Генетикалық кодтың қасиеттері. Биология, 11 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы: Генетикалық кодтың қасиеттері
Оқыту мақсаты: 11.4.1.4 - генетикалық кодтың қасиеттерін түсіндіру
Генетикалық код — тірі организмдерге тән нуклеин қышқылдары молекуласындағы тұқым қуалаушы (генетикалық) ақпараттың нуклеотидтер тізбегі түріндегі біртұтас “жазылу” жүйесі. Бұл — барлық тірі организмдерге ортақ заңдылық.
Генетикалық код туралы қазіргі қалыптасқан көзқарасқа 1960 жылы Америка ғалымдары М. Ниренберг, Г. Корана және П. Ледердің жүргізген зерттеулері көп әсерін тигізді. Генетикалық код бірлігі — ДНҚ мен РНҚ молекуласындағы 3 нуклеотид (триплет) тізбектерінен тұратын кодон (аРНҚ нуклеотидтерінің триплеттері) болып табылады. Гендегі кодондар тізбегі осы генді “жазатын” (кодтайтын) ақуыздағы амин қышқылдар тізбегін анықтайды. Клеткадағы генетикалық код екі сатыда іске асады: транскрипция сатысы ядрода жүреді және ДНҚ-ның сәйкес бөліктерінде ақпараттық (информациялық) рибонуклеин қышқылдарының молекулалары (аРНҚ) жасалады. Сонымен қатар, ДНҚ нуклеотидтер тізбегі аРНҚ нуклеотидтер тізбегі ретінде қайта жазылады; трансляция сатысы цитоплазмада, ақуыз синтезделетін рибосомада жүреді. Сондай-ақ, аРНҚ нуклеотидтер тізбегі, полипептидтер құрайтын амин қышқылдар қалдықтарының белгілі бір тізбегіне көшеді.
Генетикалық кодтың бір ерекшелігі, әмбебап екендігі, яғни барлық организмдерде белгілі бір 3 нуклеотид (триплет) белгілі бір амин қышқылдарын “жазады” (кодтайды). Бір амин қышқылы бірнеше триплетпен “жазылуы” (кодталуы) мүмкін. Кодондар арасында “үтір” болмайды, яғни олар бір-бірінен бөлінбеген. Ол бір геннің аймағында белгіленген нүктеден бастап, бір бағытта есептелінеді. 64 кодонның 61-і ақуыз құрайтын 20 амин қышқылдарын “жазады” (кодтайды), ал қалған үш “нонсенс” (мағынасыз) кодондар (УАГ, УАА және УГА) полипептид синтезін аяқтайтын “нүкте” қызметін атқарады. Олар ақуыз биосинтезінінің аяқталғанын білдіреді
Генетикалық кодтың қасиеттері. Біздің ғаламшарда генетикалық код «триплетті». Демек, кем дегенде 3-үштен нуклеотид алу қажет. Сонда құрамалану саны алпыс төртті құрайды: 4x4x4=64. ДНҚ-ның әрбір үш нуклеотиді бір аминқышқылды кодтай алады. Адамда бар болғаны 46 хромосома, ал нәруыздар әлдеқайда көп. Демек бір хромосомада - ДНҚ молекуласында өте көп нәруыз шифрланған.
Генетикалық кодтың негізгі қасиеттері
Триплеттілік . Әрбір аминқышқылын үш нуклеотидтер тұратын кодон кодтайды.
бірін – бірі жаппауы. Бір кодон (триплет) тек бір аминқышқылын кодтайды
азғындық. Бір минқышқылын бірнеше кодон (триплет) кодтай алады.
Әмбебаптығы. Тек 4 түрлі Нуклеотидтер (ДНҚ үшін АТГЦ немесе РНҚ үшін АУГЦ) көптеген әртүрлі комбинациялар жасап аминқышқылдарының әртүрлілігін тұдырады.
Кодондарға сәйкес аминқышқылдарының атаулары
Рефлексия
Мен білемін…
Мен білдім…
Менің білгім келеді….
Үйге тапсырма: Тақырыпқа байланысты глоссарий жазу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?