Жүрек автоматиясының механизмі. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ: Жүрек автоматиясының механизмі.

Мектеп: ХББ НЗМ, Өскемен қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Аскарова А.А

Сыныбы: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:

10.4.4.2 электрокардиограмманы қолдана отырып жүрек автоматиясы механизмін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар электрокардиограмманы қолдана отырып жүрек автоматиясы механизмін түсінеді

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді:

  • Бір жүрек циклінің электрокардиограммасын PQRST тісшелерін көрсете отырып сипаттаса
  • ЭКГ-ң тісшелерін белгілей отырып, жүрек жұмысының сызбасын құрастырса

Тілдік мақсаттар:

Пәндік лексика және терминология:

буын, рычаг моделі, тірек нүктесі, ауырлық күші, протездеу, экзоскелетондар

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Бұл ағзаның қозғалысының басты ерекшеліктері ... .

Аталған қозғалыс типін модельдеу үшін ... қажет.

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық: оқушылар сабақ барысында өзіне және өзгелерге кедергі келтірмейді, өзгенің ойын соңына дейін тыңдайды.

Мұғалім әркімнің пікірін тыңдап, өз ойын білдіреді.

Академиялық шыншылдық: өзара бағалау мен өзіндік бағалауда шыншылдық таныту.

Өмір бойы оқу: оқушы деңгейіне сәйкес өз бетімен тапсырмаларды орындау үшін тапсырманы орындау стратегиясын жоспарлайды. Орындаған тапсырмаға өзіндік рефлексия жасайды.

Ынтымақтастық: әркімнің ойы құнды қағидасын ұстану; өзара оқыту ортасын құру.

Патриотттық және азаматтық позиция тұқым қуалаушылық аурулардың этикалық және моральдық жақтарын қарастыру.

Пән аралық байланыс

Ағылшын тілі. Терминдермен жұмыс жасау барысында кейбір оқушылар анықтаманы ағылшын тілінде айта алады.

Физика пәні

АКТ қолдану

Интерактивті тақтада презентация, Бейне баян

Алдыңғы білім:

Қозғалыс, бұлшықеттер 7, 9 сыныптар.

Қанайналым жүйесі 8 сынып.

Жүйке жүйесі 7, 8 сынып.

Сабақ барысы:

Сабақ

Кезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

0-2 мин

2-7мин

7-14 мин

14-25 мин

25-35 мин

35-40 мин

  • Сәлемдесу.
  • Өткен тақырыпты еске түсіріп, оқушыларды жаңа тақырыпқа жұмылдыру үшін «Жандандыру» әдісін қолдану.

(Ұ) Оқушыларға проблемалық сұраққа жауап береді «Жүрек тоқтап қалғанда не себепті дефибриллятор қолданады?».

Сұрақ пен дефибрилятордың суреті көрсетіледі.

(М) Жүректің өткізгіш жүйесі туралы және жүрек бұлшықеттерінің өздігінен жиырылу мүмкіндігі айтылады.

ЭКГ-ң жұмысы туралы және оның медицинада жүрек ауруларын анықтауда қолданылатындығы айтылады.

(Т) Оқушыларға ЭКГ туралы кластер құрастыруды ұсыныңыз.

Оқушыларға ЭКГ-ң құрылысы мен жұмыс істеу механизмі туралы ақпараттық қағаздар таратылып беріледі.

(Ж) Оқушыларға бір жүрек циклінің электрокардиограммасын PQRST тісшелерін көрсете отырып сипаттау ұсынылады.

(Ж)(Қ) Оқушыларға ЭКГ-ң тісшелерін белгілей отырып, жүрек жұмысының сызбасын құрастырады.

Сызбаға енгізуге болады:

оң жақ жүрекшеде электр сигналының туындауы және оның систола мен диастоланы туындата отырып, жүректің бөлімдеріне таралуы, және олардың жиырылу реттілігі, осы үдерістерге сәйкес ЭКГ-ң тісшелерінің көрсетілуі.

Қосымша тапсырма ретінде екі ЭКГ ұсынылады: 1 -ші сау адамның және 2-ші жүрегінің жұмысында ауытқушылығы бар адамның ЭКГ-н ұсынып, ұсынылған ақпараттар бойынша екі ЭКГ-ң айырмашылығын анықтайды.

 Қорытынды рефлексия:

  •  Әр тапсырманы орындауда не қиын болды?

Осы қиындықтарды жеңу үшін не істейсің?

ЭКГ туралы бейнефильм: https://www.youtube.com/watch?v=mx_xlopyfgg&nohtml5=False

Жүрек циклдері мен оларға сәйкес келетін ЭКГ толқындардын көрсететін анимация:

https://en.wikipedia.org/wiki/File:ECG_principle_slow.gif

ЭКГ туралы қосымша ақпарат көзі:

http://therapy.odmu.edu.ua/ru/ecg-online-course/154-normal-ecg-waves-intervals.html

Қалыпты ЭКГ сызбасы:

http://diabet-gipertonia.ru/ekg/10_chto_risuet_EKG.html

Жүрек циклының артериалдық қысымының өзгерісінің графигі:

http://qps.ru/0SKbh

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды

жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың

берілген материалды меңгеру

деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік

ережелері

АКТ

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелік элемент)

  • Барлық оқушыларға бірдей тапсырма беріледі. Қабілеті төменірек оқушыларға сыныптасының, мұғалімнің қолдауы беріледі.
  • Қабілеті орташа оқушылар барлық тапсырмаларды өздігінен және сыныптастарының көмегімен орындайды.
  • Қабілеті жоғары оқушылар үшін, қосымша тапсырма ретінде екі ЭКГ ұсынуға болады: 1 -ші сау адамның және 2-ші жүрегінің жұмысында ауытқушылығы бар адамның ЭКГ-н ұсынып, ұсынылған ақпараттар бойынша екі ЭКГ-ң айырмашылығын анықтау.
  • Тапсырмаларады орындау деңгейіне баланысты;
  • Ауызша кері байланыс;

Физика

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп

оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды

пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қысқаша бағалау:

Қандай екі мезет ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

Қандай екі мезет Сабақты жақсартты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

Мен сабақтан топ пен жекелеген адамдар туралы не білдім, келесі сабақта не айтамын?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу