Белгілердің тұқым қуалауындағы цитологиялық негіздер. Дигибридті будандастыру кезіндегі хромосомаларды тәуелсіз бөлу. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 4

Үй жұмысына арналған есептер

Тапсырма 1 (1-нші деңгей)

Мысықтар:

ХВ - сары түсті тері,

Хв - қара,

Y – түсті гені болмайды

ХВ Хв - тасбақа түсті

Гетерогаметалы ерлер (ХY)

Қара мысықтан үш түсті марғау туды. Оның жынысы қандай? Бұл марғаудың әкесі қандай түсті? Бұл жұптан пайда болған марғаулары қандай болуы мүмкін? Ата-аналар мен ұрпақтардың генотиптері мен фенотиптерін анықтаңыз.

Тапсырма 2 (2-деңгей)

Адамда дальтонизм ауруы рецессивті және Х хромосомасында орналасқан, ал дұрыс көру доминантты белгі болып табылады. У хромосомада мұндай ген жоқ.

Анасы дальтоник ал әкесі түстерді ажырататын отбасында түстерді дұрыс ажырататын балалардың туу мүмкіндігі қандай ? егер балалары дальтоник болса, онда қайсылары: ұлдары ма, қыздары ма? Есептің шығарылу жолын көрсетіңіз.

Тапсырма 3 (3-деңгей)

Тауықтарда жолақты түс Х хромосомасында орналасқан және ол басым. Рецессивті аллель қара түспен берілген. У хромосомада мұндай ген жоқ. Пайда болған ұрпақтағы барлық тауықтар қара ал әтештер жолақты болуы үшін қандай тауық пен әтешті будандаастыру керек?

Тапсырма 4 (4-деңгей)

Адамда тері пигментациясы аутосомада орналасқан, жыныспен тіркеспеген, ал қанның ұюы Х хромосомада орналасқан және жыныспен тіркескен:

А – терінің қалыпты түсі

а – пигменттердің болмауы (альбинос)

ХН – қанның дұрыс ұюы

Хh – гемофилия

Y – ген жоқ

Екі белгі бойынша қалыпты адамдардың баласы альбинос әрі гемофилиямен ауыратын болып туды. Бұл отбасында гемофилия ауруы жасырынған альбинос балалардың туу мүмкіндігі қандай ? олардың жынысы қандай ?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу