Антидене құрылысы. Антиденелердің арнайылылығы (белсенді орталығы). Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


Агглютинциялық реакциялар.

Агглютинациялық реакция – АР ( лат.agglutinatio – желімдеу) корпускулалық (бактериялар, эритроциттер, не басқа жасушалар, сонымен қатар макромолекулалық агрегаттар) антигендерді антиденелермен байланыстыру арқылы өтетін қарапайым реакция.

АР-дың бірнеше нұсқасы қолданылады: жайылма, болжамдау, жанама және т.б. Агглютинациялық реакцияның нәтижесі оң болған кезде көрінетін тұнба пайда болады. Реакцияның жүру механизімі 20-сызбанұсқада көрсетілген.

АР-ды пайдаланудың мақсаттары:

аурудың қан сарсуындағы антиденені анықтау үшін. Мысалы, сарыпта (Райт, Хеддельсон реакциялары), іш сүзегінде (Видаль реакциясы) және тағы басқа жұқпалы ауру түрлерінде;

аурудан бөлініп шығарылған қоздырғыштың түрін анықтауға;

эритроциттердің аллоантигеніне қарсы моноклоналды антиденелерді қолдану арқылы қанның қай топқа жататынын анықтау үшін. 

Ауруда антидене бар екенін анықтау үшін агглютинация реакциясының жайылған түрін қояды: сарсудың әртүрлі ерітіндісіне диагностикум ( физиологиялық ерітіндідегі өлтірілген микробтар ) қосылады, термостатқа +37˚ С -та бірнеше сағаттқа қойылғаннан кейін ең жоғарғы сұйылтуда пайда болған тұнбаны байқайды (сарсудың титрі).

Агглютинацияның сипаты және шапшаңдығы антигенмен антидененің түріне байланысты. Мысал ретінде О –диагностикум мен (О-антиген) Н-диагностикумді ( Н-антиген) келтіруге болады. О диагностикумымен агглютинация (өлтірілген микробтардың жасушасы) ұсақ дәнді тұнба ретінде болса, ал Н –диагностикумымен ( талщықты антигендері бар) ірі дәнді, жапалақтаған түрде тұнба береді.

Егерде аурудан алынған микробтардың түрін анықтау қажет болса,онда агглютинация реакциясының болжау түрін қояды. Реакция зат шынысының бетінде қойылады. Реакцияның нәтижесі оң болған кезде, реакцияның жайылған түрін қояды. 

Туыстығы бар әртүрлі микробтар агглютинациалық сарсудың бір түрімен агглютинацияға түсуі мүмкін. Ол көрніс микробтардың қай түрге жататындығының дәлелдеудін қыйындатады. Сондықтан, сарысуды қайшылас агглютинация беретін антиденелерден тазартады. Ондай сарысулар адсорбталған (тазартылған) агглютинациялық сарысу деп аталады. Ондай сарысудың тек қана микробтың бір дарасына қарай бағытталған өзіндік антиденелері болады. Агглютинациялық монорецепторлық диагностикалық сарысуды алу тәсілін 1902 жылы А.Кастеллани ұсынған.

Преципитациялық реакциялар

Преципитациялық реакция  ПР ( лат. praecipito – тұнбаға түсіру). Реакцияның негізіне ерітілетін молекулалық антигенмен антидененің комплекс құрып преципитат деп аталатын лайлану пайда болуы жатады. Бұл көрніс антиген мен антидененің тең өлшемін араластырғанда ғана құрылады. Егерде біреуінің өлшемі үстемдірек болса, ол жағдайда комплекс құрылуының мүмкіншілігі төмендейді. 

Преципитациялық реакцияны пробиркада (сақиналы преципитация), қоймалжыңда (гель), қоректік орталарда тағы басқада қоюға болады (25-сызбанұсқа).. Күнделікті жағдайда преципитациялық реакцияның кең тараған түрлеріне жартылай сұйық агарда, не агароза қоймалжыңында қойылатын Оухтерлонидың қос иммундыдиффузиясы, радиалдық иммундыдиффузия, иммундық электрофорез жатады. 

Сақиналы преципитациялық реакция. Реакция иммунды сарысу бар арнайы жіңішке пробиркаға ерітілетін антигенді қабаттап қосу арқылы жүргізіледі. Антиген мен антидененің капталы теңесінде екеуінің арасында сақина тәрізді күңгірт преципитат пайда болады. Антигеннің артық өлшемі реакцияның нәтижесіне ешқандай зиянды әсер етпейді. Егерде реакцияға колданылатын антиген зерттелетін заттан қайнатылып сорынды түрінде алынса, бұл жағдайда термопреципитация реакциясы деп аталынады (Асколи реакциясы).

Бейтараптау реакциясы (бр)

Иммунды сарсудағы антиденелердің, микробтардың сезімтал жасушаларын, немесе олардың токсиндерін, немесе тін жасушаларын зақымдаушы мүмкіншілігін бейтараптау реакциясы арқылы анықтайды. Ол антиденелердің микроб антигендерін байлау, яғни бейтараптау процесіне негізделген. Бейтараптау реакциясын (БР) антиген мен антидене қосындысын зертханалық жануарға еңгізу , немесе сезімтал сынақ–нысандарына (жасуша дақылы, эмбрион) жұқтыру арқылы жүргізеді (28-сызбанұсқа).. Жануарларда, не сынақ-нысандарда микробтардың, не олардың антигендерінің, токсиндерінің зақымдаушы әсері байқалмаған кезде иммунды сарысудың бейтараптау қасиеті бар екені көрсетіледі, яғни антиген-антидене комплексінің өзіндік байланыста екені дәлелденеді.

Комплементтің қатынасуымен жүретін реакциялар

Комплементтің қатынасуымен жүретін реакциялар антиген-антидене комплексінің комплементті белсендіруіне негізделген (комплемент байланыстыру реакциясы, радиалдық гемолиз т.б.).

Комплементті байланыстыру реакциясы (КБР). Антиген мен антидене бір-біріне сәйкес келген уақытта иммунды комплекс құрылады. Антидененің Fc-бөлшегі арқылы комплекске комплемент жалғасады, яғни антиген-антидене комплексі коплементті байлайды. Егерде антиген-антидене комплексі құрылмаса комплемент бос қалады. КБР –ның өту механизімі екі фазадан тұрады. Бірінші фазада антиген+антидене+комплемент қосындысы белгілі уақытқа термостатқа қойылады. Уақыт өткеннен кейін оларға, эритроциттермен оған қарсы антиденелері бар гемолитикалық сарысуынан тұратын екінші «индикаторлық» жүйе еңгізіледі. Егерде зерттеліп отырған затта антигенге сәйкес антидене болса олар комплекс құрып комплементті байлайды, сондықтан қосындыда бос комплемент болмайды. Екінші жүйені қосқан кезде эритроциттерге қарсы антиденелері бар иммунды гемолиткалық сарсу эритроциттерді ерітпейді, өйткені, ол процесс тек қана бос комплементтің көмегімен жүруі керек. Реакцияның нәтижесі оң болғанда пробиркада эритроциттердің «түйме» тәрізді тұнба құрғаны байқалады. Ал, зертелген затта антиген, не антидене болмаса, немесе олар бір-біріне сәйкес келмесе комплекс кұрылмайды да, комплемент бос болады, сондықтан ол екінші фазаға қосылылады. Бұл жағдайда гемолитикалық сарсу эритроциттерді ерітеді де, пробиркада гемолиз байқалады (мөлдір қызғылт сұйық), яғни реакцияның нәтижесі-теріс (27-сызбанұсқа). 

КБР реакциясы бірқатар жұқпалы аурулардың диагнозын қою үшін колданылады (созда- Борде-Жангу реакциясы, мерезде- Вассерман реакциясы).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу