуелді кезеңін түсіндіргенде дамытады.

Терминология

 Көміртек диоксиді, молекуласында 5 көміртек атомы бар қант, рибулозобисфосфат (RuBP), АТФ, қалпына келтірілген НАДФ, триозофосфаттар, глицерин және май қышқылдары.

 Диалогқа қажетті пайдалы сөз тіркестері / жазулар

 Жарыққа тәуелді емес реакцияларды немесе ...., реакциялардан зарядталған электрондар, жарыққа тәуелді, түзіліс үшін энергиямен қамтиды....көмірқышқыл газ молекуласынан....

 Құндылықтар

Топта және жұпта жұмыс жасағанда ынтымақтастық.

 ИКТ қолдану

Power Point презентациясынан ақпараттың оқылуы

 Пәнаралық байланыстар

Химия – фотосинтез бұл биохимиялық реакция (фотосинтез теңдеуі, фотосинтезге қатысатын заттар)

Алдыңғы білімдер

Өсімдіктердің қоректенуі (7 сынып)

Сабақ барысы

Сабақтың этаптары

Жоспарланған қызмет түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

1-10 мин

Стартер “Мен нені білемен/не есімде бар?”.

 (T) Оқушылар жұпта тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып,сосын олармен бірге тақырыптын атауы анықталады.

  • Фотосинтездің жиынтық теңдеуі деген не?
  • Қандай шикізаттар қажет етіледі?
  • Фотосинтез неге қараңғыда жүрмейді?
  • Фотосинтетикалық пигменттің рөлі қандай?

Жұпта бағалануы. Мұғалімнің бағалануы.

Сабақтың тақырыбын анықтау және жетістік критерийлерін көрсету/талқылау.

Презентация

Сабақтың ортасы

11-26 мин

27-32 мин

32-37 мин

 (T/G) Оқушылар жаңа тақырыпты топтарда зерттейді. Бастапқы ақпарат көзі ретінде оқушыларға ақпараттық парақтар (Қосымша 2) таратылады. Тапсырмалар әр топқа әртүрлі деңгейде беріледі. Тапсырма деңгейлері топтан топқа қарай өседі. (бірінші топқа оңай тапсырма ал төртінші топқа ең қиын тапсырма).

 Мұғалім: Мен әр топқа жеке берілген түрлі тапсырмаларды зерттеуге беремін.4 топқа бөлініп жұмысқа кірісіңдер. Содан кейін өз білімдеріңізбен, өз жұмыстарыңызбен қалған сыныппен бөлісіңіздер. Зерттеуге сізге 7 минут беріледі. Содан кейін 8 минут жалпы тапсырманы талқылауға беріледі.

  #1 топ тапсырмаларына арналған дескрипторлар:

 1.Бүкіл ақпаратты қолданады.

 2.Қысқаша жасайды.

 3.Терминологияға мән береді.

 4.Креативті жасайды

  #2-4 топтарға арналған дескрипторлар:

 1.Қысқаша жасайды

 2.Терминологияға мән береді.

 Мұғалімнің бағалауы. Формативті бағалау.

 

 (T/W) Презентация және бейнематериалдан фотосинтез бойынша қысқаша резюме жасаңыз. Қазір біз бейнематериал мен презентацияларды қарауға кірісеміз. Сендер қалайтын тәсілмен өзіңізге қажетті ақпаратты түртіп алып отырыңыз.

  Бағалануы: оқушылар бейнематериалдан кейін жұпта талқылау жасайды.

 

 (I/f) “Фотосинтез” Формативті бағалауы. Жұмысты жеке орындаңыз. Барлық сұраққа жауап береңіз. Терминологияны қолдаңыз. Сұраққа нақты жауап береңіз.

 Дескрипторлар:

 1) Фотосинтездің 2 кезеңінің энергия көзін анықтайды.

 2) Фотосинтездің 2 кезеңінің басталуына қажетті бастапқы заттарды анықтайды.

 3) Фотосинтездің 2-кезеңінің соңғы өнімдерін (қалыптасқан заттарын) анықтайды.

 4) Фотосинтез өтетін органеллаларды анықтайды.

 

 1) Органеллаларды атаңыз.

 2) Фотосинтез жайлы бүкіл білімді жинақтайды.

 3) 1 дұрыс жауапты таңдайды.

Мұғалімнің бағалауы.

Сабақтың соңы

38-40 мин

Сұрақтар бойынша кері байланыс беру.

Сұрақтарға жауап беріңіз. Жауаптарды стикерлерге жазыңыз. Жауаптарыңызбен бөлісе аласыз.

-Мен нені білдім?

-Мен үшін қандай заттар қызықты болды?

-Қандай заттар түсініксіз болды?

ДифференциалдыоқытуКөбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілет іжоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

БағалауОқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

Топтарға дайындалған дифференцияланған тапсырмалар. Оқушыларды көп сөйлеуге бағыттау.

Оқушылар бір-бірін бағалайды, жұптасып бағалау жұмысы.

Мұғалімнің бағалауы.

Сабақ барысында ауызша формативті бағалау жұмысы жүргізіледі.

Қауіпсіздік ережелері.

Сабақта физминутканы қолдану.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу