Антропогенез кезеңдері. Проантроптар. Архантроптар. Палеоантроптар. Неоантроптар. Биология, 10 сынып, презентация.
Осы суреттер арасында қандай байланыс бар?
Адам қалай пайда болды, сіздің ойыңыз...
Сабақ тақырыбы: Антропогенез кезеңдері. Проантроптар. Архантроптар. Палеоантроптар. Неоантроптар.
10.2.6.4 антропогенездің кезеңдерін атау
Бағалау критерийлері
Антропогенез кезеңдерін зерттейді;
Адамның шығу тегін сипаттап, әр кезеңге тән ерекшеліктерді атап бере алады;
Адамның шығу тегіндегі эволюциялық өзгерістердің шешімін тауып, дәлелдей алады
Антропогенез кезеңдерін зертте
Әрқайсыңыз антропогенез кезеңдері туралы мәліметтері бар көрмені аралап өзіңізге қажетті ақпарат жинайсыз
2 сабақ
Антропогенез
Антропологияның негізгі мәселесі адамның шығуы мен қалыптасуы болып табылады. Антропологияның адамның шығу тегін зерттейтін саласы антропогенез (грек. аntropos – адам, genesis – шығуы) деп аталады.
Қазіргі уақытта антропология ғылымында адамның эволюциялық даму жолының мынадай негізгі кезендерін бөліп көрсетеді:
1) австралопитек (проантроптар)
2) питекантроп (ең көне адамдар, архонтроптар)
3) неандерталь адамы (ең көне адамдар, палеонтроптар)
4) қазіргі заманғы адам типтес (неоантроптар)
Адам эволюциясының негізгі кезеңдерінің сызбанұсқасы
А-австралопитектер
(Өте ертедегі адам)
Б- архантроптар
(ежелгі адам)
В-палеоантроптар
(ертедегі адам)
Г-неоантроптар
(қазіргі адам)
Австралопитек (проантроптар).
Олардың көптеген қазба қалдықтары Оңтүстік және Шығыс Африка аумағынан табылған. Аустралопитектер ізашарларына қарағанда адамға едәуір дәрежеде көбірек ұқсас болған. Олар тік жүрген, беті жалпақтау, миының көлемі орташа 530 см3 болған
Питекантроп (ең көне адамдар, архонтроптар)
Бұл көне адамдар түрі шамамен бұдан 1,2-1,6 млн жыл бұрын пайда болды. Питекантроптар Африка шегінен шығып, адамдардың таралу аймағын кеңейтіп, Еуропа және Азияға
орналасты. Олар біртіндеп өзгере және әбден жетіліп, миллиондаған жылдардан астам өмір сүрді.
Неандерталь адамы
(ең көне адамдар, палеонтроптар)Бұл ертедегі адамдардың қазба қалдыктары Еуропа, Азия, Африкадан көптеп табылған. Ертедегі адамдар 300—400 мың жыл бүрын тіршілік еткен. Олар қаңка қалдыктары табылған Германиядағы Неандерталь аңғарына байланысты аталған. Неандертальдықтардың бас сүйегі күмбез тәрізді ж\е миыньщ көлемі1600 см3-ге жуық болған
Қазіргі заманғы адам типтес (неоантроптар)
Кроманьон адамы (көпшілікке арналған әдебиеттердегі атауы) 1868 жылы Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылған. Бұдан 30-50 мың жыл бұрын өмір сүрген. Қазақстанның көптеген жерлерінен табылған.
Саналы адам (Homo sapiens)- қазіргі адамның пайда болуы мен дамуы, қалыптасуы ұзақ уақытқа созылған өте күрделі құбылыс. Бұдан 35-40 мың жыл бұрын пайда болған. Қаңқа қалдығы Антарктидадан басқа құрлықтардан табылған. Тікелей арғы тегі-кроманьондар деп есептеледі.
Антропогенез кезеңдері туралы білімдерін тексеруге арналған викторина сұрақтарын құрастыр.
Жұптар өзара бірін бірі бағалайды
Викторина критерийлері:
Сұрақтар тақырыпқа сай құрылған
Сұрақ нақты да, түсінікті құрастырылған.
Сұрақтарда қателіктер жіберілмеген
Formative work
Кестені толтыр
Ресурстар:
http://sabaq.kz/7271/%D0%B0%D0%BD%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BF%D0%BE%D0%B3%D0%B5%D0%BD%D0%B5%D0%B7-D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%D0%BD%D1%8B%D2%A3-%D1%88%D1%8B%D2%93%D1%83-%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96-%D0%BC%D0%B5%D0%BD-%D1%8D%D0%B2/
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BD%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BF%D0%BE%D0%B3%D0%B5%D0%BD%D0%B5%D0%B7
http://webcache.googleusercontent.com/search?q=cache:http://malimetter.kz/antropogenez-nemese-adamnyn-kalyptasuy/
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды