Жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттері, орналасуы мен олардың құрылымдық байланысы. Актинге байланысты қаңқа бұлшықет ұлпасының типтері. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


Қысқа мерзімді жоспар

Тарау 10.4В: Қозғалыс

Сабақ жоспары

Сабақ:

Мектеп: Шымкент қаласы, ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты – жөні:

Сабақ тақырыбы:

  • Жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттері, орналасуы мен олардың құрылымдық байланысы
  • Актинге байланысты қаңқа бұлшықет ұлпасының типтері

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:

  • жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін және олардың орналасуы мен құрылысының байланысын анықтау

Сабақ мақсаттары:

  • Жылдам және баяу жұмыс істейтін бұлшықет талшықтарының құрылысымен танысу
  • Осы бұлшықет талшықтарының ерекшеліктеріне кесте толтыру арқылы сипаттама беру
  • Бұлшықет талшықтарының жиырылу механизмін анықтау

Бағалау критерийлері:

  • жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін, орналасуы мен құрылысының байланысын орналастырады

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:

көлденең жолақты бұлшықет, бұлшықет талшықтары, ультрақұрылым, көп ядролы, митохондрия, миофибрилла құрылымы: актин/жіңішке жіпшелер/, миозин /жуан жіпшелер/, /зоналар, дискі/, саркомер, сарколемма саркоплазма, саркоплазматикалық ретикулум, көлденең (T) канал, тропонин, тропомиозин; жиырылу, қажу.

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

X бұлшықетті талшық түзеді. У ... миофибрилла құрамына кіреді.

Ашық/күңгірт филамент ... аталады. Кальций ионы ... жинақталады.

Құндылықтарды дарыту

Мектеп құндылығы: патриотизм және азаматтық жауапкершілік

ашықтық және құрмет (өз денсаулығына, өміріне)

Пәнаралық дамыту

Тақырыптық ұғымдарды түсіндіру барысында

  • физика – қозғалыс, локомация
  • химия – бұлшықет талшықтарының (актин, миозин) құрылымы

 АКТ

 қолдану дағдылары

PowerPoint

Ғаламтор көзі

  • Баяу және тез бұлшықет талшықтары туралы мәлімет:

http://fitseven.ru/myschtsy/kak-nakachatsa/tipy-myshechnyh-volokon

https://www.youtube.com/watch?v=eUKoldhLSMs

  • Спринтер мен марафоншыларды салыстыру туралы ақпарат:

https://www.youtube.com/watch?v=GE9FSHMt5y4

Бастапқы білім

  • Тірек – қимыл жүйесі (8 сынып)

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс – әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басы

0 – 6 мин

7 – 12 мин

13 – 18 мин

1935 мин

3640 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

(Т) Білу, түсіну дағдылары негізінде бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау үшін тақтада тауықтың суреті көрсетіледі. Тауықтың ұшпайтыны белгілі, сондықтан тауықтың екі күйдегі (қалыпты күйдегі және қанат қаққан) суреті беріліп оқушылардың осы тауық бұлшықеттерінің қозғалысына қатысты пікірлері сұралады. Олардың пікірлері тыңдалып, ортақ түсінік қалыптасқан соң жаңа сабақ тақырыбы мен мақсаты жазылады.

(Ж) Оқушылардың тақырыпты аша түсуі әрі тілдік дағдыларын дамыту үшін термин сөздермен жұмыс жасау тапсырылады. Салыстырмалы кестедегі ағылшын тіліндегі кілт сөздердің жанына кестенің бос ұяшықтарын толтырады (қосымшада). Жұмыс соңында дайын жауап үлгісімен жасыл сия арқылы өзара бағалау жүргізіліп бағаланады.

(М) Жаңа сабақ тақырыбына қатысты оқушыларға презентация көмегімен қысқаша ақпарат беріледі.

Жаңа сабақты игеру

(Д) (Ұ) Оқушылардың қолдану және зерттеушілік жасау дағдыларын дамыту мақсатында оларға тауықтың бұлшықет талшықтарының ақшыл және күңгірт жолақтарын салыстыру және айырмашылықтарын түсіндіру тапсырылады.

Ол үшін сабақтан бірнеше сағат бұрын тауықтың төс және сан бұлшықеттері препарацияланып салыстыруға әзірленіп қойылуы қажет.

(Ж) Соңынан оқушыларға өздері зерттеген бұлшықет талшықтарының екі түрін салыстырып деректерді кестеге толтыру сұралады. Салыстыру кестесін толтыру үшін оқушыларға критерийлер ұсынылады. Бұлшықет талшықтарын салыстыру белгілері:

- түсі;

- ағзада орналасуы;

- энергия көзі;

- майдың болуы;

- жиырылу жылдамдығы.

(Ө, Қ) Дескриптор бойынша оқушылар өзара бағалау жүргізеді. *Қажет болып жатса мұғалім тарапынан толықтырулар мен түзетулер енгізуге болады.

Дескриптор:

Нұсқалары

+/-

Тауықтың бұлшықет талшықтарының ақшыл және күңгірт жолақтарын салыстыру арқылы айырмашылықтарын анықтайды

Бұлшықет талшықтарының құрылысы мен жұмысы арысындағы байланысты сипаттайды

Салыстыру белгілерін толықтай қамтиды

Сабақты бекіту (оқушылар кілт сөздерді қолдана отырып «3 минуттық эссе» жазады)

X бұлшықетті талшық түзеді.

У ... миофибрилла құрамына кіреді.

Ашық/күңгірт филамент ... аталады.

Кальций ионы ... жинақталады.

0 – 6 мин

720 мин

2134 мин

35 – 40 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

(W) Жаңа тақырыппен ассоцияция құру әрі сабақ мақсатын анықтау үшін оқушыларға интерактивті тақтадан спринтердің суреті көрсетіледі және талдау мақсатында келесідей сұрақтар беріледі:

  • Жеңіл атлетикада көбінесе үлкен жетістіктерге жететіндер кімдер? Неге?
  • Неге біз олар секілді жылдам жүгіре алмаймыз?
  • Кейбір адамдарда көп жүгіргеннен кейін екінші тыныс ашылады. Қалай ойлайсыз, бұл неге байланысты?

Оқушылардың жауаптары тыңдалып ортақ пікір қалыптасқан соң жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты тақтаға жазылады.

Жаңа сабақты игеру

(Г) (Қ) Оқушыларға спорттың белгілі түрі үшін (спринтердің немесе ауыр атлеттің) бұлшықет талшықтарының қандай түрлерін дамыту қажеттігін анықтау тапсырылады. Кейін олар осы екі бұлшықет талшықтарын жаттықтыру тәсілдерін ұсынулары қажет болады. Сондықтан салыстыру үшін оқушыларға спринтер мен марафоншылар туралы ақпарат беріледі:

https://www.youtube.com/watch?v=GE9FSHMt5y4

Оқушылар спринтер және марафоншылардың жоғары көрсеткішке жетулерінің себебін анықтайды. Биопсия жасау жолымен жиырылу белсенділігін анықтайтын тәсілдер туралы да мәлімет беріледі. Бұл тапсырма оқушылардың ақпаратты өз бетімен іздестіру дағдыларын дамытуға арналған.

Оқушылар берілген ақпарат негізінде өз дәптерлеріне осы екі бұлшықеттің салыстыру кестесін сызады, бұл тапсырма оқушылардың жазылым дағдысын дамытады.

Кестеге қойылатын критерийлер:

  • Кесте жабық болуы тиіс
  • Кестенің ішіндегі мәлімет тақырыпқа сай болуы тиіс
  • Бос ұяшық қалмау тиіс

Тапсырманы орындап болған соң жұмыстарын өзара тексеріп, мадақтау арқылы бағалайды.

(Ұ) Оқушыларға әралуан спорттың түрлері (жүгіру, жүзу, бокс, штанга, велосипед спорты, күрес, шаңғы спорты) туралы бейнеролик көрсетіледі және спортсмендердің әр тобының өкілдерінде жақсы дамыған бұлшықет талшықтарының түрлерін анықтап тізімін жасау ұсынылады. Ол үшін алдымен оқушыларға Қазақстандық спортшылар туралы бейне мәлімет беріледі (https://www.youtube.com/watch?v=eUKoldhLSMs) және де қосымша интернетке қосылу мүмкіндігі бар ноутбуктер не болмаса дайын мәтіндік ақпараттар үлестіріледі. Оқушылар топпен жұмыс жасай отырып спортшылардың жылдам және баяу жұмыс істейтін бұлшықет талшықтарын анықтауға тырысады.

Осы тұста мектебіміздің білім беру құндылығы Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік туралы сөз қозғауға болады. Сонымен қатар жаһандық азаматтықтың бір көрінісі ретінде қарастыруға болады.

Жұмыс қорытындысы бойынша оқушылар постер не презентация құрастырып дайындайды. Соңынан оқушылар бағалауды стикер арқылы дауыс беру негізінде жүргізеді.

Сабақты бекіту әрі қорытындылау мақсатында оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады:

  • Жылдам және баяу жұмыс істейтін бұлшықет талшықтарының құрылысы мен жиырылу механизмі арасында қандай байланыс бар екен?
  • Қалай ойлайсыз, баяу жиырылатын бұлшықет талшықтары неге ұзақ уақыт жиырылып тұрады?
  • Жиырылу белсенділігінің митохондрия санына байланысты екендігін қалай түсіндіресіз?

Кері байланыс

Оқушылардың сабақ барысындағы іс – әрекеттеріне қатысты ұсыныстар мен жақсарту жолдары ұсынылады.

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін анықтап біледі;

Оқушылардың көбі: жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтарының орналасуы мен олардың құрылымдық байланысына қатысты салыстырмалы кестені толтырып түсіндіреді;

Кейбір оқушылар: өмірмен байланыстыра отырып бұлшықет талшықтарының типтерін анықтайды, қорытынды сұрақтарға жауап беру арқылы бағалайды.

  • Суреттік тапсырма
  • Кестемен жұмыс
  • Айтылым/жазылым дағдылары
  • Презентация/постермен жұмыс
  • Сынып ішінде тыныштық сақтау
  • Партада дұрыс отыру ережесі

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу