Көлденең жолақты бұлшықеттің құрылысы және жиырылуы. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.
Краткосрочный план
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4В Қозғалыс | Мектеп: Астана қаласындағы ФМБ НЗМ | ||
Күні: ___ _____ 2019г. | Мұғалімнің аты-жөні: Бейсенбаева А.С. | ||
Сынып: 10 _______ | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы: Көлденең жолақты бұлшықеттің құрылысы және жиырылуы | |||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.1.6.1 көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымын зерттеу 10.1.6.2 бұлшықеттің жиырылу механизмі | ||
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: Көлденең жолақты бұлшықеттің құрылысы мен қасиеттерін біледі. Көптеген оқушылар: бұлшықеттің жиырылу механизмін түсіндіре алады. Кейбір оқушылар: көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмі арасындағы байланысты талдай алады. | ||
Бағалау критерийлері |
| ||
Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты лексика мен терминология: көлденең жолақты бұлшықет, бұлшық ет талшықтары, ультрақұрылым, көпядролы, митохондрия, миофибрилла құрылымы: актин/жіңішке жіпшелер/, миозин /жуан жіпшелер/, /зоналар, дискі /, саркомер, сарколемма саркоплазма, саркоплазматикалық ретикулум, көлденең (T) канал, тропонин,тропомиозин; жиырылу, қажу. Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы X бұлшықетті талшық түзеді. У ........миофибрилла құрамына кіреді. Ашық/күңгірт филамент аталады........... Ионы кальция жинақталады........ Тропомиозиннің конформациясының өзгерісі белсенді орталықтарды ашады........ | ||
Құндылықтарға баулу
| Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету, құндылықтары дамытылады. Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. Практикалық жұмыс кезінде түрлі манипуляцияларды меңгеру, дұрыс таңдау жасау, жобалау, бағалау, сыни ойлау, сынды қабылдау, сыни пікір айта білу, өз ісіне берілу құндылықтары дамытылады. | ||
Пәнаралық байланыстар | Физика – бұлшықеттің жиырылу жылдамдығы және күші Валеология – бұлшықеттің даму физиологиясы Медицина- бұлшықеттің дамуы және өсуі Информатика – бұлшықет жұмысын көрсететін модель құру | ||
ИКТ қолдану дағдылары | Ресурстарды интернет желісінен таба білу, анимация программаларын қолдана алу | ||
Алдыңғы білім | Тірек-қимыл жүйесі 8-сынып |
САБАҚ БАРЫСЫ | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Саабақтың басы 0-5мин | - Саабақта коллаборативті орта құру. «Комплимент» жаттығуын жасау Сабақ тақырыбына келу. - Сабаққа қатысты эпиграф ретінде атақты философ Тиссоның сөздеріне назар аударғым келіп отыр: «Қозғалыс – өз әрекеті арқылы кез-келген дәріні алмастыра алады, бірақ әлімдегі барлық заттар қосылып қозғалыстың әрекетін алмастыра алмайды». (слайд 1) - Қалай ойлассыздар, сабақта біз не туралы айтамыз? - Қозғалыс біздің жан-жағымызда болып жатыр. Ал адам ненің арқасында қозғала алады? Сабақтың тақырыбын және оқу мақсаттарын оқушылармен бірге анықтау.
| PPT Слайд 1 Слайд 2 | |||
Сабақтың ортасы 5-10 мин 10-20 мин 20-30 мин 31-36 мин 37-40 мин 40-45 мин 46-56 мин 57-75 мин | (Ұ) Оқушыларға бұлшықет ұлпалары мен олардың адам ағзасында орналасуындағы сәйкестікті орнатуды сұраңыз. (Ж/Т) Оқушылардан бұлшықеттің құрылымын белгілеу/бөліп көрсету/бояу арқылы ұсынылған ресурстарды пайдаланып, әрбір құрылымның қызметін анықтауды ұсыныңыз. (Жж) (Қ) Оқушылар қаңқа бұлшықетінің құрылысы мен атаулары сипатталған кәртішкелер құрастырады. (Ұ) Оқушылар жиырылу және босаңсу күйіндегі бұлшықеттердің (миофибриллалардың) құрылымының суреттерін/сызбаларын қарастырады. (М) (Ұ) Бұлшықеттердің жиырылуы туралы анимацияны бұлшықет филаменттері деңгейінде (актин мен миозин) демонстрацияланады. (Жж) Оқушыларға бұлшықет жиырылуының механизмін түсіндіруге саркомер, саркоплазмалық ретикулум және көлденең (T) канал құрылысының бейнесі ұсынылады. (Ж) Оқушыларға актин мен миозин жіптерінің сырғу механизмінің анимациясын суреттеу үшін бұлшықеттің жиырылу механизмінің моделін жасау ұсынылады. (Жж)(Қ) Оқушылар бұлшықеттің жиырылу кезеңдері мен онда өтетін үдерістермен сәйкестендіреді. | Қосымша 1. http://www.bio.bsu.by/phha/06/06_text.html Қосымша 2. Бұлшықет жиырылуының ультрақұрылым анимациясының сілтемесі: Қажетті құралдар: түрлі түсті қағаздар, ермексаз, моншақ, жіптер, резеңке сақиналар.. Қосымша 3. | |||
Саабақтың соңы 76-80 мин | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: Үй жұмысы: Тейлор, Грин 1 том, ұлпалар бөлімі | Стикерлер, | |||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Барлық оқушылар: Көлденең жолақты бұлшықеттің құрылысы мен қасиеттерін сипаттай алады. Көптеген оқушылар: бұлшықеттің жиырылу механизмін түсіндіре алады. Кейбір оқушылар: көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмі арасындағы байланысты талдай алады. | Бастапқы білімдерін бағалау: ---Мұғалім ауызша сұрақтар қою арқылы бағалайды; Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бағалау: 1.Әр қадам үшін бағалау керитерийлері берілген, сол арқылы өзін-өзі бағалау жүзеге асырылады. 2.Сабақтың соңындла өзара бағалау жұмысы жүргізіледі | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары . | |||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?