Көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмін арасындағы байланыс. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні :

Сынып :

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмін арасындағы байланыс.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

10.1.6.1 көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмін арасындағы байланысты түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

жиырылу және босаңсу күйіндегі бұлшықеттердің (миофибриллалардың) құрылымының сипаттау.

Бағалау

 критерийлері

Қаңқа бұлшықетінің жиырылу және босаңсу механизмін бұлшықет құрлысымен байланыстыра алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушының академиялық тілде айтылым және жазылым дағдылары қалыптасады.

Пәндік лексика және терминология

қысқарту, босаңсу, төмендейді, жоғарылайды, артады, азаяды, түседі, редукциялау, көтеріледі

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы

Əрбір бұлшық ет жүйке талшықтарымен қамтамасыз етіледі.Қаңқа еті көлденең жолақты .................тұрады. Ұзындығы 10см-дей, кейде одан да ұзын, ені 12-70 мкм болатын талшықтар ұзын,цилиндр тəрізді болып келеді. Бұлшық ет саркоплазмасы ................... нәруызына бай. Миоглобин гемоглобинге ұқсап оттегін байланыстырады

 Құндылықтарды

 дарыту

Бұл сабақ академиялық шыныдық, бірлік пен командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған.Коллаборативті мәдениет. Адалдық. Ашықтық. Өмір бойы үйрену. Өмір бойы білімге құштарлық. Топта жұмыс істеу және жауапкершілік.

 Пәнаралық

 байланыстар

Химия – органикалық заттар ыдырауы, физикалық жаттығу әсері

Қаңқа бұлшықеттерінің денені қозғалысқа келтіруіне байланысты физикамен байланыс бар.

Бастапқы білім

8-9 сынып жануарлар ұлпалары, тірек қимыл аппараты жайлы білімдерін еске түсіреді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5минут

1.Білімді өзектендіру.

Бұлшықет құрылысы неден тұрады?

Бұлшықетке байланысты қандай биологиялық терминдер бар және олардың анықтамасы қандай?

2. Ой шақыру.

Егер адам ұзақ ұақыт жүрсе шаршау тез болады ма әлде бір отында тұрып қолмен бір затты белгілі бір деңгейда ұстап тұрғанда тез шаршайды ма?

Оқушылардың ЖАДА анықталады.

3. Сабақтың мақсатын қалыптастыру. Оқушылармен бірлесе отырып сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін қалыптастырады.

  • жиырылу және босаңсу күйіндегі бұлшықеттердің (миофибриллалардың) құрылымының сипаттау

№1 қосымша

Сабақтың ортасы:

5 – 10 минут

10– 15 минут

15 – 30 минут

30-37 минут

4. Ақпаратпен танысу видео көру. Жеке жұмыс. Оқушыларға ақпарат беріледі және онымен танысып шығуларын сұраңыз.Содан кейін «Қаңқа бұлшық еті» видеосын көру.

5. Топтық жұмыс.Сынып үш топқа бөлінеді.Бірінші және екінші топ бұлшықеттің жиырыу механизмі жайлы таныстырылым дайындайды. Таныстырылымды топтар өз қалауларымен жасуға болады. Мысалы: модельдеу/концепт карта/ сызба

Бағалау критерийлері:

- бұлшықеттердің жиырылу және босаңсу кезіндегі үдерісті түсіндіру;

- бұлшықеттердің жиырылу және босаңсу кезіндегі құрылымымен байланыстыру.

Үшінші топ осы тақырып бойынша сұрақтар құрастырады. Кейін ол сұрақтарына таныстырылым кезінде жауап айтылса оны сызып тастап отырады. Әр топтың жұмысын қадағалап таныстырылымның артықшылықтары мен ұсыныстарын анықтайды.

6. Оқушылар таныстырылымы. Оқушылар өздерінің дайындаған жұмыстарының таныстырылымы жасалады. Таныстырылым аяқталғанан кейін үшінші топ өз сұрақтарына қарап белгілеп отырады. Қандай сұрақтар жауабы айтылда, жауап алынбаған сұрақтарды таныстырылым жасап тұрған топқа қояды. Жауап беруші топ өзара келісе отырып сұраққа жауап берулері керек.

7. Қорытынды. Үшінші топ екі топтың артықшылықтары мен ұсыныстарын негіздей отырып бағалайды.

Қаңқа бұлшық еті

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/ehvolyucziya/omyrtqasyzdar-aleminde/lesson/bulshyqet-ulpasy

Егер оқушы модельдеу жасайтын болса желім, ермексаз, қайшы және түрлі-тсті қағаз тағы басқа қажетті материалдар дайындалады.

Постер жасуға филпчарт , түрлі түсті маркерлер қағазға жазатын қажет болады.

Сабақтың соңы

37-40

Маған мұғалім көмегі керек... .

бұлшықеттердің жиырылу және босаңсу кезінде ... .

Кері байланыс алу үшін стикер таратылады

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың қабылдау қабілеттеріне қарай ақпарат визуалданады, қолдарымен ұтсап көреді(кинестетиктер үшін), таныстырылым кезінде тыңдалады. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделілігі жоғары мәтін бөлігі беріледі немесе жасалған жұмыстарды талдау ұсынылады.

Өз жұмыстарын өздері талдай және қорытындылай отырып өзін –өзі бағалау және өзара бағалау жүзеге асады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу