Транскрипция. Пре-м рибонуклеин қышқылының посттранскрипциялық модификациясы. Трансляция кезеңдері. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Молекулалық биология

Мектеп:

Кәсіби даму мақсаты:

Күні:

Мұғалім:

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Транскрипция. Пре-м рибонуклеин қышқылының посттранскрипциялық модификациясы. Трансляция кезеңдері

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты

11.4.1.4-ақуыз биосинтезі процесінде транскрипция мен трансляцияны сипаттау

 Сабақтың мақсаты

1.Кодтау, транскрипция механизмдерін түсіндіру.

2.Транскрипциялық факторлардың, ферменттердің транскрипция кезеңдеріне әсерін ашу.

3.мРНК модификациясының рөлін сипаттау.

4. Трансляция кезеңдерін сипаттау

 Бағалаукритерийлері

1.Оқушылар кодтау, транскрипция процестерін сипаттай алады

2.ДНК бұрын алған білімін пайдалана алады;

3.Ақуыз биосинтезіндегі ферменттердің рөлін бағалай алады.

4.Трансляция кезеңдерін сипаттай алады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқудағы тілдік мақсат:

Интернетті пайдаланып немесе ресурстарды қолдана отырып жазбалар жазады (оқу, тыңдау және жазба сөз машықтары).

Лексика және терминология:

Kazakh

Russian

English

аминқышқылдары

аминокислоты

Amino acids

транскрипция

транскрипция

transcription

трансляция

трансляция

translation

белок

белок

protein

РНҚ-полимераза

РНК-полимераза

RNA- polymerase

Транскрипция факторлары

Транскрипционные факторы

Transcriptionfactors

Промотор

Промотор

Promoter

Транскриптон

Транскриптон

Transcripton

Тоқтату орны

Сайт терминации

Terminationsite

 Құндылықтардыдарыту:

«Мәңгілік ел»құндылықтары: жалпыға ортақ еңбек қоғамы.

Білім беру құндылықтары: ынтымақтастық, ашықтық, өмір бойы білім алу.

 Пәнаралықбайланыстар:

Химия

 АКТ қолдану дағдылары:

Бейнефильм көрсету, презентация.

Алдыңғы білім

Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдары: 10

Молекулалық биология: 8, 9, 10

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақ кезеңдері

Оқыту ресурстары

1-мин

2–8 мин

8-10 мин

10-17 мин

17-20 мин

20-27 мин

27- 40 мин

40- 47 мин

47- 52 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 52- 65 мин

 

 

 

 65-75 мин

75-80 мин

Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды қарсы алу, сабаққа дайындығын тексеру (керек-жарақтарының болуы)

Сабақтың тақырыбын анықтау ( 4 фото - 1 сөз)

Сабақтың мақсатын анықтау (оқушылар осы сабақтың оқу мақсатын өз бетінше қалыптастырады)

Табысқа жету критерийлерімен танысу

Сабақ соңында күтілетін нәтижелерді айқындау

ДНҚ құрылымын қайталау үшін, алдыңғы білімді белсендіру үшін, сондай-ақ одан әрі оқыту үшін контекст түрінде қызықты бейнені көрсету.

Молекулалық биологияның "Орталық догмасына" шолу жүргізу. Тақтаға келесі анықтама жазу:

ДНК - РНК - ақуыз

Білім беру деңгейін арттыру мақсатындағы сұрақ:

Қай жағдайларда кері процесс болуы мүмкін?

Оқушылар: ДНҚ моделін қолдана отырып белок синтезі мен генетикалық ақпарат арасындағы байланысты түсіндіру

Таратпа материалмен жұмыс: Мәтіннен кілт сөздерді бөлу

Тапсырма: концепт карта құру:

1 топ - ДНҚ репликациясы бойынша

2 топ – транскрипция бойынша (кезеңдерді көрсету)

3 топ-посттранскрипциялық модификация кезеңдері (процессинг, сплайсинг)

Топтар жұмыстарын қорғайды

Бірін-бірі бағалау

Белок биосинтезіне арналған видеоматериал

Дұрыс/ Дұрыс емес ойыны (алған білімдерін бекіту)

Тұжырымдамалар:

1.ДНҚ молекулалары тек ядрода кездеседі

2.ДНҚ-ның көп бөлігі жасуша ядросында сақталады

3.ДНҚ молекуласының екі еселеу процесі транскрипция деп аталады

4.РНҚ синтезі ДНК - полимеразамен жүзеге асырылады

5.Ген 3 нуклеотидтерден тұрады

6.Бактериялардың гендері өте аз

7.рРНК цитоплазмада синтезделеді

8.мРНК ДНК молекуласына толық комплементарлы

9.ДНҚ-ның кодталмайтын бөлігі экзон деп аталады

10.Транскрипция процесі 3 кезеңге бөлінеді: инициация, элонгация және терминация

11.Антикодон-ДНҚ молекуласындағы учаске

12.тРНК ядрода жұмыс істейді

Топтық жұмыс. Алған білімдерін қолдану мақсатында оқушылар түрлі-түсті қағаз кесінділерді және мРНК бұрын дайындалған бірізділігін пайдалана отырып, трансляция процесін моделдейді

Оқушылар жұмыстарын қорғайды

Өзін-өзі бағалау

Сабақты бекіті: Fill in the gaps (мәтінмен жұмыс)

Рефлексия: Бағдаршам әдісі

Презентация

https://www.youtube.com/watch?v=V6bKn34nSbk

Презентация

ДНҚ моделі

Таратпа материал, А3

https://www.youtube.com/watch?v=bLK_xZGXpcM

Қағаз кесінділері, желім, А3, түсті фломастерлер

Презентация, таратпа материал

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Барлықоқушылар

Оқушылардыңкөбі:

Кейбіроқушылар:

Қабілеті жоғары оқушылар өздері жеке жұмыс жасай отырып ленталарды пайдаланып ДНҚ сұлбасын құрастыра алады.

Бағалау – сіз оқушылар білімін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз.

Оқушылардың топпен іс-әрекетте белсенді әрекетін,өз пікірін жеткізе алуын ескеремін

Оқуаралық байланыстар Денсаулық сақтау және қауіпсіздік қағидаларын орындау. Байланыс АКТ

Егер оқушылар конфетті жейтін болса столдарға қағаз сүлгі үлестіріп беремін.

Рефлексия

Сабақтың мақсаттары/Оқу мақсаттары шынайы ма? Сіз бүгін не оқып білдіңіз? оқу атмосферасы қандай болды? Мен дайындағаноқудифференциациясытабыстыма? Мен уақыттысақтадым ба? Мен жоспарғақандайөзгерісенгіздімжәне неге?

Сабақта оқу атмосферасы өте жақсы болды.Оқушыларды өзіндік жұмыс жасату барысында сабаққа белсенділігі көрініп тұрды. Жоспарға сәйкес енгізген өзгерісім қосымша тапсырманы кесіп желімдеп ДНҚ –ның 3Д моделін жасауды қосымша сабаққа қалдырдым .Сондықтан уақытты сақтадым.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:Оқыту және таныту

Қандай екі мезет сабақты жақсарта алар еді (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:Өзіндік жұмыс жасату арқылы есте сақтау қабілетін арттыру танымын дамыту.

2:

Мен сабақтан топ пен жекелеген адамдар туралы маған келесі сабаққа дайындалуға көмек беретіндей не білдім?

Топтардың жұмысын жандандыру.Сұлбаны құрастырудың бағыттаушы үлгі суреттерді қабырғаларға іліп қою.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу