Белгілердің тұқым қуалауындағы цитологиялық негіздер. Дигибридті будандастыру кезіндегі хромосомаларды тәуелсіз бөлу. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


 Иоганн Грегор Мендель (1822-1884 ж.ж.). Тұқымқуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеудің ғылыми негізін қалады; 1822ж Гинчица шағын қыстағында дүниеге келді; 1843ж Чехословакияның Брно қаласында Августин монастырында тыңдаушы болды; Вена университетіне түсіп, 2 жыл жаратылыстану-математиканы оқып үйренеді; 1856ж монастырьға келіп, монах қызметін атқарады.

 Заңдары: 1) Бір-бірінен айқын бір жұп белгі бойынша ажыратылатын гомозиготалы дараларды будандастырса, бірінші ұрпақта генотипі де, фенотипі де бірдей будандар (ұрпақ) алынады (Менделдің біркелілік заңы, 1 – заң). 2) Екінші ұрпақта ата-аналарының екеуіне де тән белгілердің көрініс беру заңдылығын ажырау заңы деп атайды (Мендельдің ІІ заңы). 3) Тәуелсіз тұқым қуалау (тәуелсіз комбинациялану) заңы немесе Мендельдің үшінші заңы баламалы белгілердің әр жұбы ұрпақтарға бір-біріне тәуелсіз тарайды, сондықтан 2-ұрпақта белгілі бір сандық қатынастықта белгілердің жаңа комбинациялары бар дарабастар пайда болады.

Генетика – тұқымқалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым.

Тұқымқуалаушылық – тірі ағзалардың өз белгілері мен даму ерекшеліктерін ұрпағына беру қабілеті.

Өзгергіштік деп организмдердің даму онтогенезінде жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болу қабілеттігін айтады.

Ген - хромосоманың (немесе ДНҚ-ның) белгілі бөлігінде орналасқан тұқымқуалау ақпаратының генетикалық өлшем бірлігі.

Локус – ген орналасқан хромосома аймағы, орны.

Гомологты хромосомалар – пішіні, өлшемі, гендер жиынтығы бойынша бірдей ұқсас, жұп хромосомалар.

Бірінші ұрпақта басымдық қасиет көрсетіп, бірден жарыққа шығатын белгіні доминатты, көрінбей қалған белгіні рецессивті деп атайды.

Қарама-қарсы (баламалы, мысалы жасыл және сары, кедір-бұдыр және тегіс) белгілерді анықтайтын және гомологты хромосомалардың әбірдей локустарында орналасатын жұп гендер аллельді гендер деп аталады. Осы жұптың әр гені аллель деп аталады.

Аллельді емес гендерәр түрлі нәруыздарды кодтайтын және хромосомалардың әр түрлі аймақтарында орналасатын гендер.

Генотип деп ата-аналардан алынатын гендердің толық жиынтығын айтады. Генотипіне қарай организм гомозиготалы және гетерозиготалы болуы мүмкін.

Гомозиготалы деп тек бірыңғай доминантты (АА) немесе рецессивті (аа) аллельдерден тұратын организмді айтады.

Гетерозиготалы керісінше әртүрлі (Аа) аллельдерден тұратын организмді атайды.

Фенотип деп организмге тән ішкі және сыртқы белгілердің жиынтығын айтады, яғни тұқымның түсі, пішіні, сабақтың биіктігі, көздің қара немесе көк болуы және т.б.

Генетикалық символдар

  • ата-ананың белгісі

-аталық белгі

-аналық белгі

G - гаметалар

аа -рецессивті белгі бойынша гомозигота

АА- доминантты белгі бойынша гомозигота

Аа -гетерозигота

F1,2,3... ұрпақтар

Х-шағылыстыру (будандастыру) белгісі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу