Жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттері, орналасуы мен олардың құрылымдық байланысы. Актинге байланысты қаңқа бұлшықет ұлпасының типтері. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
Сабақ жүргізу бойынша мұғалімге нұсқаулық
Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулық
Сабақта уақытты үнемдеу үшін ой-шақыруда қолданылатын сұрақтарды мультимедиялық тақта экранынан (Active Board) көрсетуге болады. Мұғалім түрлі бұлшықет суреттерін қолдану арқылы да ұйымдастыруы мүмкіндігіне ие.
Сабақтағы анимациялық материалдың ақпараты
Сіз жүгіріп келе жатқан спринтер мен марафоншы көрдіңіз, бірі 80-ші жылдардағы фильм кейіпкеріне, ал екіншісі көп уақыт жеделдетілген диета курсына қатысқанға ұқсайды. Олардың екеуі де жүгірушілер, бірақ неге олар жай ғана бірдей болып көрінбейді, олар әртүрлі спортпен айналысады. Бұл төзімділікке қарсы шұғыл күшке байланысты атлеттердің өз бұлшықеттерін жаттықтыруы арқылы жауап беруі.
Бұлшықет жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарынан тұрады.
Спринтер бұлшықетін жылдам жиырылуға үйретуден бастайды. Олар шапшаң әрекет етеді, өте жылдам жұмыс істейді, бірақ жылдам жаттыққан кезде күш көп шығындалады.
Бұлшықет талшықтары жиырылу нәтижесінде көлемін ұлғайтады, салмағы артады.
Марафоншылар негізінен баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарын қолданады.
Олардың қимылы кенеттен немесе өте жылдам емес, бірақ жаттыққан кезінде сағат бойы үздіксіз жұмыс істей алады, бұлшықеттері талшықтары жіңішке және жеңіл күйінде қалады. Екі спортшының да жүгіру қабілеті тек аяқтарының дене бітіміне тәуелді емес, сондай-ақ спринтерлердің мәре сызығынан атылып шығу мен жақсы ырғақты ұстап тұру үшін денесінің тұлға бөлімі де маңызды, дегенмен жүгіру барысында дене тепе-теңдігін сақтау үшін жаттығу залында тұлға бөліктерін шығаруы, қолдары айтарлықтай мөлшерде болу керек. Сондықтан да спринтерлер өте бұлшықетті болып көрінеді, себебі спринтер бірнеше секундта орындау керек, қосылған салмақ нағыз жеңілдік болып табылады.
Марафоншыларда мүлдем басқаша жағдай. Оның денесіндегі әрбір салмақ бірлігін өзімен бірге 42 шақырым қашықтыққа алып жүру керек. Ол мықты марафоншы болу үшін барлық артық май мен бұлшықет массасынан арылу керек, жеңіл болу арқылы көп артықшылықтарға ие болады. Сондықтан олар арық болады. Кәдімгі адамда баяу және жылдам жиырылатын бұлшықеттер шамамен бірдей мөлшерде кездеседі. Ал спорттан қандай да бір жетістік шыңына жеткен адамда оның бірі басым келеді. Осылайша, жаттықпағандар олар спринтер мен марафоншының физикалық келбеті сияқты бола алмайды. Екі жүгіруші де әртүрлі спортшылар.
Мұғалім анимация дауысын қолданбайды, анимациядағы қозғалыстармен қатар тиісті ақпаратты жеткізіп тұрады.
Мәтінмен жұмыс бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулық
Мәтіндегі негізгі ақпарат түрлі дерек көздерінен жинақталған. Сондай-ақ ондағы шағын бөлімдердің күрделілік деңгейі де әртүрлі. Оқушылардың түрлі қабылдау деңгейлері мен қабілетіне қарай мұғалім мәтін тақырыпшаларын бөліп бере алады. Мысалы, жүйкелену, қозғыштық сияқты бөлімдерді қабілеті жоғары оқушыларға ұсынуға болады. Сабақ соңында оқушыларға екі мәтінді де үлестірген дұрыс.
«Ішкі-сыртқы шеңберлер» әдісі бойынша әдістемелік нұсқаулық
Сыртқы шеңбердегі оқушылар тыңдаушы, ал айналып қозғалып отыратын ішкі шеңбер оқушылары түсіндіруші болады. Сыртқы шеңбердегі оқушылар жұмыс дәптерлеріне мәтін бөлімдері бойынша ақпаратты қысқаша жаза алады. Келесі кезек ішкі шеңбер оқушылары тыңдаушы, ал сыртқы шеңбер оқушылары түсіндіруші кезде де дәл солай жүреді.
Салыстырмалы органайзермен жұмыс бойынша әдістемелік нұсқаулық
Жылдам жиырылатын бұлшықет туралы (№1 мәтін) түсіндірген оқушылар бұл органайзердің (№2 мәтін) баяу бұлшықет туралы бөлігіне жауап жазады. Осыдан олардың алдыңғы әдісте қаншалықты ақпаратты түсінгені, әдістің тиімді/тиімсіз болғанын және мұғалімнің жетілдіруіне мүмкіндік болады. Сондай-ақ баяу жиырылатын бұлшықет талшықтары туралы (№2 мәтін) түсіндірген оқушылар органайзердің (№1 мәтін) жылдам бұлшықет туралы бөлігіне жауап жазады. Бұл органайдер Блум таксономиясының 7 көрсеткіші бойынша құрылған, сондықтан мұғалім бұл әдісте де ұсынылатын тапсырмаларды дифференциациялайды.
Қалыптастырушы бағалауға бойынша нұсқаулық
1. Ой шақыру кезеңінде мұғалім оқушылардың бұлшықет ұлпасы туралы алдыңғы білімдерін еске түсіруі мен жаңа тақырып бойынша болжамдауын бағалайды.
2. Мағынаны тану кезеңінде оқушылардың анимация бойынша пысықтау сұрақтарына жауап беруі арқылы ақпаратты қабылдау деңгейлерін анықтайды, барлық оқушылардың жауап беру жылдамдығы әртүрлі, белсенді қатысқан оқушыларды топтық жұмыстарда әр топқа түсуін қадағалайды.
3. Салыстырмалы органайзермен жұмыста 7 көрсеткіш бойынша оқушылардың нақты жауап жазуын бағалайды.
4. Биологиялық лото сәйкестендіру тапсырмасы жұпта орындалады, өзара бағалайды.
Жауабы:
Баяу жиырылатын бұлшықеттер | Жылдам жиырылатын бұлшықеттер |
Баяу жиырылады | Жылдам жиырылады |
Ұзақ уақытта бірсарынды жұмыс істейді | Қысқа уақытта қарқынды жұмыс істейді |
Арқаның төменгі жағындағы бұлшықеттер | Көз алмасын қозғалтатын, аяқ-қолды бүгіп, жазушы бұлшықеттер |
Гликоген, май қатысуымен аэробты тыныс алады | Гликоген қатысуымен анаэробты тыныс алады |
Қан тамырлар мен миоглобині көп - қызыл (қара ) бұлшықет | Қан тамырлар мен миоглобині аз - ақ бұлшықет |
Оттегіні көп қажет етеді | Энергия өндіру үшін оттегі қолданбайды |
Көп мөлшердегі энергияны баяу пайдаланады | Көп мөлшердегі энергияны жылдам пайдаланады |
Құрамында митохондрия көп болады | Құрамында бірнеше митохондрия болады |
Шаршамайды | Тез шаршайды |
Пайдалы сілтемелер мен әдебиеттер тізімі
1. Биология, Д.Тейлор., Н.Грин., У.Стаут, 2 том 389 бет
2. Қаңқа бұлшықетітінің қозғыштығы:
http://sportwiki.to/%D0%98%D0%BD%D0%BD%D0%B5%D1%80%D0%B2%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F_%D0%BF%D
0%BE%D0%BF%D0%B5%D1%80%D0%B5%D1%87%D0%BD%D0%BE-
%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D1%81%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%85_%D0%BC%D1%8B%D1%88%D1%86
https://fitseven.ru/myschtsy/kak-nakachatsa/tipy-myshechnyh-volokon
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?