Көлденең жолақты бұлшықеттің құрылысы және жиырылуы. Биология, 10 сынып, презентация.
«Комплимент» жаттығуы
Материал. Кішкентай доп.
Нұсқаулық . Комплимент — бұл шын жүректен айтылған жағымды сөздер, мадақтау, мысалы:«Сен бүгін әдімі көрінесін» немесе «сенің мына затың қандай тамаша!» Қажетті кезде комплимент айту оңай емес, бірақ өте пайдалы.
«Қозғалыс – өз әрекеті арқылы кез-келген дәріні алмастыра алады, бірақ әлімдегі барлық заттар қосылып қозғалыстың әрекетін алмастыра алмайды».
Философ Тиссо
Сабақ тақырыбы: Көлденең жолақты бұлшықеттің құрылысы және жиырылуы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
10.1.6.1 көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымын зерттеу
10.1.6.2 бұлшықеттің жиырылу механизмі
Бағалау критерийлері
көлденең жолақты бұлшықеттің құрылысы мен қасиеттерін сипаттайды;
бұлшықеттің жиырылу механизмін түсіндіреді;
актин мен миозиннің байланысын көрестетін модель құрастырады;
көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмі арасындағы байланысты талдайды.
Терминология:
Көлденең жолақты бұлшықет- поперечно-полосатая мышечная ткань - striated muscle tissue
Бұлшықет талшықтары - мышечные волокна - muscle fiber
Миофибриллалар -миофибриллы - Myofibrils
Актин - актин - actin
Миозин - миозин - myosin
Саркомер - саркомер – sarcomere
Сарколемма - сарколемма - sarcolemma
Саркоплазмалық ретикулум -саркоплазматический ретикулум-sarcoplasmic reticulum
Босаңсуы - расслабление-relaxation
Жиырылуы - сокращение-reduction
Тапсырма: бұлшықет ұлпалары мен олардың адам ағзасында орналасуындағы сәйкестікті орнатыңыз.
Бұлшықет ұлпаларының түрлері:
1. Көлденең жолақты қаңқа бұлшықеті;
2. Көлденең жолақты жүрек бұлшықеті;
3. Бірыңғай салалы бұлшықет.
Қаңқа бұлшықетінің қызметтері:
- адам дене қалпын сақтауға қатысады;
- дененің кеңестікте қозғалысын қамтамасыз етеді;
- дене бөліктерінің бір-біріне салыстырмалы түрде қозғалысын қамтамасыз етеді;
- жылу көзі болып табылады (жылу реттеуге қатысады).
Бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері
1. Қозғыштық – бұлшықеттің тітіркендіргішке қозып жауап беруі;
2. Өткізгіштік – бұлшықет бойымен қозудың өтуі;
3. Жиырылу – бұл қозу кезінде ұзындығы немесе кернеуінің өзгеруі;
4. Эластикалық (созылғыш, майысқақ) – жиырылудан кейін бұлшықеттің бастапқы пішініне келуі;
5. Автоматия - бұл тіннің сырттан тітіркендірусіз өзінде пайда болатын серпіністер арқылы қозуын айтамыз.
6. Пластикалық – бұл ұзындығы өзгерген пішінін біраз уақытқа дейін сақтау.
Қозуды өткізу жылдамдығы:
-көлденең жолақты қаңқа еті – 3,5-14 м/сек;
-көлденең жолақты жүрек еті – 0,5-1м/сек;
-бірыңғай салалы еттері– 0,5мм - 5-10см/сек.
Тапсырма 2. Бұлшықеттің әрбір құрылымның қызметін анықтаңыз:
Тапсырма 2. Бұлшықеттің әрбір құрылымның қызметін анықтаңыз:
Миозин жіпшелерімен оның көлденең көпіршелері
Актин жіпшелері
Бұлшықеттің жиырылу механизмі
Тітіркендіру→ Әрекет потенциалының пайда болуы→ Оның жасуша мембранасы мен талшықтардың көлденең түтікшелері бойымен өтуі→ Саркоплазма ретикулум цистерналарынан Са2+ иондарының босап шығуы және олардың миофибриллдерге енуі→ Са2+ ионының тропонинмен байланысы→ Тропомиозиннің деформациясы→ Көлденең көпіршелердің белсенді актин орталықтарымен байланысы→ Актин жіпшелерінің жылжыуы, яғни миофибриллдер қысқарады→ Кальций насосының белсенуі→ Саркоплазмадағы бос Са2+ иондарының концентрациясының төмендеуі→ Көлденең көпіршелердің босауы→ Миофибриллдердің босаңсуы.
Қажу – бұл жасушалар мен мүшелердің немесе тұтас организмнің уақытша қызметінің төмендеуі. Демалыстан кейін қызметі қалыпына келеді.
,,Белсенді демалыс,, туралы түсінікті И.М. Сеченов енгізген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?