Миеленденген нейрондардағы әрекет потенциалының трансмиссиясы мен инициациясы. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ: Биология

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

3 және 4 сабақтар

Қатысқандар:

қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Миеленденген нейрондардағы әрекет потенциалының трансмиссиясы мен инициациясы.

Оқыту мақсаты:

миеленденген нейрондардағы әрекет потенциалының трансмиссиясы мен инициациясын сипаттау.

Сабақтың мақсаттары:

  • Миелин қабықшасының құрылысы.
  • Мембрана потенциалы. Әрекет потенциалы.
  • Әрекет потенциалының инициациясы және трансмиссиясы.
  • Аксон бойымен жүйке имупльстың берілуі.

Бағалау критерийлері:

1. Миелинді қабықшаның құрылысын білу.

2. Миеленделген нейрондардағы әрекет потенциалының инициациясын түсіндіру.

3. Миеленделген нейрондардағы әрекет потенциалының трансмиссиясын түсіндіру.

4. Миеленденген нейрондардағы әрекет потенциалының трансмиссиясы мен инициациясын сипаттау.

Тілдік мақсаттар:

Арнайы пәндік лексика және терминология:

Терминдерді қолданып, миеленденген нейрондардағы әрекет потенциалының трансмиссиясы мен инициациясын сипаттау (ауызша және жазбаша).

Пайдалы сөз тіркестері мен сөйлемдер:

Миелинді қабықшаның құрылысы ...

Миеленделген нейрондардағы әрекет потенциалының инициациясы ...

Миеленделген нейрондардағы әрекет потенциалының трансмиссиясы ...

Жүйке импульсының сальтаторлы берілуі ...

Терминология

Иницация

Трансмиссия

Миелинизация және миелинді қабықша

Шванн жасушасы / олигодендроциттер

«Барлығы немесе ештеңе» қағидасы

Шектес/іргелес

Сальтаторлы тасымалдау / трансмиссияның жылдамдығы

Ионды каналдар / ионды қақпалар

Деполяризация / реполяризация / әрекет және тыныштық потенциалы

Нейрон / Аксон

Құндылықтар

Құрмет, өмір бойы оқу.

Пәнаралық байлансытар:

Химия – кальций, натрий иондары.

Физика – электрикалық импульс, әрекет потенциалы, деполяризация, реполяризация. Температура. Жылдамдық.

АҚТ қолдану

Электордық оқулықтарды қолдану, презентация, интербелсенді тақта.

Алдыңғы білімдер:

Координация және регуляция: 6; 7, 8; 9; 10 сыныптар.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

3-сабақтың басы

Амандасу.

(С) Оқушыларға келесі сұраққа жауап беруге ұсыныс жасаңыз:

  • Нейрон бойымен әрекет потенциалы қалай таралады?

Жауабы: ақпарат нейрондар арқылы жылдам әрекет потенциалы түрінде таралады, жүйке жасушаларының мембранасының бетіндегі қысқа мерзімді кернеу өзгерістері арқылы.

Сабақтың тақырыбын айқындау.

Оқушыларға сабақтың терминологиясымен танысуға ұсыныс жасаңыз.

Презентация.

3-сабақтың ортасы

3. Миеленденген нейрондардағы әрекет потенциалының трансмиссиясы.

(С) Оқушыларға жүйке импульстердің екі нейрон арқылы таралу (трансмиссиясы) жолдарының екі суретті көрсетіңіз:

  • Үздіксіз өткізгіштік
  • Сальтаторлы өткізгіштік

Оқушылардан нейрон арқылы трансмиссияның екі типін бір-бірімен салыстыруды сұраңыз.

Салыстыру үшін келесі сұрақтарды қоюға болады:

  • Аксондардың құрылысында қандай ерекшеліктер байқалады?
  • Жүйке импульстерін өткізудегі қандай ерекшеліктер байқалады?
  • Қандай нейронда импульстің өткізу жылдамдығы жоғары?

Оқушылар өздерінің жауаптарын дәптерлеріне жаза алады. Бұл жауаптарға сабақты қорытындылау барысында қайта оралуға болады.

(С) Оқушыларға миеленденген нейрондардағы әрекет потенциалының трансмиссиясы жазылған ақпаратпен танысуға үсыныс жасаңыз (белгі қою арқылы оқу).

(С) Оқушыларға нейрондағы әрекет потенциалының трансмиссиясы бойынша видеоны көрсетіңіз:

https://www.youtube.com/watch?v=b2ctEsGEpe0

(С) Оқушыларға нейрон арқылы трансмиссиясының екі типтерінің механизмін түсіндіріңіз: сальтаторлы және үздіксіз.

(Ж) (ФБ) Оқушылардан трансмиссияның екі типін салыстыруға сұраңыз.

Критерийлер:

  • Трансмиссияның екі типінің ерекшеліктерін салыстырады.
  • Трансмиссияның екі типінің ұқсастықтарын салыстырады.

Бірін – бірі тексеру.

(Жж) (ФБ) Оқушыларға жұмыс парағының №2 тапсырмаларына жауап беруіне ұсыныс жасаңыз.

Мұғалімнің бағалауы.

Презентация.

Қосымша #1.

Нейрондағы трансмиссиясы (ағылш. тілінде): https://www.youtube.com/watch?v=b2ctEsGEpe0

Презентация.

Қосымша #2.

Жұмыс парағы #2.

4-сабақтың басы

2. «Миеленденген нейрондардағы әрекет потенциалының трансмиссиясы мен инициациясы» атты оқу материалы бойынша қорытынды.

(С) Оқушыларға келесі сұраққа жауап беруге ұсыныс жасаңыз:

  • Әрекет потенциалының трансмиссия жылдамдығына қандай факторлар әсер ете алады?

Жауабы: миелинді қабықшаның болуы, аксон диаметрі, температура.

Презентация.

4-сабақтың ортасы

(С) Оқушыларға әрекет потенциалының трансмиссия жылдамдығына әсер ететін факторлары туралы материалды түсіндіріңіз.

  • Миелинді қабықша,
  • Аксон диаметрі,
  • Температура.

(Жж) (ФБ) Оқушылардан «Миеленденген нейрондардағы әрекет потенциалының трансмиссиясы мен инициациясы» оқу мақсаты бойынша ментальды картаны құрастыруын сұраңыз. Бұл іс – әрекет тақырыпты бекітуге арналған.

Критерийлер:

  • Әрекет потенциалының инициациясы мен трансмиссия процестеріне анықтама береді.
  • Ионды каналдар жұмысын көрсетеді.
  • Әрекет потенциалының фазаларын сипаттайды.
  • Нейрондардың (аксондардың) типтерін көрсетеді.
  • Әрекет потенциалына трансмиссиясына қандай факторлар әсер ететінін анықтайды.

Бірін – бірі тексеру.

(Жж) (ФБ) Оқушыларға жұмыс парағының №3 тапсырмаларына жауап беруіне ұсыныс жасаңыз.

Мұғалімнің бағалауы.

Презентация.

A3 немесе А2 қағазы, маркерлер.

Жұмыс парағы #3.

Сабақтың соңы

Сабақтың қорытындысы.

Рефлексия: 2 жұлдыз және 1 тілек.

Стикер.

Дифференциалдыоқыту – Көбірекқолдаукөрсетуүшіннеістейсіз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндеттерқоюдыжоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардыңберілгенматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексересіз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздікережелері

Сабақтың рефликсиясы

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарымақандайөзгерістеренгіздімжәненеліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу