Тірі ағзалардағы электрлік процестер. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2B Жүйке, қозғалыс және биофизика

Мектеп: Петропавл қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тірі ағзалардағы электрлік процестер

Оқу мақсаттары

тірі ағзалардағы электр үдерістерін зерттеу

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: электр энергиясын өндіруге қабілетті жануарлардың мысалдарын келтіру.

Көпшілік оқушылар: Биоэлектрлік мүшелер жұмысының физиологиялық негіздерін атау.

Кейбір оқушылар: тақырыптың негізгі ұғымдарын сипаттайтын сызбаны ұсыну.

 Бағалау критерийлері

1) тақырыптың негізгі түсініктерін біледі;

2) электрлік импульстарды генерациялауға қабілетті жануарлардың мысалдарын келтіреді;

3) электрлік импульстарды өндіруге қабілетті мүшелерді атайды;

4) биопотенциалдардың пайда болуының негізін қысқаша сипаттайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады: тірі ағзалардағы электрлік процестерді сипаттау үшін қажетті терминологияны қолданады.Пәндік лексика және терминология

Биоэлектрлік, биопотенциалды, тыныштық потенциалы, әрекет потенциалы, мембраналық потенциал, биоэлектрлік мүше.

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы

1. Биоэлектрлік жануарларға жатады ...

2. Биоэлектрлік мүшелер дегеніміз ...

3. Биоэлектрлік потенциал ... пайда болады

4. Тыныштық потенциал ерекшеленеді ...

5. Әрекет потенциал ерекшеленеді ...

6. Тірі ағзаның биоэлектрлік құбылыстарының негізінде ...

 Құндылықтар

«Мәңгілік ел» құндылықтары: жалпыға ортақ еңбек қоғамы.

Білім беру құндылықтары: ынтымақтастық, ашықтық, өмір бойы білім алу

 Дағдылар

 Сын тұрғысынан

 ойлау

 Зерттеу

АКТ қолдану

Жұптық жұмыс (тірі ағзадағы электрлік процестерді оқып білу)

Мәтін арқылы талдап зерттеу

Интернет-ресурстарды пайдалану

 Пәнаралық байланыс

физика пәнімен пәнаралық байланыс ағзалардағы электрдің кеңінен қолданылуы және электр бойынша тақырыптары 10.2А Электр өрісі бөлімі. Электр өрісінің жұмысы. Электр өрісінің потенциалы.

Бастапқы білім

Жүйке жүйесі (8 сынып)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2

3-5

1.(W) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. (D, W) Тақырыпқа кіріспе Мұғалім бейне-көріністі көрсетіп сұрақ қояды:

  • Бейне-көріністе қай жануар туралы айтылды?
  • Гальвани тәжірибесінің түйіні неде?

Берілген бейне-көрініс жаңа тақырыппен қалай байланысады?

3. (W, I) Тақырыпты тұжырымдау және сабақтың мақсатын анықтау. Бағалау критерийлерін анықтау.

Презентация MS PowerPoint

https://www.youtube.com/watch?v=SLevCC75HOA Гальванидің 1 тәжірибесі

Сабақтың

ортасы

6-15

16-25

26-29

30-35

36-38

  • (I, P) Мұғалім оқушыларға мәтін береді, онда олар Гальванидің биоэлектрлік тәжірибесімен танысады.

Оқушылар қолдарына екі түсті қалам алып, мәтін бойынша қажетті биологиялық түсініктер бір қаламмен, ал физикалық түсініктерді екінші қаламмен түртіп алады.

Сосын оқушылар осы мәтінді жұпта талдайды.

  • (W, D) Мұғаліммен бірге оқушылар Гальвани тәжірибесін талдайды. Талдау кезінде мұғалім тәжірибенің бейне-көрінісін көрсетеді. Мұғалім сұрақ қояды:
  • Электр разряды деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

(Электр разряды – дененің күйіне байланысты ортада электрөткізгіштігін арттырумен қатар жүретін электр тогын өткізу процесі).

