Көлденең-жолақты бұлшықет ұлпасының құрылысы. Миофибриллалар құрылымы (аймақтар, дискілер, саркомералар, актин, миозин және т.б.). Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4 C Қозғалыс | Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||
СЫНЫП: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Көлденең-жолақты бұлшықет ұлпасының құрылысы. Миофибриллалар құрылымы (аймақтар, дискілер, саркомералар, актин, миозин және т.б.). | ||||||||||||||||||||
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары | Көлденең-жолақты бұлшықет ұлпасының ультрақұрылымын зерттеу | ||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері : |
| ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат | Пән лексикасы және терминология: бұлшықеттер, бұлшықеттің жиырылуы, миофибрилла, бұлшықет талшықары, аймақтар, дискілер, саркомера, актин, миозин және т.б. Диалог құруға/жазылымға қажетті пайдалы сөздер топтамасы: Бұлшықеттерде … болады. … өндіру үшін қажет Көлденең-жолақты бұлшықеттер … Талшықтар … Миофибриллалар … актин… миозин… саркомералар … дискілер … аймақтар … Пайдалы тақырып: Бұлшықет жиырылуының маңыздылығы. Сымбатты мүсінге арналған және тонусты дамытуға арналған жаттығулар | ||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топта және жұптасып жұмыс жасау ынтымақтастыққа, білім мен достықты нығайтуға ықпал етеді. Зерттеу барысында (сабақта) алған білім өмірде қолданылады. Мектеп құндылықтары барлық сабақтарда көрініс тауып отырады. | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | - физикамен – қаңқаның архитектуралық құрылымы мен сүйек ұлпасы мәнмәтінінде (трабекулалардың сүйек ұлпасында орналасуы, сүйектің түтікшелі құрылымы, табанның тоғыспалы құрылымы, омыртқаның физиологиялық бүгілуі және т.б..), динамикалық және статикалық жүктемелердің тірек-бұлшықет аппаратына әсері; - дене шынықтырумен (қозғалыс). | ||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Суреттік тапсырмалармен интерактивті тақтаны пайдалану. Жекелеген оқушыларға компьтерді қолжетімді ету арқылы интернет ресурстары көмегімен көлденең-жолақты бұлшықеттің ультрақұрылымын талқылау. | ||||||||||||||||||||
Алдын-ала білімдер | Оқушылар 7,8,9 сыныптардағы «Қозғалыс» тарауы материалдарынан омыртқалылар мен омыртқасыздардың қозғалыс мүшелерін салыстыра алулары қажет, сонымен қатар адам қаңқасының бөліктері мен оның ерекшеліктерін сипаттау қажет. | ||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жұмыс | Ресурстар | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-6 минут 7- 10 минут 11-21 минут Сабақтың ортасы: 22-35 минут Сабақтың соңы: 36- 40 минут Сабақтың басы: 0-6 минут 7-21 минут Сабақтың ортасы: 22-32 минут Сабақтың соңы: 33-39 минут 40-45 минут | Ұйымдастыру кезеңі: Миға шабуыл
Миға шабуыл кезіндегі сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады. Оқушылар тақырып пен мақсатты жазып алады. Миға шабуыл кезіндегі сұрақтарға жауап берген оқушыларға төмендегі 3 түсті карточканың біреуі беріледі:
Оқушылар теріс қаратылған суреттерді таңдап алады да, тақтада көрсетілген суреттерге қарап сәйкес келген суретпен топ құрайды. 3 топ құралған соң, әр топқа тапсырма беріледі. Бірыңғай салалы бұлшықет тобына: қаңқа бұлшықетінің морфологиялық ерекшелігінің суретін салу; Жүрек бұлшықеті тобына: кілт сұрақтарды пайдалана отырып 3 тен кем емес тапсырма құрастыру. Қаңқа бұлшықеті тобына: бұлшықет ұлпаларын салыстыруға арналған кесте құрастыру тапсырылады. Тапсырманы орындауға 15 минут уақыт беріледі. Тақтада жұмыстың бағалау критерийі көрсетіліп қояды. Әр топ тапсырманы орындау үшін интернет көзін пайдалана отырып, қажетті ақпараттар іздейді. Бірыңғай салалы бұлшықет тобының бағалау критерийі:
Жүрек бұлшықеті тобының бағалау критерийі:
Қаңқа бұлшықеті тобының бағалау критерийі:
Топтар өз жұмыстарын ұсынады: әр топқа 3 минут уақыт беріледі. Топтар бағаланады, мұғалім кері байланыс береді және түрлі-түсті карточкалар беріледі. Әр оқушыға топтық жұмыста белсенді болуына байланысты түсті карточка беріледі. Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің түрлі түзетулерін жазып алады. Бекітуге арналған сурет: Бұлшықет құрылымы суреті көрсетіледі де, талқылау үшін сұрақтар қойылады.. Ұйымдастыру кезеңі. Бейнеролик көру: https://twig-bilim.kz/ru/film/skeletal-muscles Тақтада бұлшықет талшығының құрылымдық бөліктері көрсетіледі (саркомер, миофибрилла миозинді филамент және актинді филамент). Оқушылар тақтада көрсетілген суретке қарайды. Содан соң оқушыларға сәйкестендіру үшін терминдер мен анқытамалар жазылған кестелер таратылып беріледі. (IW). Оқушының терминдермен жеке жұмысы, мұғалім тақтадан терминдер мен анықтамалар жазылған кестені көрсетеді. Оқушылар берілген терминдер мен анықтамаларды сәйкестендіреді. Сәйкестендіруге 7 минут, тексеруге 3 минут беріледі. Берілген терминдерді анықтаңыз
Оқушылар бір-бірін жасы сиямен тексереді, жауаптар тақтада көрсетіледі: жауаптары: 1-Е 2-А 3-В 4-С 5- F 6-D 3-тен көп дұрыс жауап берген оқушыға мадақтама мен конфет. 5-тен көп дұрыс жауап берген оқушыға шапалақтау арқылы мадақтау мен 2 –ден көп емес конфет беріледі. Дифференциациялық тапсырма:
1-ші сұраққа барлық оқушылар жауап бере алады, оқушылардың басым көпшілігі 2,3,4 сұрақтарға жауап бере алады. Кейбір оқушылар 5,6,7,8,9, 10 сұрақтарға жауап бере алады. Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:
Рефлексия: тақтада бағдаршам түстері көрсетіледі. Оқушылар өздері жинаған түстерді көрсетеді. Сабақ соңында “V” белгісін таңдап алады. Үш түс 3 сабақ мақсатын білдіреді, түстер білдіреді: Жасыл түс: сабақ мақсаттарын жақсы түсіндім. Сары түс: түсіндім, бірақ сұрағым бар. Қызыл түс: түсінген жоқпын, бұл сабақ мен үшін қиын болды. Дұрыс / дұрыс емес
Үй тапсырмасы: Бұлшықеттің жиырылу механизмі | Презентация Таратпа материалдар Презентация Бейнеролик Үлестірме суреттер Ноутбук Ноутбук Интернет | |||||||||||||||||||
Дифференциация | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарламақшысыз? | Денсаулық және қауіпсіздік | |||||||||||||||||||
Барлық оқушылар: : бұлшықет топтарын олардың қызметімен байланыстыра алады; Оқушылардың көпшілігі: : Бұлшықет талшықтарының компоненттерін анықтай алады; Кей оқушылар: Қаңқа бұлшықеті талшықтарының ультрақыұрылымы мен олардың аймақтарын сипаттай алады. | Денсаулықты сақта технологиялары. Сынып ішінде қауіпсіздік техникасын сақтаңыз. | ||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шындыққа негізделген болды ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сыныпта қандай атмосфера болды? Мен жүргізген дифференциация іске асты ма? Мен уақытқа сәйкес жұмыс істедім бе? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неліктен? | Бұл бөлімді рефлексия үшін пайдаланыңыз (сабақ туралы ой қозғау). Сол бұрышта тұрған Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)? 1. 2. Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?