Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3С: Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Мектеп: Павлодар қаласындағы «химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі»

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.2.4.3 Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуін салыстыру

Сабақ мақсаттары

  • «Аллель», «Аллельді гендер», «аллельді емес гендер» ұғымдарының мағынасын анықтау;
  • Гендердің өзара әрекеттесуінің түрлерін анықтау;
  • Аллельді гендердің өзара әрекеттесу түрлерін сипаттау;
  • Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесу түрлерін сипаттау;
  • Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуін салыстыру;
  • Генетикалық таңбаларды және терминдерді қолдана отырып, есептер шығару

Бағалау критерийлері

Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді:

  • «Аллель», «Аллельді гендер», «аллельді емес гендер» ұғымдарының мағынасын анықтайды;
  • Гендердің өзара әрекеттесуінің түрлерін анықтайды;
  • Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесу түрлерін бір-бірінен ажыратып, сипаттайды;
  • Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуін салыстырады;
  • Генетикалық таңбаларды және терминдерді қолдана отырып, есептерді дұрыс шығарады

 Тілдік мақсаттар

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесу түрлерінің анықтамаларын, бір өз сөздерімен еркін жеткізе алады (айтылым дағдысы)

Пәндік лексика мен терминология

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

аллель

аллель

allele

аллельді гендер

аллельные гены

allelic genes

аллельді емес гендер

неаллельные гены

non-allelic genes

толық доминанттылық

полное доминирование

complete dominance

толымсыз доминанттылық

неполное доминирование

incomplete dominance

кодоминанттылық

кодоминирование

codomination

көпаллельділік

множественный аллелизм

multiple allelicism

эпистаз

эпистаз

epistasis

комплементарлық

комплементарность

complementarity

полимерия

полимерия

polymerism

плейотропия

плейотропия

pleiotropy

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

  • Оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен өзара әрекеттестіктері сабақтың барлық кезеңдері бойы жүзеге асырылады.
  • Мұғалім мен оқушы бірлесе сабақтың мақсатына жетеді және өзара іс-қимыл нәтижелерін талқылайды.

Өмір бойы оқу

  • Сабақ мақсатын біледі және түсінеді. Алған білімінің неге қажет екенін түсінеді.

Азаматтық жауапкершілік

  • Оқушылар жұмыс орындарын тәртіппен ұстайды

Пәнаралық байланыстар

Генетикалық есептің фенотип пен генотипін анықтау кезінде математикамен байланысады

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны пайдалану, сондай-ақ ғаламтордан қажетті ақпараттарды өздігінен іздеп табу және керегін іріктеп алу арқылы сын тұрғысынан ойлауларын, компьютерді белсенді пайдаланушы дағдыларын дамыту

Бастапқы білім

Тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын өзгергіштік, хромосомалар, мейоз, негізгі генеткалық түсініктер, моногибридті будандастыру туралы алдыңғы білімдері пайдалы болады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-1 мин

Сабақты ұйымдастыру (оқушылармен амандасу, түгендеу, көңіл-күйлерін білу)

Шаттық шеңбері арқылы сыныпта жағымды орта қалыптастыру

Оқушылар шеңбер жасап тұрады да бір-бірлеріне жақсы тілектер айтып, бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

2-8 мин

Ой қозғау:

1-слайдта көрсетілген сурет бойынша жаңа сабақтың тақырыбы анықталады

Жаңа тақырыпқа шығу

Оқушылар сабақтың мақсатын мұғаліммен бірге анықтайды.

Оқушыларға сабақ мақсатына жету үшін бағалау критерийлерін ұсынады

ИТ, презентация, 1-4 слайдтар

9-11 мин

Ұғыну

Миға шабуыл

Мұғалім оқушылардан ген, аллель деген не екенін сұрап, алдыңғы білімді еске түсіріп өтеді де аллельді және аллельді емес гендердің анықтамасын беріп, гендердің өзара әрекеттесу түрлерінің жіктелуін түсіндіреді (слайд бойынша)

Оқушылар дәптерлеріне қысқаша жазып алып отырады.

ИТ, презентация

5-9 слайдтар

12-22 мин

Топпен жұмыс

1-топ: Аллельді гендердің өзара әрекеттесуі

2-топ: Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі

Саралау: 2-топқа қабілеті жоғары оқушыларды топтастырған дұрыс.

Оқушылар оқулықты пайдалана отырып, берілген дескриптор бойынша жұмыс жасайды.

Дескриптор:

  • Әр түрдің анықтамасын береді
  • Нақты мысалдармен есептер шығару арқылы дәлелдейді
  • Топ ережесін сақтайды
  • Берілген уақытты (10 мин) тиімді пайдаланады

Т.Қасымбаева, К.Мұхамбетжанов 10-сынып 190-196 бет

23-30 мин

«Джигсо» әдісі бойынша қорғау

2 топтың оқушылары тең екіге бөлініп, жаңа 2 топ түзеді де бір-бірлеріне өздеріне берілген тақырыпты түсіндіреді. Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесу түрлерін салыстырады.

Топтағы оқушылар бір-бірлерін өзара бағалайды.

Кері байланыс.

Мұғалім оқушыларға қиындық тудырған сұрақтарды талқылайды.

ИТ, презентация

10-34 слайдтар

31-32 мин

«Гендердің өзара әрекеттесуі» бейнежазбасын көру https://www.youtube.com/watch?v=3iJYyUS77RY

ИТ

33-38 мин

Сабақты бекіту

Гендердің өзара әрекеттесуі бойынша есептер шығару Дескриптор:

  • Есептің сызбасын дұрыс жазады;
  • Генетикалық таңбаларды дұрыс қолданады;
  • Есепті дұрыс шығарады.

Өзара бағалау. Кері байланыс

ИТ, презентация

35-36 слайдтар

39-40 мин

Кері байланыс.

  • Бүгінгі сабақтың мақсатына жеттік пе?

Рефлексия «Құтқару белдемшесі»

Қиындық тудырған, тағы да қарастыруды қажет ететін сұрақтарын жазады.

Үйге тапсырма: Есептер шығару. Терминдерді үш тілде жаттау

ИТ, 37-40 слайдтар, рефлексия парақшалары, терминдер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға күрделірек тапсырма беріледі.

Қабілеті төмендеу оқушыларға жауап беруде ақпаратты қолдану рұқсат етіледі

Өздік жұмыстар

Топпен өзара бағалау

Интербелсенді тақтаны 10 минуттан артық қолданбау ескеріледі.

Биология кабинетінде қауіпсіздік техникасының ережелерін естен шығармау керектігі ескертіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу