Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Биология, 10 сынып, презентация.


Ой қозғау

Гендердің өзара әрекеттесуі

Оқу мақсаты

Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуін салыстыру

Бағалау критерийі

Аллельді және аллельді емес гендерді ажырата білу.

Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесу түрлерін тізімдеу және сипаттау.

Әр түрлі гендердің өзара әрекеттесуіне мысалдар келтіру.

Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуіне қарапайым есептер шығару.

Аллельді гендер

Аллель – белгілердің дамуын анықтайтын гендердің бір немесе бірнеше жұбы

хромосоманың бір жұбында, бір локусында орналасатын гендер

C

c

Бір немесе әртүрлі белгілерге әсер етуі мүмкін

Аллельді емес гендер

хромосоманың бір жұбында, әртүрлі локустарда, сондай-ақ әртүрлі хромосомаларда орналасатын гендер

Мендель өзінің тәжірибелерінде аллельді гендердің өзара әсер етуінің бір ғана түрін анықтады – ол бір аллельдердің толық доминанттылығы мен екінші аллельдердің рецессивтілігі.

Кейіннен тұқым қуалау белгілерінің өзара әсер етуі өте күрделі және көп түрлі екендігі анықталды. Бір белгінің дамуы көп гендерге байланысты және, керісінше, бір геннің көп белгілерге жауап беретіні анықталды.

Гендердің өзара әрекеттесуі

Аллельді

гендердің әрекеттесуі

Аллельді емес гендердің әрекеттесуі

Толық

доминанттылық

Толымсыз

доминанттылық

Полимерия

Комплементарлық

Кодоминанттылық

Эпистаз

Плейотропия

Көпаллельділік

Толық доминанттылық

Толымсыз доминанттылық

Кодоминанттылық

Көпаллельділік

Аллельді гендердің

өзара әрекеттесуі

Кодоминанттылық

Кодоминантты тұқым қуушылық бірінші ұрпаққа ата-аналары белгілерінің бірдей берілуі.

Белгілер бір-бірінен тәуелсіз және бірдей дәрежеде көрінеді

Доминанттылық

Толымсыз

доминанттылық

Кодоминанттылық

АА

аа

Аа

Рододендрон гүліндегі (Rhododendron)

гендердің кодоминанттылық әсерінен фенотиптік көрінісі

Кодоминанттылыққа мысал ретінде ірі қара малдың шортгорн тұқымының түсін алуға болады.

Егер таза қанды қызыл түсті малдарды бір-бірімен шағылыстырса қызыл бұзау, ақ түсті малдарды шағылыстырса ақ бұзау туады.

Ал ақ бұқа мен қызыл сиырды немесе қызыл бұқа мен ақ сиырды шағылыстырса әр уақытта бурыл түсті бұзау туады.

Кодоминанттық түрмен адам және жануарлар қанының топтары, нәруыздары құрамының өзгешіліктері, мысалы, гемоглобин, трансферрин, ферменттер т.б. тұқым қуалайды.

АВ0 жүйесіндегі қан топтары

көпаллельділікке

және кодоминанттылыққа

мысал

АВ0 қан топтарындағы антигенді анықтаушылар бұлар эритроциттер мен басқа жасушалар бетіндегі олигосахаридтер

АВ0 жүйесіндегі қан топтары

Н олигосахариді бөлігі барлық қан топтарында бірдей

I гені негізгі Н олигосахаридін түрлендіретін ферментті кодтайды

Тест

Адамның қан топтарын (фенотип) 0, А, В және АВ белгілейді

Неге онда, оларды анықтайтын аллельдерін А, В және 0 деп белгілеу дұрыс емес?

I генінің үш аллельі : IА, IВ және i0

IА > i0 IВ > i0

IА, IВ - кодоминанттылық

АВ0 жүйесіндегі қан топтары

Көпаллельділік және кодоминанттылық

Комплементарлық

Эпистаз

Полимерия

Плейотропия

Аллельді емес гендердің

өзара әрекеттесуі

Комплементарлық немесе толықтырушы гендер өз алдына жеке келгенде әсері байқалмайтын, ал егер генотипте гомозиготалы немесе гетерозиготалы жағдайда басқа біреуімен бірге қатар келсе, жаңа бір белгінің дамуына ықпал ететін гендер

КОМПЛЕМЕНТАРЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕСУ

Эпистаз – бір геннің әсерін екінші геннің толық басып тежеуі және оның көрінуіне мүмкіндік бермеуі. Басқа гендердің әсерін басып тастайтын гендерді супрессор (S) немесе ингибитор (I) деп атайды

Полимерия - қандай да бір белгінің көрінуіне бірігіп әсер ететін аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі

1908 жылы Швед генетигі Г.Нильсон – Эле бидай дәні эндоспермінің бояуын анықтайтын, біркелкі әсер ететін гендер тізбегін сипаттады

ПОЛИМЕРИЯ

Р а1а1а2а2 А1А1А2А2

ақ нәсіл қара нәсіл

F1 16 А1а1А2а2

мулат

F2 А1А1А2А2 4 А1А1А2а2, а1а1а2а2

қара нәсіл 6 А1а1А2а2 ақ нәсіл

4 А1а1а2а2

мулат

1/16 14/16 1/16

қара нәсіл мулат ақ нәсіл

Плейотропия ағзаның жеке дамуы барысында кейбір гендердің бір емес, бірнеше белгінің дамуына әсерін тигізуі

Марфан синдромы - плейотропия

Сирек кездесетін генетикалық паталогия, сығырлықтың биік дәрежесі, жүректің ақаулары. ми қан айналымының бұзылушылықтары. Аурудың бірінші сипаттамасын француз педиатры А. Марфан 1896 ж. берді. Аурудың қаңқасында ауытқушылықтар болады, арық және бойлары ұзын, қолдарының және аяқтарының сүйегі ұзарады. Беті жіңішке және созылыңқы болып келеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

1. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесу типтерін зерттеу тұқым қуалау заңдылықтарын түсінуде маңызды роль атқарады

2. Ағзалардың жеке дамуындағы белгілердің қалыптасуы оның генотипіне және ішкі ортаның әсеріне байланысты

3. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі дигибридті будандастырудың нәтижесінде екінші ұрпақтың фенотиптік қатынастарының өзгеше болуына әсер етеді

Есеп №1

Перзентханада 2 баланы ауыстырып алған (Ж және Н). Бірінші ата-аналарының қан тобы I және IV, ал екінші ата-аналарының қан топтары I және III. Анализ нәтижесі бойынша Ж-да I қан тобы, ал Н-да II қан тобы екені анықталды. Балалардың ата-анасын табындар

Есеп №2

Шешесінің қаны резус – теріс, әкесінің қаны резус – оң.

Баласының қанының резус – факторы қандай болуы мүмкін?

Рефлексия

«Құтқару белдемшесі»

Үйге тапсырма

Жанұяда, ата-анасының бірінің қан тобы А, екіншісінікі В және 0 тобына жататын бір бала бар.

Ата-анасының генотипін және жанұяда тағы да қандай қан топтарымен балалар болуы мүмкін болатындығын анықтаңдар.

Р IА i0 × IВ i0

А В

Гаметалар IА i0 IВ i0

F1 i0 i0 IА i0 IВ i0 IА IВ

0 А В АВ

1 : 1 : 1 : 1



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу