Көлденең жолақты бұлшықеттің құрылысы және жиырылуы. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


Биологиялық қозғалыс процестерімен байланысты: жануарлар бұлшықеттерінің жиырылуы, жасушалардың өсіуі, жасушалардың бөлініуі кезіндегі ондаған хромосомалардың қозғалысы пайда болады. Бұл процестер химиялық процестермен қамтамасыз етіледі және АТФ энергетикалық түрінде пайда болады. 

Бұлшықеттердің жиырылуы –оның сакромерлерінің қысқаруынан туады. Сакромерлерінің қысқаруы қалай жүреді? Ол актиндік, миозиндік жіпшелердің бойымен М- пластинкасына бағытталып қозғалуы арқылы жүреді.

Ал актиндік жіпшелердің қозғалуы негізгі миофибрил белоктарының – миозиннің, актиннің, тропомиозиннің және тропониннің өзара әрекеттесуі нәтижесінде іске асады. Саркомердің қысқаруы АТФ- тың гидролизі және Са² қатысуымен жүреді. Яғни Са² бұлшықеттердің жиырылуы процесінің аллостериялық жолмен физиологиялық реттеушісі болып табылады. Нервтік импульс м.б. деполяризация → Са² → тропонин → тропоминоз → актин → миозин →актомиозин → Са² ыдырауы Са² АТФ- аза → эндоплазмалық ретикулум. Нервтік импульс мембрананың деполяризациясын туғызып Са² эндоплазмалық ретикулумнан босап шығуына жағдай жасайды. Са² тропонинимен байланысып оның конформациясын өзгертеді, бұл өзгеріс әрі қарай торпомиозинге және актинге жетеді. Миозинмен актин әрекеттесіп, АТФ гидролизге ұшырайды. Сонан соң Са² босайды, тропомиозин актиннің миозинмен байланысуын тежейді. Соның арқасында бұлшықеттің жиырылуы тоқтап, қайтадан орнына келеді. Са² цитоплазмадан қайтадан эндоплазмалық ретикулумге енуі АТФ- аза насосы арқылы іске асады. Ол үшін энергия жұмсалады. 2Са² үшін I молекула АТФ жұмсалады.



Толық нұсқасын 26 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу