Белгілердің тұқым қуалауының цитологиялық негіздері. Дигибридті будандастыру кезінде хромосомалардың тәуелсіз ажырауы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау. Есептер шығару. Биология, 10 сынып, презентация.
Әр елдің сәлемдесу салты бойынша амандасу
Қазақтар – қол алысады
Итальяндықтар – құшақтасады
Бразилиялықтар – бір-бірінің иығын қағады
Зимбабалықтар – арқасымен амандасады
Македониялықтар – шынтақпен амандасады
Жапондықтар – бір-біріне қарап иіледі
Өз жұбыңды тап!
Г. Мендель
У. Бэтсон
Генетика терминін алғаш ұсынған ғалым?
Тұқымқуалаушылық заңдылықтарын зерттеудің негізін қалаған ғалым?
Ажырау заңы:
бірінші ұрпақтағы алынған гибридтерді өзара будандастырғанда, екінші ұрпақта белгілердің ажырауы жүреді. Ажырау арақатынасы фенотипі бойынша 3:1, ал генотипі бойынша 1:2:2:1 тең болады.
Біркелкілік заңы:
бір- бірінен айқын бір жұп белгі бойынша ажыратылатын гомозиготалы дараларды будандастырса бірінші ұрпақта генотипі де, фенотипі біркелкі будандар алынады.
Мендельдің I заңы?
Мендельдің II заңы?
Будан ағзаның гаметасында аллельді гендердің бір-бірімен араласып кетпей, таза күйінде сақталуы.
Бір жұп белгілерінде ғана айырмашылығы бар ата-аналық формаларды будандастыру.
Моногибритті будандастыру дегеніміз не?
Гамета тазалығы дегеніміз не ?
Белгілердің тұқым қуалауының цитологиялық негіздері. Дигибридті будандастыру кезіндегі хромосомалардың тәуелсіз ажырауы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау.
Есептер шығаруСабақтың тақырыбы
Оқу мақсаты
Есеп шығару кезінде дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін, жыныспен тіркес тұқым қуалау белгілерін қолдану
Бағалау критерийі
1. «Белгілердің тұқым қуалауы», «дигибридті будандастыру», «жыныспен тіркес тұқым қуалау» ұғымдарының мағынасын түсіндіре алады;
2. Моногибридті, дигибридті будандастыру, жыныспен тіркес тұқым қуалау есептеріншығарады;3. Есеп шығару кезінде есептің берілгенін, шығару жолын, жауабын дұрыс жазады;4. Генетикалық сызба жасау кезінде генетикалық символдарды дұрыс қолданады;5. Генотип және фенотипін дұрыс көрсетеді.www.themegallery.com
Дигибридті будандастыру
1900 жылы Г.де Фриз екі жұп
қарама-қарсы белгілері бар ата-
аналардан алынған будандарды
дигибридтер деп,
үш жұп белгісі барларды -тригибридтер,
көп белгілері барларды
полигибридтер деп атады
Мендельдің III заңы –
белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңы
Бір-бірінен айқын екі (немесе бірнеше) жұп белгі бойынша ажыратылатын гомозиготалы дараларды будандастырған жағдайда екінші ұрпақта белгілер жұбының тәуелсіз тұқым қуалауы және олардың
ата-аналарына ұқсамайтын жаңа
үйлесімдер түзуі.
Түсі
Пішіні
Доминантты
Рецессивті
А
а
Доминантты
B
Рецессивті
b
♂
♀
G
AABB
X
aabb
F1
Aa Bb
P
AB
Ab
aВ
ab
G
P
♀
X
♂
Aa Bb
Aa Bb
AB
Ab
aВ
ab
♂
♀
AB
Ab
aВ
ab
AABB
AABb
AaBB
AaBb
AABb
AAbb
AaBb
Aa
bb
AaBB
AaBb
aa
BB
aa
Bb
AaBb
Aa
bb
aa
Bb
aa
bb
Фенотипі бойынша ажырау арақатынасы
Моногибридті будандастыруда Ғ2 ұрпақтары ¾ доминантты аллельді, ал ¼ рецессивті аллельді екені белгілі. Дигибридті будандастырудың Ғ2 ұрпағында пайда болған 4 аллельді қарастырайық:
Тегіс (доминантты) ¾
Сары (доминантты) ¾
Бұдыр (рецессивті) ¼
Жасыл (рецессивті) ¼
Осыдан, аллельді гендердің фенотиптегі арақатынасы:
Тегіс сары = ¾ х ¾ = 9/16
Тегіс жасыл = ¾ х 1/4 = 3/16
Бұдыр сары = 1/4 х 3/4 = 3/16
Бұдыр жасыл = 1/4 х 1/4 = 1/16
Тәжірибе кезінде Мендельдің қолданған статистикалық әдісі
Барлығы 556 бұршақ тұқымы алынды.
Сары /тегіс - 315Сары/бұдыр - 101
Жасыл/тегіс - 108
Жасыл/ бұдыр - 32
Егер тұқымның түсі бойынша есептегенде:
сары:жасыл = 416 :140 / 3:1
Тұқымның пішініне қарай есептегенде:
тегіс:бұдыр = 423:133 / 3:1
(3А+1а)*(3В+1в) = 9АВ:3Ав:3аВ:1ав
Фенотип: 9:3:3:1
9-сары тегіс, 3-жасыл тегіс, 3-сары бұдыр, 1-жасыл бұдыр
Генотип: 1:2:1:2:4: 2:1:2:1
1/16 ААВВ - гомозиготалы
2/16 АаВВ - гетерозиготалы
1/16 ааВВ - гомозиготалы
2/16 ААВв - гетерозиготалы
4/16 АаВв - дигетерозиготалы
2/16 ааВв - гетерозиготалы
1/16 ААвв - гомозиготалы
2/16 Аавв - гетерозиготалы
1/16 аавв - гомозиготалы
Генотипі бойынша ажырау арақатынасы
Дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздері
Пішін құрамындағы гендердің хромосомалары түс құрамындағы гендер хромосомаларына сәйкес келмейді, яғни түс аллельді гендерді ұқсас хромосомалардың басқа жұбында болады.
Мейоз кезінде түс гендері бар екі ұқсас хромосомалар пішін құрамындағы гендер хромосомаларына тәуелсіз гаметаларға түсті. Соның нәтижесінде гаметалардағы осы белгілердің мүмкіндігі бар 4 құрамдасы түзілді. Дигетерозигота АаВв мейоз кезінде гаметалардың әртүрлі төрт іріктемесін берді: АВ:Ав:аВ:ав
ЕСЕП №1
Қарбыздың сырты жасыл және жолақ болады, ал формасы жағынан – сопақша және домалақ болып келеді. Сопақша келген жасыл гомозиготалы қарбызды, домалақ жолақ гомозиготалы қарбызбен будандастырған. F1-та домалақ жасыл қарбыздар пайда болған. F2 қандай?
Жасыл түс – А
Жолақ түс – а
Домалақ форма – В
Сопақша форма – в
ЕСЕП №2
Қара көзді (доминантты белгі) солақай (рецессивті белгі) еркек, көк көзді, оңқай әйелге үйленді. Осы семьяда көк көзді, солақай бала туды. Осы аталған адамдардың генотипі қандай?
Қара көз – А
Көк көз– а
Оңқай – В
Солақай – в
Қорытынды:
Екі жұп қарама-қарсы белгілері бойынша ажыратылатын дараларды будандастыруды дигибридті будандастыру деп атайды.
Бір-бірінен айқын екі жұп белгі бойынша ажыратылатын гомозиготалы дараларды будандастырған жағдайда, екінші ұрпақта ата- аналарына ұқсамайтын жаңа формалар пайда болады. Ол – белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңы деп аталады.
КАРИОТИП - ағза жасушалары хромосомаларының барлық (саны, мөлшері, формасы) белгілерінің жиынтығы.
АУТОСОМА -
аталық және аналық ағзадағы жұп хромосомалар
ЖЫНЫС ХРОМОСОМАЛАРЫ-
жынысты анықтауға қатысатын арнайы жұп хромосомалар
Жыныстық хромосомаларда орналасқан гендер арқылы тұқым қуалауды жыныспен тіркесті тұқым қуалау деп атайды. Оны ең алғаш американ биологы Томас Морган зерттеп ашты.
Дрозофила шыбынына тәжірибе жасағанда аналықтарда көздері тек қызыл немесе аталықтарда тек ақ болып шыққан. Сол себепті Морган көздің түсін анықтайтын гендер жыныстық хромосомада болуы тиіс деп есептеді.
Жыныспен тіркесті (гоносомды)
тұқым қуалау
(1866- 1945)
Жынысқа тіркес белгілер
Аутосомаларда болатын гендердің белгілері Мендель заңына бағынады.
Ал тұқымқуалаудың мұндай типі аутосомалы тұқымқуалау деп аталады.
аутосомалар
Жынысқа тіркес белгілер
Жынысқа тіркес белгілер - жыныстық хромосомада болатын гендердің жиынтығы. Y- хромосомада өмірлік маңызды гендер болмайды.(балықтарда керісінше көрнекті фенотиптік белгілер Y- хромосомада )
Y- хромосомада тіркессе, әкесінен ұлына,
ал Х- хромосомамен тіркессе, әкесінен қызына, шешесінен ұлына да қызына да беріледі.
Х - тіркесті тұқым қуалау
Гемофилия. Ұдайы қан ағып, тоқтатуы қиынға соғатын, көбінесе еркектерге тән тұқым қуалайтын ауру. Аурудың негізгі себебі қан ұюына қатысты фактордың жетіспеушілігі. Жарақаттанған кезде немесе тіс жұлғанда адам өміріне қауіп туарлықтай қан тоқтамай ағуы мүмкін. Қанның дұрыс ұюын доминантты Н гені, ұйымауын рецессивті һ гені анықтайды.
ХHХH – дені сау қыз бала
ХHУ – дені сау ер бала
ХHХh – тасымалдаушы қыз бала
ХhУ – гемофилиямен ауыратын ер бала
Николая II жанұясы
Королева Виктория
У- тіркесті белгілер - голандриялық белгілер деп аталады. Олар тек әкесінен ұлдарына беріледі.
Гипертрихоз – құлақ қалқанында
түк өсуі.
Синдактилия – саусақ арасында
жарғақтың болуы.
У - тіркесті тұқым қуалау
Есептер шығару
№1 Әкесі сау, шешесі гемофилия гені бойынша гетерозиготалы болса, отбасының ұрпақтары қандай болмақ?
№2 Шешесі сау, гомозиготалы. Әкесі гемофилиямен ауыратын отбасының ұрпақтары қандай болмақ?
№3 Әкесі дальтоник отбасында ұлының дальтоник болуы мүмкін бе?
Бүгінгі сабақтың мақсатына жеттік пе?
Рефлексия
1.Бүгін біз ... туралы білдік
2 . Бүгін … жақсы іске асты
3. Бүгін … қиын болды
Қолданылған әдебиеттер:
1. Д.Тейлор, Н.Грин, У. Стаут
Биология том 1 Изд. «Мир»,2008
2. Н.Г.Асанов 10 сынып Биология Алматы Атамура 2010 275-285 беттер §34
3. Т.Касымбаева Жалпы биология, Алматы.- Мектеп, 2010 бет 159-163 §37
4. А.В.Теремов Биология, Москва.- Мнемозина, 2010, бет 260- 274 §49
5. Е. Н.Ярошевич. Биология весь школьный курс в таблицах, 343-347 беттер
6. С.Ж.Стамбеков. Генетика 2-басылым Новосибирск,2002
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?