Миеленденген нейрондардағы әрекет потенциалының трансмиссиясы мен инициациясы. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
Әрекет потенциалының трансмиссиясы
1: Электрлі тоқ, натрий ионды каналдардың ашылуының саларынан пайда болады, мембрананың көршілес аймақтарын қозыдарды.
2: Бұл қозудың нәтижесінде екінші аймақтағы натрий ионды каналдары ашылады да әрекет потенциалы пайда болады. пайда болған әрекет потенициалы өз кезегінде көршілес мембрананың аймақтарын қоздырады. Бірінші аймақта калий ионды каналдары ашылады, реполяризация үдерісі жүреді.
3: Электрлі тоқ, екінші аймақта натрий ионды каналдардың ашылуының салдарынан пайда болған, үшінші аймақта осы каналдардың ашылуын мәжбүрлейді және әрекет потенциалы сол аймаққа өтеді. Бірінші аймақта натрий ионды каналдары ашыла алмайды, себебі олар әрекет потенциалынан кейін уақытша инактивті (белсенсіз) болады. Екінші аймақта калий ионды каналдар ашылады, реполяризация үдерісі жүреді. Кейін тыныштық потенциалы пайда болады.
Кейбір жүйке талшықтары арнайы қабықпен қапталуы мүмкін. Бұл нейрондар «миелинді» қабықшамен қапталады. Миелинді нейрондар арқылы әрекет потенциалы жылдам қозғалады.
Миелинді талшықтағы әрекет потенциалы.
1. Үнемділік. Миелин астындағы аксон мембранасында натрий ионды каналдар жоқ, сондықтан да бұл аймақтарда әрекет потенциалы жүрмейді. Бұл каналдар тек миелинді қабықшаның арасындағы жіңішке буындар арасында орналасады. Бұл буындарды –Ранвье буындары деп атайды. Миелинді аксондарда Ранвье буындарында ғана әрекет потенциалы пайда болады. Бұл буындарда ионды каналдардың концентрациясы 100 есе жоғары болады, миеленденбеген аксондарға қарағанда. Сондықтан да, олардың жұмысы үшін аз энергия қажет болады және соның салдарынан бұл үнемділік аксондардағы келесі болатын әрекет потенциалын жылдам «қайта оқтауға» мүмкіндік береді. Соның салдарынан миелинді аксондар сигналдарды өте жоғары жиілікпен бере алады.
2. Жылдамдық. «Жалаңаш» аксон арқылы сигнал әрбір нүкте арқылы беріледі. Ионды каналдар аксон бетінің әрбір нүктеде ашылады, бір – бірінен кейін. Соның салдарынан сигналдың жылдамдығы баяу болады. Миелинделген аксонда әрекет потенциалы бір Ранвье буынында пайда болады, өзінің электрлі өрісімен көршілес буынға дейін жетеді де, соның салдарынан көршілес буындарда әрекет потенциалы пайда болады. Қозу секірмелі түрде беріледі, бір буыннан екінші буынға. Бір Ранвье буыны зақымданатын болса, әрекет потенциалы келесі буында пайда болады (генерацияланады). Электрлі өрісінің бұндай арақашықтарға таралуы – электрлі оқушауланудың (элетрлі изоляция) салдарынан пайда болады. Миелинді қабықша электрлі өрістің шашырауын төмендетеді, ал миеленденбеген аксондада электрлі өрістің шашырауы сөзсіз жүреді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?