  • Электр тоғы деген не? (электрлік бөлшектердің реттелген қозғалысы)
  • Неге екі түрлі металды (мыс және темірді) пайдаланды?(өткізгіштік қасиеттері әртүрлі өткізгіштер)
  • Гальванидің тәжірбиесінде жануарлардың қандай ұлпалары туралы сөз болды?
  • Жануар ағзасында айтылған ұлпадан қандай мүшелер тұрады ?
  • (W) Мұғалім биоэлектрлік мүше туралы түсінік береді.

Биоэлектрлік мүшелер дегеніміз (электрический орган) –тірі ағзада электрқуатын қолдануға түзетін арнайы ұлпа жүйесі.

Мұғалім оқушыларға биоэлектрлік потенциал туралы ақпарат береді (физикамен байланыс жүреді).

  • Потенциалдың (кейде кернеу деп те атайды) физикалық сипаты қандай? (электр өрісінің энергетикалық сипаты)
  • Қандай физикалық шаманың тербелісі электр тербелісін тудырды (электр кернеуінің тербелісі)
  • «Лягушка для зарядки» қондырғысы мен жануар денесін электрөлшеуіш прибордың бірі -вольтметр немесе амперметрмен салыстыруға бола ма?( екеуі де заряд көзі бола алады)

Оқушыларға бейне-көрініс көрсетіледі. Оқушылар не көргенін жұпта талқылауға салады.

4. (P) оқушыларға жасуша сыртында және ішінде бар иондардың суреті беріледі.

  • Оқушылар суретке қарап отыра келесі сұрақтарға жауап береді? Оқушылар жұппен берілген сұрақтарға жауап береді.
  • жасуша ішіндегі және сыртындағы калий, натрий, хлор иондарын және ақуыз молекуласының сандық айырмашылығын салыстырыңдар. Қандай заңдылықты көріп тұрсыңдар?
  • Қандай иондар жасушамен белсенді түрде сорылады, ал қандайы жасушадан шығады?
  • Жасуша ішіндегі және сыртындағы заряд санын қалай сипаттайсың?

Мұғалімі оқушыларға әрекет потенциалы және тыныштық потенциалы туралы қысқаша сипаттама береді. Оқушылар мұғаліммен мынадай сұрақтарды талқылауды (слайдта):

• биоэлектрикалық потенциал дегеніміз не?

• тірі ағзаларда биоқуаттардың түзіліуінің негізінде не жатыр?

Неге жасушаның сырты мен ішіндегі потенциал әр түрлі және ол неге байланысты ?

Тыныштық күйде жасуша потенциалы қандай?

Әрекет күйде жасуша потенциалы қандай?

Мұғалім жасуша сыртындағы және ішіндегі потенциалдың әр түрлі болуы тірі ағзадағы қоздырғыш ұлпалар мен мүшелерге байланысты екендігіне ерекше назар аудару керек.

Қосымша1

https://www.youtube.com/watch?v=fxB3fhm-hE8 Гальванидің 2 тәжірибесі

https://www.youtube.com/watch?v=-1Jj9pJfxeQ

карточкалар

Қосымша2

Сабақтың соңы

39-40 мин

Смайликтер арқылы кері байланыс жүргізіледі.

Бүгінгі сабақта

  • Менің түсінгенім бойынша ….
  • Маған қиын болғаны ….
  • Маған ең ….

Үйге: терминдермен жұмыс.

Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың барлығы: электр энергиясын өндіруге қабілетті жануарларға мысал келтіре алады.

Оқушылардың көпшілігі:

Биоэлектрлік мүшелердің жұмысын түсінеді

Оқушылардың кейбірі: биоэлектрлік потенциал туралы толық түсінік бере алады.

Оқушылардың бағалауы сабақтың барлық кезеңдерінде жүреді, яғни жеке, жұптық жұмыс арқылы. Оқушылардың қабілеттері сұрақтар арқылы барлық сабақ кезеңдерінде бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақтың әрбір кезеңінде оқушылардың көңілдерін көтеріп отыру, мадақтау сөздерін пайдалану.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу