Миеленденген нейрондардағы әрекет потенциалының трансмиссиясы мен инициациясы. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


Миелинді қабықша.

Миелин — жүйке талшығының миелинді қабықшасын түзетін зат.

Миелинді қабықша — көпдеген нейрондардың акондарын қаптайтын электро оқшаулаушы қабықша. Миелинді қабықшаны глиальды жасушалар түзеді: перифериялық жүйке жүйесінде – Шванн жасушалары, орталық жүйке жүйесінде – олигоденроциттер. Миелинді қабықша глиальды жасушаның жалпақ денесінен түзіледі, аксонды бірнеше рет орап қаптайды, изоляциялық лента тәрізді қаптайды. Өсіндіде цитоплазмасы жоқ дерлік, нәтижесінде миелинді қабықша жасушалық мембрананың көп қабаттарынан құралады.

Миелин үзілісі Ранвье буындары аймақтарында үзіледі, осы буындар әрбір 1 мм аралықтарда кездеседі. Ионды ағыс миелин арқылы өте алмағандықтан, иондардың кіруі мен шығуы тек Ранвье буындары аймақтарында жүзеге асады. Бұның себептерінен жүйке импульсінің өту жылдамдығының артуына әкеледі. Миелинденген талшықтар арқылы имупльс шамамен 5-10 есе жылдам өтеді, миеленденбеген талшықтарға қарағанда.

Жоғарыда айтылғаннан, миелин және миелиндік қабықша синонимдер болып келеді.

Сызбада – миелинді (А) және миеленденбеген (Б) аксондар бойымен әртүрлі ұзындықты жергілікті тізбектерде түзілуін сипаттайды. Бірінші жағдайда жүйкелік өткізгіштік сальтаторлы деп аталады, секірмелі, себебі әрекет потениалы жылдам Ранвье буындары арқылы «секіріп» қтеді.

Миелиннің химиялық құрамы мен құрылысы: әртүрлі глиальды жасушалардан түзілетін миелиннің химиялық құрамы әртүрлі болады, түсі – ақ. Шамамен миелиннің 70-75% липидтерден құралады, 20-25% нәруыздардан.

Склероз – аутоиммундық ауру, кейбір жүйкелердің аксондардың миелинді қабықшаның бұзылуымен байланысты болады, координацияның және тепе теңдіктің бұзылуына әкеледі.

Миелинді қабықша омыртқалыларға тән, ал миеленденбеген талшықтар омыртқасыздарға тән болып келеді. Бұл аксондардағы импульстің таралу жылдамдығы 0,5 м/с құрайды.

Жүйкелік код.

Организм қалай шын мәнінде қалай тітіркндіргіштің күшін қалай анықтайды (сигналдың)? Сигналдың интенсивтілігі әрекет потенциалының санына әсер етеді, уақыт бірлігіде пайда болған, сигнал неғұрлым күшті болса (белгілі шек аралығында) – соның әсерінен жүйкелік импульстер генерацияланады. Сонымен, сөз жиілік код туралы айтылады.

«Бәрі немесе ештеңе» (все или ничего) қағидасы: сигналдың интенсивтілігі төмен болғанда әрекет потенциалы мүлдем пайда болмайды, ал егер ол пайда болса, оның амплитудасы сигнал интенсивтілігіне тәуелді болмайды және бірқалыпты болады.

Табалдырықты тітіркендіргіштер жауап реакциясын тудырмайдi (ештеңе), табалдырық тітіркендіргіштерге максимальды жауап реакциясы туындайды (бәрі).

Суретте «бәрі немесе ештеңе» типі бойынша жауап берілген. Нейрондарда әркет потенциалы п.б. үшін, тітіркендіргіш белгілі бір «табалдырықты күшке» жетуі тиісті. Кейінгі тітіркендіргіштіктің күшінің жоғарылауы келесі әрекет потенциалдарының амплитудаларының жоғарылауына әкелмейді, бірақ олардың генерация жиілігі жоғарылайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу