file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмін арасындағы байланыс. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


Мұғалімге нұсқаулық

1.Білімді өзектендіру. Оқушылар бұлшықет ұлпасын түрлерін естеріне түсіруді сұрайды.

1)Бұлшықет ұлпасының түрлерін атаңыздар.

Адам ағзасында 600-ден аса бұлшықет бар. Олар құрылысы, пішіні, қасиеттері мен қызметі жағынан әртүрлі.

Адамның бұлшық еттері құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты 3 түрге бөлінеді:

1.Қаңқа (көлденең жолақты) бұлшықет ұлпасы;

2.Жүректің көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы;

3.Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасы.

Қаңқа бұлшық еттері тірек-қимыл аппаратының белсенді элементтері болып табылады. Көлеміне келетін болсақ, адам ағзасындағы ең үлкен ұлпаны құрайды. Олардың жасушаларында (талшықтарында) көптеген ядролары болады және жасушаларының ұзындықтары 10 сантиметрден асуы мүмкін.

2) Бұлшықет ұлпасының қызыметін қандай?

Бұл серпімді, иілгіш ұлпа адамның және жануарлардың қаңқа бұлшықетін түзеді. Ол әртүрлі қозғалыстарды жүзеге асыруға арналған: дене қозғалысы, дауыс желбезегінің жиырылуы, тыныс алу. Мұндай бұлшықеттер адамның өз қалауы бойынша, ерікті түрде жиырыла алады және қаңқамен бірігіп, тірек-қимыл жүйесін құрайды. Қаңқа элементтерін қозғалысқа әкелетін қаңқа бұлшықеттері көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларына жатады. Ұлпаның мұндай атауы шамамен белгілі-бір ретпен орналасқан, ақ және қара жолақтардың кезектесуінен туындаған. Қаңқа бұлшықеттері өте жылдам жиырылады және тез шаршайды. Бұндай бұлшықеттердің жұмысы біздің санамызбен басқарылады.

3)Бұлшықеттің физиологиялық қасиетін қандай?

1. Қозғыштық –бұлшықеттің тітіркендіргішке қозып жауап беруі;2. Өткізгіштік – бұлшықет бойымен қозудың өтуі;3. Жиырылу – бұл қозу кезінде ұзындығы немесе кернеуінің өзгеруі;4. Эластикалық (созылғыш, майысқақ) –жиырылудан кейін бұлшықеттің бастапқы пішініне келуі;5. Пластикалық –бұл ұзындығы өзгерген пішінін біраз уақытқа дейін сақтау.

Қозуды өткізу жылдамдығы:-көлденең жолақты қаңқа еті – 3,5-14 м/сек;-көлденең жолақты жүрек еті – 0,5-1м/сек;-бірыңғай салалы еттері– 0,5мм - 5-10см/сек.

6.«Ақпартты бөлшектеу». Жұптық жұмыс. Ақпаратпен жұмыс. Оқушылар бұлшықет құрлысы жайлы ақпартпен танысады. Әр жұпқа мәтіннің бір бөлгігі беріледі. Оқушылар өздеріне берілген бөлігін «қысқа, дәл, анық» етіп жеткізе алу керек.

Оқушылар берілген мәтін бөлігінен маңызды ақпараты анықтау жолдарын ұсынсаңыз болады.

-мәтінді оқып отырып, мәліметтерді түртіп отырады;

-жинақталған мәліметтерден маңызды ақпаратты анықтайды;

-анықталған ақпараттарды кластерге түсіреді.

Сәйкестендіру дұрыс жауабы

Саркомер

көлденең жолақты бұлшық еттің құрылымдық жəне қызметтік бірлігі

Миозин

шиыршықты 150 молекуладан тұратын домалақ бастары, мойны мен құйрық бөлімдерінен (терминал) тұратын молекулалық мотор болып табылады

Актин жəне миозин жіпшелерінің ұзындығы бұлшықет жиырылғанда

өзгермейді, яғни қысқармайды

Актин

шиыршықты жіпшелерден тұрады, олардың ішінде əрбір 40 нм аралығында домалақ басы бар тропонин молекуласы жəне тропомиозин нәруызы кездеседі



Толық нұсқасын 28 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу