Белгілердің тұқым қуалауының цитологиялық негіздері. Дигибридті будандастыру кезінде хромосомалардың тәуелсіз ажырауы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау. Есептер шығару. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3С: Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Мектеп: Павлодар қаласындағы «химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі»

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Белгілердің тұқым қуалауының цитологиялық негіздері. Дигибридті будандастыру кезінде хромосомалардың тәуелсіз ажырауы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау. Есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.2.4.2 Есеп шығару кезінде дигибридті будандастырудың, белгілердің жыныспен тіркес тұқым қуалауының цитологиялық негіздерін қолдану

 Сабақ мақсаттары

  • «Белгілердің тұқым қуалауы», «дигибридті будандастыру», «жыныспен тіркес тұқым қуалау» ұғымдарының мағынасын анықтау;
  • Мендельдің 3-заңын (тәуелсіз тұқым қуалау заңы) ұғыну;
  • Дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін түсіну.

4. Генетикалық есеп шығаруда символдарды және терминологияларды қолдану.

Бағалау критерийлері

Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді:

  • «Белгілердің тұқым қуалауы», «дигибридті будандастыру», «жыныспен тіркес тұқым қуалау» ұғымдарының мағынасын түсіндіре алады;
  • Моногибридті, дигибридті будандастыру, жыныспен тіркес тұқым қуалау есептерін шығарады;
  • Есеп шығару кезінде есептің берілгенін, шығару жолын, жауабын дұрыс жазады;
  • Генетикалық сызба жасау кезінде генетикалық символдарды дұрыс қолданады;
  • Генотип және фенотипін дұрыс көрсетеді.

 Тілдік мақсаттар

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Генетикалық символдар мен терминдерді есеп шығару кезінде қолданады (жазылым дағдысы)

Пәндік лексика мен терминология

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

генетика

генетика

genetics

ген

ген

gene

генотип

генотип

genotype

фенотип

фенотип

phenotype

будандастыру

скрещивание

crossing

тұқымқуалаушылық

наследственность

heredity

моногибридті

моногибридное

monohybrid

дигибридті

дигибридное

digibrid

ұрпақ

поколение

generation

доминантты

доминантный

dominant

аллельді

аллельный

allelic

гомозиготалы

гомозиготный

homozygous

гетерозиготалы

гетерозиготный

heterozygous

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

  • Оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен өзара әрекеттестіктері сабақтың барлық кезеңдері бойы жүзеге асырылады.
  • Мұғалім мен оқушы бірлесе сабақтың мақсатына жетеді және өзара іс-қимыл нәтижелерін талқылайды.

Өмір бойы оқу

  • Сабақ мақсатын біледі және түсінеді. Алған білімінің неге қажет екенін түсінеді.

Азаматтық жауапкершілік

  • Оқушылар жұмыс орындарын тәртіппен ұстайды

Пәнаралық байланыстар

Генетикалық есептің фенотип пен генотипін анықтау кезінде математикамен байланысады

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны пайдалану, сондай-ақ ғаламтордан қажетті ақпараттарды өздігінен іздеп табу және керегін іріктеп алу арқылы сын тұрғысынан ойлауларын, компьютерді белсенді пайдаланушы дағдыларын дамыту

Бастапқы білім

Тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын өзгергіштік, хромосомалар, мейоз, негізгі генеткалық түсініктер, моногибридті будандастыру туралы алдыңғы білімдері пайдалы болады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

Сабақты ұйымдастыру (оқушылармен амандасу, түгендеу, көңіл-күйлерін білу)

Шаттық шеңбері арқылы сыныпта жағымды орта қалыптастыру

Оқушылар шеңбер жасап тұрады да әр елдің сәлемдесу салты бойынша бір-бірімен амандасады.

Қазақтар – қол алысады;

Итальяндықтар – құшақтасады;

Бразилиялықтар – бір-бірінің иығын қағады;

Зимбабалықтар – арқасымен амандасады;

Македониялықтар – шынтақпен амандасады;

Жапондықтар – бір-біріне қарап иіледі.

ИТ, презентация

1-слайд

3-4 мин

«Өз жұбыңды тап!»

Оқушылар ортадан генетикалық ұғымдарды бір-бірден алып, қазақша-ағылшынша аталуы бойынша жұптасады.

Будандастыру

Crossing

Генетика

Genetics

Фенотип

Phenotype

Гомозиготалы

Homozygous

Тұқымқуалаушылық

Heredity

Тақтадан дұрыс жұптасқандарына көз жеткізіп, ұғымдардың ағылшынша жазылуы мен айтылуына көңіл аударады.

ИТ, презентация

2-слайд

5-8 мин

Ой қозғау:

Миға шабуыл

Мұғалім оқушыларға алдыңғы білімді еске түсіру мақсатында бірнеше сұрақтар қояды:

  • Генетика терминін алғаш ұсынған ғалым? / У. Бэтсон
  • Тұқымқуалаушылық заңдылықтарын зерттеудің негізін қалаған ғалым? / Г.Мендель
  • Мендельдің I заңы қалай аталады? / Біркелкілік заңы
  • Мендельдің II заңы? / Ажырау заңы
  • Моногибритті будандастыру дегеніміз не?
  • Гамета тазалығы дегеніміз не ?

Жаңа тақырыпқа шығу

Осы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын, сабақтың мақсатын мұғаліммен бірге анықтайды.

Оқушыларға сабақ мақсатына жету үшін бағалау критерийлерін ұсыну.

ИТ, презентация, 3-8 слайдтар

9-15 мин

Ұғыну

Мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі (слайд бойынша)

Оқушылар дәптерлеріне қысқаша жазып алып отырады.

ИТ, презентация

9-18 слайдтар, 1-қосымша

16-22 мин

Жұппен жұмыс

Тапсырма: «Дигибридті будандастыруға есептер шығару»

Дескриптор:

  • Есептің сызбасын дұрыс жазады;
  • Генетикалық таңбаларды дұрыс қолданады;
  • Пеннет торын дұрыс толтырады;
  • Генотип және фенотип қатынастарын дұрыс көрсетеді
  • Есепті дұрыс шығарады.

Өзара бағалау. Кері байланыс

ИТ, презентация

19-20 слайдтар

23-25 мин

Сұрақтарға жауап беру арқылы қорытындылау:

Дигибридті будандастыру деген не?

Мендельдің тәуелсіз тұқым қуалау заңын қалай түсінесің?

ИТ, презентация

21-слайд

26-30 мин

Жыныспен тіркес тұқым қуалау туралы мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі (слайд бойынша)

ИТ, презентация

22-30 слайдтар

31-35 мин

Жұппен жұмыс

Тапсырма: «Жыныспен тіркес тұқым қуалауға есептер шығару»

Дескриптор:

  • Есептің сызбасын дұрыс жазады;
  • Генетикалық таңбаларды дұрыс қолданады;
  • Ауруға байланысты X, Y мәндерін дұрыс белгілейді;
  • Есепті дұрыс шығарады.

Өзара бағалау. Кері байланыс

ИТ, презентация

31-слайд

36-40 мин

Кері байланыс.

  • Бүгінгі сабақтың мақсатына жеттік пе?

Рефлексия

  • Бүгін біз ... туралы білдік
  • Бүгін ... жақсы іске асты
  • Бүгін ... қиын болды

Үйге тапсырма

Бүгін сабақта шығарылған есептерді үйде бекіту.

Бейнежазбалар көру https://twig-bilim.kz/kz/list/biology/cells-and-dna/genetics

ИТ, стикер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылардан қосымша тереңдетілген сұрақтарға жауап беру сұралады

Қабілеті төмендеу оқушыларға жауап беруде ақпаратты қолдану рұқсат етіледі

Өздік жұмыстар

Жеке және жұптарды өзара бағалау

Интербелсенді тақтаны 10 минуттан артық қолданбау ескеріледі.

Биология кабинетінде қауіпсіздік техникасының ережелерін естен шығармау керектігі ескертіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу