file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Хуго де Фриздің мутациялық теориясы. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


 Тақырыбы: Мутациялық өзгергіштік.

 Масаты: Хуго де Фриздің мутациялық теориясын, мутагенез себептері мен мутация типтерін оқу.

 Мутациялар - генотиптік материалдағы тұқымқуалайтын өзгерістер. Олар сирек, кездейсоқ, бағытталмаған оқиғалар ретінде сипатталады. Мутон - бұл мутацияның қарапайым бірлігі, яғни генетикалық матеиалдың ең аз аймағы. Мутациялардың көпшілігі қалыпты дамудың түрлі бұзылуларына алып келеді, олардың кейбіреулері өлімге әкеледі, бірақ сонымен бірге көптеген мутациялар табиғи іріктеу және биологиялық эволюция үшін бастапқы материал болып табылады. Мутация жиілігі тұқымқуалау материалын өзгертуге қабілетті белгілі факторлардың - мутагендердің әсерінен артады. Мутациялар олардың табиғатына байланысты физикалық (иондаушы сәулелену, УК сәулелену, электромагниттік сәулелену, рентген сәулелері, радиоактивті сәулеленудің барлық түрлері және т.б. кезніде ДНҚ-ның молекулалары бұзылады), химиялық (органикалық және бейорганикалық қышқылдар, сілтілер, пероксидтер, металл тұздары, этиленаминдер, формальдегидтер, фенолдар, акрилин бояғыштары, алкилирлейтін қосылыстар, пурин және пиримидин негіздерінің аналогтары және т.б.). Көптеген түрлі қосылыстардың көпшілігі жасушаның ДНҚ-мен өзара әрекеттеседі, Химиялық мутагендерді ашудың басымдығы И.А.Рапопорт генетигіне тиесілі), биологиялық (вирустар, мобильді генетикалық элементтер, кейбір ферменттер). Мутагенттердің эндогендік және экзогендік болып бөлінеді. Осылайша, иондаушы сәуле, ДНҚ-ның бастапқы зақымдануынан басқа, генетикалық материалды қайта қалпына келтіруі мүмкін клеткадағы тұрақсыз иондарды (еркін радикалдар) құрайды. Көптеген физикалық және химиялық мутагендер канцерогендер болып табылады, яғни жасушалардың бақылаусыз бөлінуіне бастама болады. Мозаицизм (генетикалық мозаицизм, хромосомалық мозаицизм – mosaicism; мозаикалық; хромосомалық мозаика, мозаика, «әшекей формасы», «мозаикалық кариотип» синонимдері қолданылуы мүмкін) - «мозаика» - ұлпалардағы (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) генетикалық жағынан әртүрлі жасушалардың болуы. Мутанттар – бұл сыртқы немесе ішкі орта әсерінен генотиптің өзгеруіне ұшыраған тірі ағзалар.

 

 



Толық нұсқасын 27 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу