Белгілердің тұқым қуалауындағы цитологиялық негіздер. Дигибридті будандастыру кезіндегі хромосомаларды тәуелсіз бөлу. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3BТұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары | Мектеп: | ||||||||||
Күні : | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Белгілердің тұқым қуалауындағы цитологиялық негіздер. Дигибридті будандастыру кезіндегі хромосомаларды тәуелсіз бөлу. | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Оқушылар: - дигибридті будандастыру; жыныспен тіркескен тұқым қуалау мен көп аллельділіктің цитологиялық негіздерін есептер шығаруда қолдану | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - белгілердің тұқымқуалауының цитологиялық негіздері - есептерді шығаруда дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін қолдану | ||||||||||
Жетістік критерийлері | Оқушылар: - сәйкес терминологияны пайдалана отыра дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін түсіндіреді; - есептерді шығаруда дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін қолдану | ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Тілдік мақсаттар Оқушылар тұқымқуалау ақпаратының тасымалдауын ауызша және жазбаша түсіндіре алады. Өздерінің жасуша, хромосома туралы білімдерін қолдана алады. Пәндік лексика және терминология тұқымқуалаушылық, өзгергіштік, жасуша, ядро, хромосома, дигибридті будандастыр, ген, жыныс, гомогаметалық, гетерогаметалық. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы Жұп гендер орналасқан … Гаметаларда …хромосомаларжиынтығыболады Дигибридті будандастыруда F1 байқалады… , ал F2 - … | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ұжымда жұмыс жасау, басқалардың көқарасымен санасу, бір-біріне деген құрметті тәрбиелеу | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика – қатынасты есептеу | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет желісімен жұмыс жасау | ||||||||||
Бастапқы білім | Көбею 6, 7, 8 сыныптар; Генетика негіздері 9 сынып. | ||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 0-1 мин 1-4 мин 4-5 мин | Оқушылармен амандасу. Ұйымдастыру кезеңі. Білімді жинақтау. Миға шабуыл. «Жуан» және «жіңішке» сұрақтар. Оқушылар белгілері екі жұп (жасыл / сары және тегіс / мыжылған бұршақ тұқымдар, қызанақ, қоңыр / қара түсті және ұзақ / қысқа аң жануарлар сары / қызыл және дөңгелек / алмұрт тәрізді болып келген өсімдіктердің суреттері көрсетіледі.
Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы, мақсаты және жетістік критерийлері тұжырымдалады. | РРТ | |||||||||
Сабақтың ортасы 5-10 мин 10-12 мин 12-17 мин 17-23 мин 23-28 мин 28-36 мин 36-38 мин | (К) (ФО)Оқушыларға есептерді шығаруды ұсыныңыз Теңіз шошқасында үлпілдек жүн (R) тегіс жүнге қарағанда басым. Үлпілдек жүнді шошқаны тегіс жүнді шошқамен будандастырғанда 18 үлпілдек және 20 тегіс жүнді ұрпақ берді. Ата-аналар мен ұрпақтың генотиптері қандай? Олардан тек тегіс жүнді дарақтар болуы мүмкін бе ? Бағалау критерийлері:
(К/И) (ФО)Оқушылардан тұқымқуалау белгілерін сипаттайтын терминдер мен заңдар тізімін сұраңыз. Оқушылар «жұлдызды сәт» ойыны арқылы генетикалық түсініктерді қайталайды. Оқушы сабақ тақырыбы бойынша білетін барлық нәрселерді тоқтатпай сөйлейді, егер ол тоқтаса, басқа оқушы бұрын айтқандарын қайталамай-ақ, сыныптастарының айтқанын жалғастырады. (Д) оқушыларға дигибридті будандастыру жөнінде бейнебаян көруін ұсыныңыз (И) Оқушыларға дигибридті будандастыру бойынша бірнеше есептерді шығаруға ұсыныңыз. Тапсырма 1. Ұзын жолақты жемістері бар қарбызды дөңгелек жасыл жемістері бар қарбызбен будандастырғанда ұзын жасыл және дөңгелек жасыл жемістері бар ұрпақты алды. Дәл осындай қарбызды (ұзын жолақты жемістері бар) дөңгелек жолақты жемісі бар қарбызбен будандастырғанда дөңгелек жолақты жемістері бар ұрпақ алды.
Тапсырма 2. Қара айдарлы әтеш дәл сондай тауықпен шағылыстырылды. Олардан 20 балапан алынды: 10 қара айдарлы, 5 қоңыр айдарлы, 3 айдарсыз қара және 2 айдарсыз қоңыр. Ата аналар мен ұрпақ генотипін анықтап, белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын анықтаңыз. Екі белгінің гендері тіркес емес, доминантты белгі - қара жамылғы (А), айдардың болуы (В). Өзара/өзін-өзі бағалау. Мұғалім тақтаға есептің дұрыс шешімі мен жауабын тақтаға шығарады. Оқушылар өздері бағалау жүргізеді. (К) Оқушыларға жыныспен тіркес тұқымқуалауды түсіндіруді ұсыныңыз (И) (ФО)Оқушыларға жыныспен тіркес тұқым қуалауға есептер шығаруды ұсыныңыз. Өзара/өзін-өзі бағалау. Мұғалім тақтаға есептің дұрыс шешімі мен жауабын тақтаға шығарады. Оқушылар өздері бағалау жүргізеді. | Қосымша 1 РРТ Қосымша 2 https://www.youtube.com/watch?v=vFf2y2SH8BMнемесе https://www.youtube.com/watch?v=dpAoHcT96soдигибридті будандастыру Қосымша 3 Қосымша 4 Қосымша 5 РРТ | |||||||||
Сабақтың соңы 38-39 мин 39-40 мин | Үй тапсырмасы
1)Екі қысқа жүнді қояндарды өзара шағылыстырғанда екі түрлі ұрпақ дүниеге келді: қара қысқа жүнді және ақ ұзын жүнді. Қай белгілер рецессивті, ал қайсысы доминантты ?Ата-аналар мен ұрпақтың генотипін анықтаңыздар. 2)мысықтар: ХВ-жүннің қызыл түсі, Хв - қара, Y-рең гені жоқ, ХВ Хв-жолақты бояуы. Гетерогаметны еркектері (ХУ) Қара мысықтан үш түсті мысық дүниеге келеді. Оның жынысы қандай? Бұл марғаулардың әкесі қандай түсті? Бұл жұпта тағы қандай мысықтар туылуы мүмкін? Ата-аналар мен ұрпақтардың генотиптері мен фенотиптерін анықтаңыз. Рефлексия: «жетістік баспалдағы » | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Барлық оқушылар A деңгейіндегі мәселелерді шешу кезінде белгілердің тәуелсіз тұқымқуалауын көрсете алады. Көптеген оқушылар B деңгейінің мәселелерін шешуде дигибридтік будандастырудың цитологиялық негіздерін қолдана алады.Кейбір оқушылар D деңгейіндегі мәселелерді шешуде тиісті терминологияны қолдана отырып, дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін түсіндіре алады. | Миға шабуыл сатысында мұғалім жуан және жіңішке сұрақтар арқылы оқушылардың бастапқы білімдерін анықтайды. Бірінші есепті шығару кезінде бағалай алады. Оқушылардың өзара/өзіндік бағалаулары есептерді шығару кезінде жүргізіледі | Биология кабинетінде қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? 1: 2: |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?