Көлденең- жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымы. Миофибрилдің құрылымы (аймақтар, дискілер, саркомерлер, актин, миозин және т.б.). Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім: Қозғалыс |
| |||||||||||||
Сынып: 10 Күні: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Көлденең- жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымы. Миофибрилдің құрылымы (аймақтар, дискілер, саркомерлер, актин, миозин және т.б.). | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
| |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар орындай алады: Дұрыс терминологияны пайдалана отырып көлденең жолақты бұлшықеттер құрылысы диаграммасын сипаттайды, сызады, белгілейді және оның құрылысын, қызметін басқаларға түсіндіре алады Пәнге қатысты лексика мен терминология Көлденең жолақты, бұлшық ет, қаңқалық, миоцит, ультрақұрылым, көпядролы, синцитий, миофибрила, актин, миозин, саркомер, сарколемма саркоплазма, саркоплазматикалық ретикулум, митохондрий, көлденең (T) канал, тропонин, тропомиоцин, жүйке-бұлшық ет қосылысы, І топ, А топ, Н зонасы (аймақтар), Z дискі, М линия, құрылым, қызметі, қасиеттері Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы X көп жағдайда аталады жіктеледі қоршалған құралады жабысатындай етіп орналасқан Бұл бөлік қалай аталады? Бұл Х Х қандай функцияны атқарады? | |||||||||||||
Бағалау критерийлері | Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді:
| |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақ академиялық шындық, ынтымақтастық және топта жұмыс жасай білу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағытталған. | |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қаңқа бұлшықеттерінің денені қозғалысқа келтіруіне байланысты физикамен байланыс бар. | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқу үдерісінде ноутбуктен бұлшықеттің ультрақұрылымының анимацияларын қолданады. | |||||||||||||
Бастапқы білім | 8-9-сыныпта өтілген тірек-қимыл аппаратын зерделеу. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы
| 1.Білімнің өзектілігі. Оқушыларға 9 сыныпта өтілген бұлшықет ұлпалары бойынша алған білімдерін қайталау үшін кесте таратылады. Бұлшықет ұлпалары мен олардың адам ағзасында орналасуындағы сәйкестікті орнатады. Бұдан кейін дайын жауапты қолданып, өзара тексеру жүргізіледі. 2.Ой шақыру. Оқушылармен «миға шабуыл» өткізіледі. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа қаңқа бұлшықеттің негізгі құрылымдық бөліктерін анықтайтын мылқау суреттер таратылады (Қаңқа бұлшықеті, эпимизий, миозин, актин, бұлшықет шоғыры, бұлшықет талшықтары, миофибрила) құрылымды белгілейді. Екінші топқа керісінше қаңқа бұлшықеттің құрылымдық негізгі бөліктерінің атаулары таратылады, оқушылар қаңқа бұлшықетінің құрылымдық сызбанұсқасын салып сәйкестендіреді. 3. Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып сабақ тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері қалыптастырады. | Қосымша №1 Кесте (бұлшықет ұлпалары) Қосымша №2 Қаңқа бұлшықетінің құрылымдық сызбанұсқасының мылқау суреті Қосымша №3 қаңқа бұлшықеттің құрылымдық негізгі бөліктерінің атаулары | ||||||||||||
Мағынаны тану 5-15 15-25
25-35
35-45 45-55
55-73 73-75 | 4. Жаңа ақпаратты игеру: 4.1. Жұптық жұмыс. Көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылысымен танысу. Ол үшін оқушыларға мәтін түріндегі оқу ақпараты беріледі. Көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылысымен бойынша жұмыс жасау үшін оқушылар өзінің жұптарын табады және жоспар бойынша жұмыс жасайды. «Биология» 2 том Д.Тейлор,Н.Грин,У.Стаут (383-388 беттер аралығы) мәтінін қолдана отырып көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылысын сипаттайды: А) көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылысының (миофибрила, актин, миозин, саркомер, сарколемма, көлденең (T) канал, тропонин, тропомиозин, І диск, А диск, Н зонасы (аймақ), Z дискі, М зонасы (аймақ) анықтама беріңіз;
Б) Қаңқа бұлшықет талшығының микрофотографиялары арқылы оның ультрақұрылымының ерекшелігін диаграммада белгілейді.
В) Қаңқа бұлшықеті ультрақұрылымының негізгі аймақтарын сызбаларда белгілеп көрсетіңіз.
Г) Қаңқа бұлшықетінің құрылысын және қызметін (миофибрилла, саркомер, саркоплазма) бір-біріне түсіндіреді. 5. Ақпаратты бекіту Сынып екі топқа бөлінеді. «Сөзді тап» ойынын ойнайды. Оқушыларға тақырыппен жұмыс істеуге арналған негізгі терминология көрсетіледі. Әр топтан бір адамнан тақтаның екі жағына шығып тұрады. Сұрақ оқылады немесе анықтама беріледі – сөзді бірінші болып «тапқан» оқушы өз командасы үшін балл ұтып алады. Сосын келесі екі ойыншы шығып, сынып оқушылары түгел ойынға қатысып бітпегенше жалғаса береді. 1. Миофибрилла. Жауабы: Миофибрилла -бұлшықет жасушаларының нәруыздары миофиламенттері (жуан және жіңішке) бар органелалар. 2. Мифофибриллалардың Z сызығы арасында орналасқан, жиырылуға қабілетті, бұлшықет талшығының қызметтік бірлігі болып табылады. Жауабы: саркомера 3. І диск – қандай сызықпен бөлінеді. Жауабы: Z сызығымен 4. Күңгірт жолақтардың арасындағы бөлімді қалай атайды? Жауабы: А диск деп атайды 5. Миозин молекуласы қандай екі бөлімнен құралған? Жауабы: ұзын таяқша тәрізді бөлім (құйрық бөлімі) және осы аталған бөліммен байланысқан екі бірегей бас бөліктерінен құралған 6. Миофиламенті глобулярлы актин нәруыздарынан тұратын және бір-бірімен спирал тәрізді оралған, екі тізбектен құралған молекуланы қалай аталады? Жауабы: G-актин деп атайды. 7. Актин молекулаларынан құралған барлық кешенді қалай атайды? Жауабы: F-актин (фибриллярлы актин) деп атайды. 8. Н зонасы (аймақ) қандай сызықпен екіге бөлінеді. Жауабы: М сызығымен 9. А дискісінде, миофиламенттердің бір-біріне жанаспаған бөлігі болады, яғни тек миозин жіпшелері ғана орналасады бұл аймақ қалай аталады? Жауабы: Н аймағы (зона) деп атайды 10. Күңгірт жолақтардың арасындағы бөлімдерді қалай атайды? Жауабы: I дискілер деп атайды. 6. Қорытынды бағалау (жеке жұмыс) Оқушылар жазбаша жұмысты жеке орындайды 7. Сабақ мақсатына қайта оралу | Қосымша №4 «Биология» 2 том Д.Тейлор,Н.Грин,У.Стаут (383-387 беттер аралығы) қазақша аудармасы Қосымша №5 «Биология» 2 том Д.Тейлор,Н.Грин,У.Стаут Сурет 18.17. Қаңқа бұлшықет талшығының ультрақұрылымы Қосымша №6 «Биология» 2 том Д.Тейлор,Н.Грин,У.Стаут 18.18-сурет. Балықтың бұлшықет талшығының электронды микроскоп астындағы көлденең кесіндісі Қосымша №7 Анимациялары бар иллюстрацияланған жолсілтегіш: http://www.histology.leeds.ac.uk/tissue_types/muscle/muscle_sarcomere.php Қосымша №8 Пайдалы электрондық микросуреттер: http://www.visualhistology.com/products/atlas/VHA_Chpt7_Muscle.html Қосымша №9 сұрақтар Қосымша №10 Қорытынды бағалау | ||||||||||||
Рефлексия 5 минут 75-80 | 8. Рефлекия Оқушылар кері байланыс береді: Берілген үш етістіктің бірінің астын сызыңыз: Мен қаңқа бұлшықетінің микрофотографиялары арқылы оның ультрақұрылымының ерекшелігін диаграммада сипаттауда: қиналмаймын/қиындық көремін/сипаттай алмаймын Мен қаңқа бұлшықеті ультрақұрылымының негізгі аймақтарын сызбаларда белгілеуде: қиналмаймын/қиындық көремін/белгілей алмаймын Мен қаңқа бұлшықеті құрылысын басқаларға түсіндіруде: қиналмаймын/қиындық көремін/сипаттай алмаймын Мен бірыңғай салалы, көлденең – жолақты және жүрек бұлшықеттерінің адам ағзасында орналасуы ерекшілігін сипаттауда: қиналмаймын/қиындық көремін/сипаттай алмаймын 9. Үй жұмысын орындауда нұсқау беру: өткен ақпаратты қайталау, мәтінді қайталап оқу. «Биология» 2 том Д.Тейлор,Н.Грин,У.Стаут (383-388 беттер аралығы)
| Қосымша №11 стикер | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
Ой шақыру кезеңінде оқушылар неғұрлым терең білімдерін немесе олардың болмауын көрсете отырып, жақын даму аймағын анықтайды. Мағына беру кезеңінде саралау мақсатында оқушыларға позициялық оқу ұсынылады. | Оқушының жеке ойын жеткізе алуы, сабақтың тақырыбы мен мақсатын ұсынуын бағалау Оқушылардың мәтінмен жұмыс барысын мұғалім бағалайды; Бекіту тапсырмасы кезінде оқушылармен диалог кезінде мұғалімнің аралық бағалау жүргізеді Қорытынды жазбаша бағалау | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары Қауіпсіздік техникасы ережелеріне кіріспе нұсқаулық | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?