Өсімдік пигменттері. Биология, 11 сынып, презентация.


Жапырақтар түсін неліктен өзгертеді?

https://twig-bilim.kz/kz/film/why-do-leaves-change-colour

Бөлім 11.1В Қоректену

Тақырыбы : Өсімдік пигменттері

Бағалау критерийлері

Хлорофилл, ксантофилл, каротиноид туралы біледі

Қағаз хромоторафия әдісін сипаттай алады

Зертханалық жұмыс негізінде деректер жинап, қорытынды жасай алады

Жарық энергиясын тірі ағзалар қолдану үшін, ол фотосинтездеуші пигменттермен сіңірілуі керек. Бұл пигменттер жарық энергиясының белгілі бір толқындарын сіңіре алатын заттар болып табылады. Мысалы хлорофилл өсімдіктерге жасыл түс беретін пигмент, ол қызыл, көк, сия көк ұзын толқынды жарықты сіңіріп, жасыл түсті шағылыстырады (Azcon и Talon, 1993).

Хлорофиллдер - магний-порфиринді  пигменттер , оның негізі тетрапирольды құрылымға ие. Хлорофиллдер қызыл, көк-сия көк түсті сіңіріп, жасыл түсті шағылыстырып, өсімдіктерге жасыл түс береді.

Каратиноидтар –көк- сия түсті жарық сәулесін сіңіретін, сары, қанық сары, қызыл, қоңыр түс беретін пигменттер. Бұлар қосымша пигменттер өсімдіктердің фотосинтезіне қолжетімді өте көп ауқымдағы жарық спектрлерін жұтуға бейім және сіңірген жарық энергиясын хлорофиллге бере алады. .

Каратиноидтар хлорофиллді артық жарықпен фотосинтез нәтижесінде түзілген оттегімен тотығып кетуден қорғайды. Олар хлорофиллмен бүркемеленген, олар хлорофиллдер бұзылғаннан соң, олар күзде жапырақ түсу алдында көрінеді.

Каратиноидтар

Каротин ( бета- каротин)- сары қанық сәбіз түс. Асқорыту жолында –

молекула Витамин А ыдырайды.

2. Ксантофилл

Ксантофилл (грек. хan-thosсары және рhyllonжапырақ) – құрамында оттекОттек бар сары, қызғылт-сары немесе қызыл түсті пигменттерПигмент (мұндай бет жоқ) тобы (каротиноидтар). КсантофиллКсантоилл (мұндай бет жоқ) жоғары сатыдағы өсімдіктердің жапырағында, гүлінде, жемісінде және бүрінде кездесетін ең басты пигменттер (реңді заттар) болып саналады. Олар флавоноидтарменФлавоноид (мұндай бет жоқ) бірлесе отырып жапырақта сарғыш әдемі бояу түзеді. Биол. мәні жағынан алғанда олар күн сәулесінің жарық спектрінің көзге көрінетін (380 – 520 нм) қысқа толқынды бөлімшелері арқылы күн сәулесінің қуатын сіңіре алады. Ксантофилл барлық фотосинтездеуші өсімдіктер мен микроорганизмдерде болады. Ол өсімдіктердегі фотосинтез құбылысына белсене қатысып, қосымша пигмент құрай алады.

Жапырақтар түсін неліктен өзгертеді?

https://twig-bilim.kz/kz/film/why-do-leaves-change-colour

Практикалық жұмыс

Тақырыбы: Қағаз хроматография әдісімен пигменттерді бөлу

Зерттеудің мақсаты: Бегония және қазтамақ жапырақтарындағы пигменттердің түрін анықтау

Құрал-жабдықтар:

Қайшы

250 мл өлшеуіш стакан

Қалам, қаламсап, сызғыш

Келсап пен үккіш

Лабораториялық фен

Зертханалық ине

Ацетон 10мл

5 гр қазтамақ (герань) жапырағы

300гр кварц құмы

20*20 азықтық пленка

Секундомер

бегония пен қазтамақ жапырағын қайшымен майдалап қиып,екі ыдысқа саламыз, үстіне 1мл ацетон тамызып араластырамыз. Жапырақтардан пигменттердін бөлінуі үшін кварц құмын қосып,үккішпен езгілейміз.

Дайын ерітіндіні азықтық кленкамен жабамыз.

Фильтр қағазын стаканның диаметрінен кіші етіп 6 см қиыңыз. Осы қиылған фильтр қағазының төменгі бөлігінен 1,5 см арақашықтықта бастапқы сызықты сызыңыз.

Зертханалық инемен ерітіндіден жұғынды алып, фильтр қағазындағы бастапқы сызықтың бойына 2 жұқа нүкте белгілеңіз, кейін фенмен кептіріңіз.

Бұл әрекетті 5 рет қайталаңыз.

Стаканға 5 мл этил спиртін құйыңыз.

Осы стаканға, фенмен кептірілген фильтр қағаздың төменгі бөлігін спиртке тиетіндей етіп орналыстырып, 15 минутқа қойыңыз.

15 минуттан соң қағазды алып, ерітіндідегі пигментердің бастапқы сызықтан жылжу арақашықтығын өлшеп, фенмен кептіріңіз.

Алынған нәтиже бойынша кесте мен гистограмма толтырып, Rf пен Rs есептеп, хроматографиялық қағазда пайда болған пигменттерді жазамыз.

Деректер мен нәтижелер

Талқылау

Не зерттелді ?

( зерттеу мақсаты мен болжамы)

Қалай жүзеге асырылды?

(Зерттеу әдісін сипаттау )

Қандай нәтижелер алынды?

(алынған нәтижелер негізінде қорытынды жасау)

Қорытынды

( Болжам дәлелденді ме? Сіз зерттеген жапырақта қандай пигмент түрлері болды?)

Үй тапсырмасы:

«Өсімдік пигменттерінің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы» атты тақырыпта ойтолғау жазу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу